Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Болмыс туралы ілім

Неотомизм философиясының негізгі бөлімі онтология (болмыс туралы ілім) болып табылады. Оның пәні мен негізгі категориясы – болмыс біржақты ғана түсіндірілмейді. Неотомизм табиғаттан тыс құбылыстың барлығын мойындаудан және материалды (біріншіге қатысты екінші орында тұратын материалды әлем) дүниені танудан келіп шығады. Неотомизм ілімі бойынша, болмысқа анықтама беру мүмкін емес. Теологтар үшін болмыс – ол туралы тек тіршілікке ие екендігі жөнінде айтуға болатын “абсолютті алғашқы ұғым”. Бір жағынан, неотомистік интерпретацияда /түсіндіруде/ болмыс материалды және материалды емес объектілердің жалпылама қасиеттерінің абстракциясы ретінде көрінеді ("Болмыс деп біз мүмкіншіліктегі кез келген тануға болатын объектіні атай аламыз” - дейді әйгілі католиктік теолог К.Ранер /1/). Енді бір жағынан – оны Құдай (Абсолютті Болмыс) ретінде де танимыз. Сондықтан неотомизм онтологиясы табиғи құбылыстардың қасиеттері туралы ілім ретінде де, Құдай болмысы туралы ілім ретінде де көрініс табады.

Неотомистік онтологиядағы кез келген нақты болмыс - адамзаттық тәжірибеде көрінетін “бар екендігі белгілі әлдене”. Оның құрылымында мәнділікті (еns), яғни ненің арқасында әлгінің бар болатындығын немесе уақыт өте бірдеңеге айналатындығын және тіршілік ету актісінің өзін (esse) анықтау керек. Болмысты әлеуетті немесе нақты субстанция ретінде қарастыра отырып, оны оның тіршілік етуіне байланысты талдау қажет, себебі кез-келген жаратылған болмыста тіршілік мәнділіктің алдында тұрады; ал тек Құдайда ғана мәнділік пен тіршілік өзара сәйкес келеді.

Кез келген болмыстан Құдай болмысының айырмашылығы сонда ол туралы ол “бірдеңе” болып табылады деуге болмайды. Ол жай ғана “бар”. Әрбір болмыстың тіршілік етуінің себебі ретінде ол “Таза мән” және “Таза тіршілік ету” болып табылады.

“Дүниедегі болмыс” (нақты жаратылған болмыс) әлеуеттіден (ол дегеніміз мүмкіндік немесе “таза болмыс”) және актіден (шынайылықтан) тұрады. Әлеуеттің болуы өзгеру мүмкіндігін білдіреді, қандай да бір анықталған түрде көрінуді білдіреді, ал акт дегеніміз бар әлеуетті жүзеге асыру. Дүниедегі болмыс актісі себеп иерархиясы арқылы анықталады: материалды, формалды, әрекетті және мақсатты себептер бар. Бастапқы екі себеп заттардың өзінде болады. Ал басқалары олардан тыс жатыр. Материалды себеп, барлық материя сияқты, өзінің сапалы және сандық анықтығынан айырылған; ал формалды себеп – материяның нақты анықтыққа ие болу принципі ретінде көрінеді; әрекетті себеп - материя мен форма түріндегі қандай да бір қозғалысты тудыратын, содан кейін қандай да бір жаңаны қалыптастыратын анықталған субстанцияны білдіреді. Мақсатты себеп – бар себепті жүзеге асыру тәсілін анықтайды, ол Құдай жоспарының нақты бағыты барлығы туралы куәландырады.

Қоршап тұрған дүниенің көптүрлілігін неотомистер гилеморфизм (грек. “гиле” - материя және “морфе” - форма) идеясы көмегімен түсіндіреді немесе материя мен форманың байланысының өзіндік ерекшелігімен түсіндіреді. Біріншісі, олар үшін - метафизикалық тұрғыдан түсіндірілген мүмкіндік, екіншісі – шындық.

