Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

4. Дiни ұйымдар

Әрекет пен қатынастарды тәртiпке келтiрушi инстанциялар ретiнде институттар мен ұйымдар қызмет атқарады. Дiниден тыс салаларда бағдарлану үшiн экономикалық институттар (мысалы, Ватикандағы “Қасиеттi рух банкi”), саяси партиялар (христиандық, исламдық және т.б.), кәсiподақтар, әйелдер, жастар және басқа да ұйымдар құрылады.

Дiни ұйымдардың түрлерi мен құрылымы

Мекемелер дiнде де қалыптасады, олар культтен тыс және культтiк болады. Культтен тыс мекемелерге культтен тыс әрекеттi басқаратын топтарды (шiркеу кеңесi, ревизиялық комиссия, бiлiм беру бөлiмдерi, баспасөз департаменттерi, дiни оқу орындарының ректораттары және т.б.) жатқызамыз, ал культтiк мекемелерден (христиандықтағы) причттi атаймыз.

Алғашқы қауымдық қоғамда дiни ұйымдр болған жоқ. Дiни рәсiмдердi алғашқы кезде ру немесе тайпа басылары басқарды. Бiртiндеп культтi орындаушылар пайда болады: бақсылар, балгерлер және т.б. Этникалық ортақтыққа ұқсамайтын дiни топтар – “жасырын одақтар” қалыптасты. Қоғамның жiктелуiне, еңбек бөлiнiсiне қарай, абыздар жiгi және осымен бiрге дiни ұйымдар бiртiндеп қалыптасады.

Белгiлi бiр дiни сенiмнiң жолын қуушылар дiни қауымды құрайды. Қауым шеңберiнде сан алуан әрекет түрлерiнiң – культтiк және культтен тыс әрекет түрлерiнiң негiзiнде дiни субтоптардың түгелдей жүйесi қалыптасады. Қауымның тұтас бiрлестiк ретiнде өмiр сүрiп, қызмет атқаруы ұйыммен қамтамасыз етiледi.

Дiни ұйымның құрылымы дәстүр мен әдет, шiркеулiк құқық немесе устав, апостолдық ережелер, конституциялармен және т.с.с. алдын ала жазылады. Ұйымдастырушылық ұстанымдар олардың құрамдас бөлiктерiн, позициялар мен рөлдердi, индивидтер мен ұйымдағы жеке топтардың әрекеттерiнiң субординациясы мен координациясының ережелерiн, әрекет негiздерiн, сәйкесiнше, бiрлестiктiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн әрекет етушiлердiң тобын анықтайды. Пайда болу және өмiр сүру жағдайларына байланысты дiни ұйымдар монархиялық (католицизм, православие), парламенттiк-корольдық (англикандық), республикалық-демократиялық (кальвинизм, баптизм) және басқа да түрге енедi.

Барлық ұйымдастырушылық элементтерi бар қауым дiни бiрлестiктi бiлдiредi. Бiрлестiктiң бiрiншi ұяшығы дiни қауым болып табылады, қауымдардан жоғарырақ топтардың кешенi орналасады, ол жоғары топ – бiрлестiктiң ортасына дейiн тiзбектеледi. Бiрлестiкте ерекше ұйымдастырушылық байланыстары бар, бiрақ жалпы құрылымға қамтылған бiрқатар басқа да құрамдас бөлiктерi (мысалы, дiн басылары, монахтық) бар. Кейбiр құрамдас бөлiктерiнiң өзiндiк инфрақұрылымы бар. Бiрлестiктiң барлық топтары бүтiннiң өзара байланысты мүшелерi болып табылады.

Индивидтердiң және ұйымның әр түрлi элементтерiнiң әрекетiн бақылау механизмi дiни құқық пен мораль, санкциялар мен үлгiлер, беделдер болып табылады.

