Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Тарау-хііі православие философиясы

Православие философиясы бастапқыдаВизантияда кеңінентаралды. Ол христиандықтың шығыстық түрін бекіту жолындағы күрес барысында және діннің орталық принциптерін негіздеу барысындағы күресте танылған болатын. Патристикаға, платон-аристотельдік дәстүр мен ареопагитиктердің мистикасына сүйене отырып, оның көрнекті өкілдері – Иоанн Дамаскин (675-753 ж. шамасы), патриарх Фотий (820-891 ж. шамасы) христиандық көзқарастардың бүкіл жиынтығын кешенді түрде аристотельдік қисын талаптарына сай ашып көрсетуге талпынады.

Ондағы басты мақсат – христиан діни сенім негіздерінің ақиқаттығы мен құнсыз бағалығын дәйектеу. “Білім көзі” деген Иоанн Дамаскиннің көлемді шығармасында сол кезеңнің бүкіл білген-түйгені жинақталған. Барлық білім көзі Аянның түсірілуінде жатыр деп есептей отыра, Иоанн Дамаскин христиандық догматтардың күрделі жүйесін жасап шығарды. Оның көзқарасы бойынша, философияның мақсаты – адамның даналыққа қол жеткізуі. Ал даналық дегеніміз – Құдайдың маңызды атрибуттарының бірі. Философия рухани және заттық әлемді түсінуге көмектеседі, имандылық нормаларының рөлі мен мәнін анықтайды, қоғамдық өмір мен отбасылық өмірдің христиандық принциптерін белгілейді. Иоанн Дамаскин схоластиканың, оның ішінде - ғылымды құдай ілімінің қызметшісі деп қарастырудың іргелі ұстанымдарын тұжырымдап берді. Оның шығармаларында мистика рационалистік алғышарттармен біте қатынасып жатыр.

Келесі келген ғасырларда да византиялық және иррационалистік үрдістер одан да бетер басым бола бастады. Григорий Палама (1286-1359), Григорий Синаит (ХІІІғ. 60-шы жылдары-ХІ‡ғ. 40-шы жылдары), Николай Кавасила (1320-1371ж шамасы) сынды исихастар (грек hecycha - үнсіздік, тыныштық, самарқаулық) деп аталатындардың шығармаларында құдай ақиқатын танудың жалғыз ғана құралы ретінде мінәжат үстіндегі аңдау, аскеттік ерлік, таңғажайып көзі ашылу қарастырылады.

Византияның правословиелік философиясы барлық православие шіркеулеріне үлкен ықпал етті, соның ішінде - орыс правословие шіркеуіне де әсер қалдырды. Славян тіліне исихастардың негізгі шығармалары аударылған болатын. Григорий Паламаның құдайдың қос модусы туралы ілімі аса тартымды еді. Оның айтуы бойынша, мән есебіндегі құдай - мүлдем танылмас әлем. Ол “болмыс”, “мән”, “табиғат” атрибуттары арқылы анықтала алмайды, өйткені, ол - мәннен жоғары мән, әсіре-мән. Бірақ құдай өзін адами танымға аңдау арқылы танымал болатын энергиялар (қуаттар) арқылы көрсетеді. Кез-келген интеллектуалды философия Құдайдың трансценденттілігін ашу мен сөз арқылы нақтылы түрде көрінгенді қабылдауға келгенде - әлсіз.

ХІ‡-Х‡І ғғ. Русь жерінде каппадокиялықтардың – ¦лы Василийдің (330-379 ж. шамасы), оның інісі - Григорий Нисскийдің (330-390 ж. шамасы) және де исихастардың шығармалары аса танымал болған. Әйтсе де, бұл діни-философиялық көзқарастар бірыңғай екен дегенді білдірмесе керек. Сергей Радонежский (1314-1396) мен Нил Сорскийдің (1433-1508 ж. шамасы) тым аңдаушы-мистикалық бағытына Иосиф Волоцкийдің (1439-1515 ж. шамасы), Зиновий Отенскийдің (?-1568 ж. шамасы) рационалды-схоластикалық ілімі қарсы тұрды. Рационалды-схоластикалық үрдіс орыс православиесінде мардымды ықпалға ие болмағанмен де ізсіз кете қойған жоқ, сөйтіп, түрлі кезеңдерде түрлі кейіпте аз-маз уақытқа алдыңғы шептен де көрініп қалып жүрді.

Кейінірек исихазм орыс православие философиясының барлық жүйелеріне нық енді. Х‡ІІ ғ. соңындағы оның батысеуропалық схоластикаға бағыт алуы, “христиандық аристотелизм” мен метафизикалық телеологизмге бағыт алуы, мысалы, Х.Вольф еңбектерінде (1679-1754 жж.) ұзаққа созылмады әрі орнығып та үлгерген жоқ. Вольфтың догматикалық рационализмнің орталығы Киев-Могиляндық және Москвалық славяндық грек-латын діни академиясы болды.

Х‡ІІ ғ. ортасында ол өзінің танымалдығынан айырылады. Сөйтіп, шіркеуде византиялық мистицизм қайта күшейді.