Материя – бұл анықталмаған, қалыпсыз және енжар, өздігінен қозғалуға және өздігінен тіршілік етуге қабілетсіз әлеует. Анықталған субстанция болу үшін, мүмкіндіктен шындыққа айналу үшін, жалпы, өмір сүру үшін, материяға одан тыс жерден табылатын себептің болуы қажет. Жоғарыда көрсетілген төрт себептің әсерлерінің нәтижесінде форма мазмұнын - субстанциясын айқындайды.

Гилеморфиялық түсіндіруде Құдаймен жаратқанның барлығы болмыс иерархиясы деп аталынатынды құрастырады. Материя және формамен сипатталатын бірінші объектілер – минералдар. Органикалық емес дүниеден жоғары өлетін жанға ие жануарлар мен өсімдіктер, адам және "таза рухтың" - періштелердің тоғыз хоралары тұрады. Адам да, кез келген болмыс сияқты, потенция мен акт, материя мен форма бірлігінен тұрады. Адамзаттың өлмейтін жаны – бұл адам болмысын анықтайтын форма.

Жан мен тәннің өзара қатынасының гилеморфикалық түсінігі неотомистік метафизиканы және антропологияны постплатондық метафизика мен неоавгустиндік антропологияға қарсы қояды. Ал Августиннің ізбасарлары үшін жан – тәнге тәуелсіз субстанция, неотомистер үшін ол – органикалық тәннің бірінші акті. Тән неотомистердің тұжырымдамасында жанның субстанционалды “көріну түрі”, яғни, жан тек сонда ғана өзінің нақты шындығын табады; жанның өзін жүзеге асыруы оның материалды тасымалдаушысының делдалдылығынсыз еш мүмкін болмақ емес; неғұрлым келтірілген өзін өзі жүзеге асыру толығырақ болса, яғни адам көп деңгейде руханилылыққа қол жеткізсе, соншалықты көп көлемде жан оның тәнінде нақтыланады. Осыдан келіп, тәннің “басқаларға ашық” болуы шығады және, керісінше, жан тәндік дүниеде адамның бірлескен болмысы қаншалықты тәндік адаммен бірге дамитын болса, сондай күйде жан өз өзін жүзеге асырады.

Жан мен тән симбиозы неотомистер үшін кездейсоқ нәрсе емес, керісінше, қажетті, субстанционалды. Адами болмыста жан мен тәннің өзара қатынасын осылайша тұжырымдау неотомизмнің жақтаушыларына католиктік философиялық-теологиялық ойлар концепциясынан аулақ болуды мүмкін етті. Олар қазіргі дүниенің “тәндік”, “опасыз” мәселелеріне белгілі бір жаратпай қараушылық танытады. Сол сияқты, неотомизм өзінің назарын сенушілердің жеке өмірінің рухани аспектілеріне жиі аударатын, сөйтіп, католицизмнің күнделікті қоғамдық өмір аясының мұң-мұқтаждықтарына айналып қалу қажеттілігінен аулақ болуды қалады.

Құдай болмысының оның жаратқан дүниесінің болмысымен қатынасы туралы сұрақты неотомистер Құдай мен дүние аналогиясын мойындау арқылы шешеді. Олар Құдай және Құдай өзі жаратқан әлем не бірдей де, не қарама-қарсы да табиғатқа ие емес. Олар – бір біріне аналогтар. Осының негізінде әрбір болмыстың қасиеті бойынша Құдай қасиеті туралы белгілі бір түсінік қалыптастыруға болады.

Онтологияның кез келген категорияларының ашылуының Құдай болмысын негіздеу сияқты мақсаты бар екендігіне қарамастан, неотомистер бұған келіп шектеліп қалмай, Құдайдың бар екендігінің арнайы дәлелдемесін беруді өз онтологиясының маңызды бөлігі деп қарайды. Олар Ф.Аквинскийдің тұжырымдап өткен аргументтерін қайталайды: дүниедегі қозғалыстардың бар болуынан өзі қозғалмайтын алғашқы қозғаушының бар екендігіне дейін; әрбір заттың себепті түрде шартталғандығынан алғашқы себептің бар болуына дейін; заттардың кездейсоқтығынан абсолютті қажеттінің мәніне дейін; заттардың кемел дәрежесінің жіктелуінен абсолютті кемелденуіне дейін; табиғаттағы мақсатқа сәйкестіктен табиғаттан тыс ақылды тіршілік иесінің өмір сүруіне дейін – осы мақсатқа сәйкестіктің көзі.

