Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Тарау-хіv католиктік философия және теология

Католиктік философияда екі тенденцияны бөліп қарастыруға болады: өз бойына “рух философиясы”, "әрекет философиясы" және т.б. сияқты ағымдарды біріктіретін католиктік спиритуализм, сонымен қатар, спиритуализмге жақын католиктік персонализм және экзистенциализм. Олар өз тамырларын иррационализм мен көне гректің философ-идеалисі Платон мен христиандық теолог Аврелий Августиннің (354-430) мистикасынан, сондай-ақ, Аристотель мен доминикандық орденнің мүшесі, ортағасырлық схоласт Фома Аквинскийдің (1225-1274) рационалистік дәстүріне қатынасты неотомизм, суарезианизм және тейярдизмнен алып жатыр.

1. Неотомизм.

Томизмнен неотомизмге дейін

Неотомизм (лат. Neo – жаңа және thomismus - томизм, Ф.Аквинскийдің ілімі) католицизм теологиясы мен философиясындағы ықпалды ағым. “Неотомизм” термині кең мағынасында тұтастай неосхоластиканы білдіретін, ал тар мағынасында 19 ғ. ІІ жартысында қайта жаңғырған және ХХ ғ. түбегейлі радикалды жаңарған томизмді білдіру үшін қолданылады.

Кезінде, ХІІІ ғ. католиктік иерархтарға жаққан әрі қазірде өзінің жолын қуушыларды қызықтырған томизмнің негізгі ерекшелігі оның христиандық шариғаттың көптеген қағидаларын рационалды негіздеуге ұмтылу. Томизм жеке ғылымдардың мәнін теріске шығарған жоқ, белгілі бір мөлшерде эмпирикалық білімнің рөлін мойындаған және де рационализмнің көптеген постулаттарын табиғи теология деп аталатын ілімге қызметке қойған еді. Мысалы, дәлірек айтсақ, Құдайды бар мәннің ең алғашқы себебі ретінде және адамзаттық болмыстың мақсаты ретінде дәлелдеуде рационализмді қолданды. өз кезегінде неотомизм схоластикалық философияның көптеген артықшылықтарымен ерекшелене отырып - жүйелілігімен, синтездігімен, категорияларының бай құрамымен және логикалық дәйектілігімен ерекшелене отырып, қазіргі мәдениеттің алуан феномендеріне тиімді түрде жауап табуға тырысады.

Ф.Аквинскийдің көзі тірісінде атақты болғанына қарамастан, томизмнің жер жерге таралуы алғашында сол кездегі басым католиктік философия мен дәстүрлі августиандық теология (көбінесе - францискиандық, кейде - доминикандық) тарапынан қарсылыққа тап болды. Олар дін сұрақтарына келгенде интуицияны басқалардан артық қоятын. Дегенмен, 1278 жылы томизм доминикандық орденнің ресми ілімі болып мойындалды.

1323 жылғы Ф.Аквинскийдің канонизациясынан кейін томизм Париж бен Кельн университетінде күшейе түсті. Ол католиктік философиялық-теологиялық басым ілім ретінде Триденттік собордан (1545-1563) кейін танылды. Ол әйгілі испандық иезуит, аристотельдік-томистік идеяларды түсіндіріп таратушы Ф.Суарестің(1548-1617) әрекетінің арқасында мүмкін болды. Ол Ф.Аквинский ілімінің көптеген қағидаларын оныңУ.ОккамменД.Скот сынды ізбасарлары алған сындарын есепке ала отырып, қайта қараған.

Томизмнің ықпалы Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц, Х.Вольф еңбектерінде де байқалады. Лев ХІІІ Папа “Feterni Patris” ("Мәңгі әкеге", 1879) деген энцикликасында томизмді католицизмнің ресми доктринасы деп жариялады. Ф.Аквинскийдің философиялық-теологиялық жүйесі энцикликада мәңгі және жалғыз ақиқат деп жарияланды, ал оның зерттелуі барлық католиктік оқу орындарында міндетті іске айналды.

