Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

2. Психологиялық алғы шарттар

Дiннiң психологиялық алғы шарттары – дiндi туындату және меңгеру үшiн қолайлы психологиялық негiз, мүмкiндiк жасайтын жағдайлар, процесстер, қоғамдық, топтық және жеке адам психологиясының механизмдерi. Бұл факторлар социумдық негiзiнде, гносеологиялықпен байланыста әрекет етедi. Қоғамдық-психологиялық және дербес-психологиялық алғы шарттар ажыратылады. Бұл ажырату шартты түрде ғана: қоғамдық және топтық психология феномендерi жеке дербестiктен тыс болса да, олар жеке адамдардың психологиясы арқылы көрiнiс табады.

Қоғамдық-психологиялық алғы шарттар

Дiннiң қоғамдық-психологиялық алғы шарттары қоғам мен топтардың психологиясының феномендерін құрайды. Оларға: қоғамдық-психологиялық атмосфераның дағдарыстық жағдайлары, қатынастың құбылмалы сипаты, қоғамдық және топтық пiкiр, сендiру, елiктеу, психикалық жұқтыру механизмдері, дәстүрлер, салттар және т.б. жатады.

Қоғамдық-психологиялық атмосфераның дағдарыстық жағдайлары өткен мен қазiргiден түңiлу, болашақты үреймен күту көңiл-күйлерiнен, тарихи жадының тауқыметтiлiгiнен, қоғамдық және топтық идеалдардың бұзылғандығынан, қоғамдық әдептiлiктiң құлауынан, бұқаралық және топтық үрей мен қайғы-қасiреттен және т.б. көрiнедi.

Қатынас - қоғамдық қатынастардың жекеленген формасы, адамдардың маңызды қажеттiлiктерiнiң бiрi. Адамның адамнан жаттанған жағдайларда қатынастың дисгармонизациясы орын алады, қатынас құбылмалы формаға енiп, заттық қатынастармен жанасады. Дiни қатынасқа деген психологиялық бейiмдiлiк жасалады.

Дiннiң қоректендiрушi өзегiн қоғамдық және топтық психологияның жете түсiнiлмеген құбылыстары құрайды. Жете түсiнiлмеген аспектiлер хабарлама, сендiру, елiктеу, өзара жұқтырудың қоғамдық-психологиялық механизмдерiнде, қоғамдық және топтық пiкiрде, дәстүрлер мен салттарда болады.

Бiрге әрекеттесуден шығатын қатынас топтық психологиялық құбылыстарды туындатады. Адамдардың психологиясында өзгерiстер орын алады, индивидтер топтан тыс әрекет еткенде, оларға тән емес ұжымдық түсiнiктер мен күйзелiстер пайда болады. Ұжымдық әрекет неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi, жұмысты жеңiлдетедi, психологиялық шиеленiстi жояды, өмiрлiк энергияны тудырады.

Қоғамдық-психологиялық феномендер – ұжымдық түсiнiктер мен күйзелiстер, топтық пiкiрлер, нормалар мен құндылықтар – индивидуумға қатысты алғанда бұйрықты сипатта және оның еркi мен санасынан тыс оған зорлап таңылады, олардың пайда болу факторлары жеке адамдық психологиядан тыс және тұлғаға сырттай әсер етедi. Бұл феномендерде образ эмоциялық-моторлық элементтермен тұтасқан, сондықтан да арнайы саналы-интеллектуалдық өңдеудiң өнiмi болып табылмайды. Қоғамдық-психологиялық процесстер жеке-адамдықтан тыс, адамға “жоғарыдан” берiлген, оны әдеттегi, күнделiктi өмiр шеңберiнен шығаратын бiрдеме деп түсiнiледi.

Жеке тұлғалық-психологиялық алғы шарттар

Жеке тұлғалық-психологиялық факторлар жеке адам психологиясында әрекет етедi. Бұл - басқа адамдардан жан-жақты тәуелдi болу күйзелiсi, психика мен тұлғалық қасиеттер механизмiнiң берiлгендiгi, жеке қасiрет шегу және қайғы (айықпайтын дертке, жақын адамының қазасына байланысты), өлiмнен қорқу, тұлғаның рухани құлдырауы, жалғыздық мен тасталғандық сезiмдерi, индивидтiң өзi түсiп қалған дағдарыстық жағдаятта тығырыққа тiрелгендiгiн сезiнуi, авторитеттерге табынуға, ерiк пен шешiмдiлiк танытуға бейiмдiлiк, ойлаудың сiресiп қалған таптаурындары (стереотип).