Бiрлестiктердiң типтерi

Ұйымдастыру элементтерiн жинау, олардың өзара байланыстары, позициялар мен рөлдердi үлестiру, басқару және атқару органдары, бақылау механизмдерi әр түрлi дiндерде, конфессияларда, әр түрлi типтегi бiрлестiктерде әр түрлi. Христиандықты зерттеу негiзiнде дiни бiрлестiктердiң мынандай типтерi анықталған: шiркеу, секта, деноминация, бекiтiлген секта, мистерия және т.б. Зерттеушiлер тарапынан неғұрлым қолдау тапқаны алдыңғы үш типтегi бiрлестiктер.

Шiркеу салыстырмалы түрде кең бiрлестiк, оған мүшелiк индивидтiң жеке таңдауы емес, дәстүрмен анықталады. Осыдан әрбiр адамның шiркеудiң мүшесi болуына мүмкiндiгi бар екенi мойындалады. Шындығында үздiксiз және қатаң бақыланатын мүшелiк жоқ, iзiн басушылар анонимдi. Көптеген шiркеулерде олардың мүшелерi дiн басылары мен пенделерге бөлiнедi. Позициялары мен рөлдерi, дәрежесi мен басқыштаушылығы иерархиялық және мәртебелiк ұстанымдары бойынша реттестiрiлген.

Секта ана немесе мына дiни бағыттарға қатысты оппозициялық ағым ретiнде пайда болады. Оған өзiнiң рөлiнiң, доктринасының, идеялық ұстанымдарының, құндылықтарының, ұйғарымдарының ерекшелiктерiн мойындатуға талпыныс тән. Мұнымен өзiн таңдаулы деп санау көнiл-күйлерi байланысты, көп жағдайда оқшаулану үрдiсi байқалады. Рухани қайта жаңғыруға деген талпыныс шұғыл көрiнiс табады. Поптар институты болмайды, көш басылық харизмалық деп саналады. Барлық мүшелерiнiң теңдiгi басып айтылады, өз еркiмен бiрiгу ұстанымы жарияланады, мүшелiктен бұрын болатын “дiнге тартылуға” басты назар төгiледi. Секталардың тарихи тағдыры бiрдей емес. Олардың кейбiреулерi белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатады. Басқалары уақыт өте басқа типтерге айналады.

Деноминация бiрлестiктердiң басқа типтерiнен дами алады немесе ең басынан-ақ осы формада қалыптасады. Оның идеялық, культтiк және ұйымдастырушылық ұстанымдары шiркеуге және сектаға оппозицияда қалыптасады және әр түрлi сипатта болады. Мүшелерiнiң “таңдаулы” екенi туралы екпiндi сақтай отырып, ол кез келген дiндар үшiн рухани қайта туылудың мүмкiндiгiн мойындайды. “Дүниеден” оқшаулану және дiни топтың iшiне тұйықталу “шынайы” дiншiлдiктiң мiндеттi белгiсi деп саналмайды. Үздiксiз және қатаң бақыланатын мүшелiк ұстанымы және соған сәйкес, әсiресе дiни әрекетте беделдiлiк ұсынылғанмен, “дүниемен” бiрiгу үрдiсi байқалады, оның жолын ұстанатындар қоғам өмiрiне белсендi қатысуға шақырылады. Деноминацияға көлденеңiнен болсын, тiгiнен болсын, нақты ұйымдастыру тән.

Бақылау сұрақтарының тапсырмалары

  1. Діни сана дегеніміз не және оның қандай ерекшеліктері бар?

  2. Діни сенімнің қалыптасуы мен тұрақтануына қандай факторлар ықпал етеді?

  3. Діни сана мен діни сенімнің арақатынасы қандай?

  4. Діни әрекет ұғымына анықтама беріңіз

  5. Діни қатынастардың түрлеріне талдау жасаңыз

  6. Діни бірлестіктердің әрекет ету негіздерін анықтаңыз

  7. Діни ұйымдардың қоғамдағы рөліне талдау жасаңыз

  8. Дін мен мәдениеттің арақатынасы қандай?

  9. Қоғамдағы діни қатынастарға талдау жасаңыз