Құдай болмысының дәстүрлі дәлелдеуімен қатар, неотомистер соңғы жылдары тұлғаның экзистенциалды тәжірибесіне және адамның теономиялық бастапқы идеясына негізделген дәлелерге сүйенеді.

Таным теориясы

Ф.Аквинскийдің шәкірттері, дәлірек атап айтқанда, солардың таным теориясы неотомизм философиясын реализм деп атауға мүмкіншілік береді деп есептейді. Бұған негіз ретінде адамнан тәуелсіз шындықтың бар болуы мен оның танылу мүмкіндіктерін оның мойындауы болып табылады, сондай-ақ таным процесін түсінудің субъективті-идеалистік сыны да қарастырылады.

Объективті шындықты мойындау, расында да, неотомизмнің таным теориясының негізгі алғышарты болып табылады; ол таным процесіндегі тәжірибенің маңызын анықтайды, өйткені, тек қана тәжірибелік жолмен ғана адам өзінің ең қарапайым деген түсініктерін қалыптастырады. Бірақ, тәжірибе заттың материалды емес мәні жайында еш мағлұмат бермейді.

Таным процесін неотомистер субъект пен субъектінің өзара қатынасы ретінде анықтайды. Субъект болып адамның өлмейтін жаны, ал объект болып заттың мәні: формасы, идеясы алынады. Осылайша, адам материалды объектінің өзін емес, ондағы бар идеалды мәнді танып біледі. Материя неотомистік гносеологиядан түсіп қалып отыр. Оның үстіне, формасы жоқ әрі инертті материя, демек, өзін дамытудан құр қалған материя ізденіс объекті емес, ендеше, таным процессінің міндетті шарты болып материяға бостандық беру (форманы дематериализациялау) табылады.

Таным процесі келесідей көріністе болады. “Сыртқы болмыстардың” адамның сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде оларды тану және бағалау процесіне екі түрлі ақылға – белсенді ақылға және белсенді емес, енжар ақылға жүгінетін мәңгі жан қосылады. Белсенді ақыл сезімдік түйсіктерден абстрактілі танымдық формаларды – адам мен заттар арасындағы өзінше бір делдал болып келетін заттардың сезімдік ұқсастықтарын алады. Жаңашыл томистер species деп атайтын бұл танымдық формалар Фома Аквинский терминологиясы бойынша “біз көріп тұрған нәрсе емес”, “біздің соны көре алуымызға арналған құрал”. Белсенді ақылға қосылған белсенді емес ақыл species негізінде адамда “табиғи” танымның нәтижесі болып табылатын ұғымдардың, сөздердің, заттардың бейнесінің пайда болуына ықпалын тигізеді. Нақты заттарды тану мүмкін, өйткені “делдал” – species форманың материядан босап шығуына әсер етеді. Осының арқасында заттың мәні адам санасына түсінікті бола бастайды, яғни сана заттың материалдық емес формасын қабылдай алады деген сөз.

Жаңа томизмнің таным теориясы ақиқаттың онтологиялық және логикалық түрлерін ажыратады. Егер біріншісі – заттың Құдай ақылының пиғылына сәйкес келуінің жемісі болса, екіншісі - адамның танымдық әрекетімен, оның субъективтілігімен байланысты. Логикалық ақиқат болмыс жөніндегі пікірлер мен тұжырымдамаларда көрініс табады; пайым, католиктік теологтардың пікірінше, құдайдың өзі жаратқан заттары жөніндегі пиғылын ашып көрсеткен жағдайда ғана ақиқат бола алады. Онтологиялық ақиқат (болмыс ақиқаты) – болмыстың өз табиғатына сәйкес келуі; мұндай ақиқат трансценденталды ақиқат болып келетіндіктен жаңа томизмде ол “құпия” деп аталады.