Адамдардың бiрге өмiр сүруi олардың бiр-бiрiне деген көп жақты тәуелдiлiгiн тудырады. Осы бiр адамның қажеттiлiгiн қанағаттандыратын заттар басқалардың билiгiнде болады. Қолдаусыз қалаған әлеуметтiк беделге жету мүмкiн емес. Жеке адам қоршағандардың қамқорлығын қажетсiнедi, жалғыз өзi жасай алмайтын iстерде олардың тарапынан көмек күтедi. Қасiрет шегу, қайғыру, ауырғанда, сәтсiздiктер мен жеңiлiстерге ұшырғанда жұбату аса қажет етiледi.

Дiннiң психологиялық негiзiн табиғат пен қоғамның қиратушы күштерiнiң алдында тұрақты, үздiксiз болатын қорқыныш сезiмi құрайды. “Қорқыныш құдайды жасады”, - деп ежелгi римдiк ақын Стаций (шамамен 40-96 жж.) айтқан.

Қорқыныш шынайы қауiп-қатерге табиғи реакция, мазасыздық белгiсi болып табылады, бiрақ бұл ауыр, жағымсыз сезiм, басқа эмоциялармен салыстырғанда, ол адамды неғұрлым қатты жейдi. Күштi, тұрақты, қатқан қорқыныштың қиратушы күштерi бар: ақиқатпен тiрi байланысты әлсiретедi, сезiну мен қабылдауды бұрмалайды, дерттi қиялды қоздырады, ойды шырмайды, назарды әлсiретедi.

Бұл жағдайларда жеңiлмейтiн, жойылмайтын дәрменсiздiк, тәуелдiлiк сезiмдерi қорқыныш, торығу сезiмдерiн қамтитын психологиялық кешендi және сонымен бiрге жақсылыққа үмiт артуды, бөгде күштердiң езгiсiнен құтылуды тудырады. Нағыз толық құтылудың мүмкiн еместiгi рухани құтылу iзденiстерiне әкеледi. Көрiну, пайғамдарлық пайда болады, оларда апокалипсистiк көңiл-күйлердiң орнына салтанатты толықтыру келедi.

Дiншiлдiктi азықтандыратын эмоциялардың арасынан өлiмнен қорқу эмоциясы үлкен орын алады. Адамға өзiн-өзi сақтауға деген талпыныс, өмiрiн ұзарту ниетi тән. Бейболымға (небытие) деген қатты жек көрушiлiк, өлiмнен - тәндi азаптайтын және туысқандардың, жақын адамдардың, достарының өлiмiне байланысты рухани қасiрет шектiретiн процесстен қорқу индивид психикасын қатты, жанши отырып әсер етедi. Әрине, ол мұндай көңiл-күйлерiнен құтылуға талпынады. Бiрақ индивид өлетiнiн бiледi және өлiм алдында қорқыныш сезiмiн түзету үшiн жанның өлмейтiндiгiне сене алады.

Жеке тұлғалық психологияда, қоғамдық және топтық психологиядағы секiлдi, өзiнен-өзi шығатын, жете түсiнiлмеген құбылыстар кездеседi. Жеке тұлғаның қалыптасуы адамның өмiрiнiң бiрiншi күндерiнен-ақ басталады және адамға байқалмай өтiп жатады. Адам өзiндiк санасы бар тұлғаға айналғанда, ол өзiнiң бойынан ойлау, сезiмдер, ерiктi дайын болған күйiнде табады. Адам өзiнiң өмiрiнiң не басы, не аяғына билiгi жүрмейтiнiн, саналы екенiн, бiрақ санаға санасыз келгенiн, өз еркiнен басқа да ерік бар екенiн және т.б. аңғарады. Индивид психологиясының құрылымы, оның қозғалыс механизмдерi қоғамның әсерiмен қалыптасады. Қалыптасып болған соң, бұл механизмдер салыстырмалы түрде дербестiк алады және қоршаған адамдармен тiкелей қатынастың жоқ кезiнде ғана емес, сондай-ақ индивидтiң еркi мен санасы қатыспаған кезде де әрекет ете алады, өздiгiмен және санасыз түрде iске аса алады. Интуициялар, нұрланулар, көрiпкелдiкте санасыз және өздiгiмен болатын сезiмдер көп. Жете түсiнiлмеген, өздiгiнше болатын процесс жасырын болып келедi, оның нәтижесi дайын, берiлген дүние ретiнде түсiнiледi.