Көрсетілген энцикликаны халыққа жария еткеннен кейін неотомизмнің дамуында төрт негізгі ағымның қалыптасуына әкелді: 1) дәстүрлі томизм (Д.Мерсье, Г.Манзер). Олар теология саласында бәрінен бұрын апологетика мен доктриналды-догматикалық проблематиканы даярлады, ал философия саласында - таным теориясын даярлады. Сондай-ақ, осы ағымның жолын қуушылар жанама немесе тікелей түрде, католиктік догматтар тарихы үшін негіздеме ретінде қызмет ететін тарихқа ерекше акцент жасады; 2) томистік метафизиканы жеке ғылымның мәліметтерімен біріктіруге ұмтылған лувендік томизм (Э.Мунье, А.Джемелли); 3) трансценденталды томизм, феноменологиямен байланысты томизм; 4) томизмнен аристотелизм элеменеттерін тазартуды талап еткен және ең бірінші орынға тіршілік категориясын қоятын экзистенциалдық неотомизмнің негізгі орталығы болып: Лувендағы Құдіретті Фома Институты, Фрибургтегі Католиктік Университет, Кельндегі ¦лы Альберт Академиясы, Лион, Лилле, Турин, Париждегі және т.б. қалалардағы католиктік институттар табылады. Неотомистердің көрнекті өкілдері - Ж.Маритен (1882-1973), Э.Жильсон (1884-1978), Г.Веттер (1911-1989), И.Бохеньский (1902-1995), Г.Манзер (1866-1949), И. де Фриз (1874-1959) және т.б.

Сенім және ақыл үйлесімділігі принципі

Неотомизмнің қарастырған ең негізгі мәселесі сенім және ақыл үйлесімділігі туралы ілім болып табылады. Фома Аквинский өз уақытында осы аталған дилемманы шешудің бұдан бұрынғы талпыныстары (христандықтың апологеті Тертулианның (160 ж. шамасы-220 ж. кейін) иррационализмі) және француз философы П.Абелярдың (1079-1142) рационализміне баға бере отырып, оларды қабылдау мүмкін еместігі және де жаңа концепция жасап шығару қажеттігі туралы шешімге келді.

Тертуллиан ақыл сенім акты арқылы ашылатын ақиқатты тани алмайды деп тұжырымдайды. Сөйтіп ол ақыл мен сенім арасындағы қайшылықтарды жоюға болмайтындығын мойындады. Ендеше, Абеляр олай болса, Құдай болмысын рационалды дәлелдеудің де мүмкін еместігің айтты. П.Абелярдың орныққан пікіріне, керісінше, рационализм тән. Ақыл-парасат сенімнің алғышарты болып табылады ("сену үшін түсінемін"). П.Абеляр соқыр сенімнен гөрі ақылдың басымдылығын, яғни оның басқалардан артықшылығын атап көрсетті, сөйтіп, догматтардың ақиқаттығына күмән келтіріп, ғылымның теологияға қатысты дербестігі идеясын уағыздаған.

Ф.Аквинский және оның ізбасарлары ұсынған сенім мен ақыл үйлесімділігі принципі діни сенім мен білімді Құдайды түсінудің түрлі жолдары деп таниды. Құдай ақылмен түсіндірілетін жаратылған әлемді тану арқылы және де таңғажайып түрде – Аян беру арқылы, яғни Құдай сөзі арқылы танылады дейді олар. Неотомизмде ақиқатты ұғынудың үш түрі бар: ғылым, философия және теология. Олардың ең төменгісі - ғылым; ол құбылыстарды тіркейді және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орнатады. Дегенмен, ол тек қана ең жақын жатқан себептерді анықтау болып табылады. Одан арғыға ғылым бара қоймайды.

Философия – рационалды білімнің жоғарырақ орналасқан сатысы. Оның негізгі міндеті Құдайды барлық заттардың алғысебебі мен соңғы мақсаттары ретінде тануда жатыр. Неотомистер философия функцияларын анықтай отырып, келесі қос жағдайды ерекше атап өтеді: жоғарғы себептер туралы ғылым болғандықтан да, сонымен қатар, бірінші жоғарғы себеп туралы ілім болып табылғандықтан да философия теологиямен қиылысады; философия өзінің дәлелдемелері мен ұғымдық аппараты арқылы теологияға көмекші рөлді атқаруы тиіс.

Теологтардың тұжырымдауы бойынша, рационалды білім – құнды, себебі ол Аянның кейбір ақиқаттарын толық ұғынуға мүмкіндік береді. Неотомизм “Ақыл жарығы” арқылы Құдайдың барлығы, адам жанының мәңгілігі сияқты догматтарды дәлелдегісі келеді. Бірақ, оны ұғыну кезінде, философияның және сондай-ақ ғылымның шектілігін айқындайтын догматтар да бар. Ондай догматтарға Құдай кейпіне өту, Құдайдың үштігі сияқты Құдайдан түскен Аян арқылы ғана танылатындар жатады. Осы мағынада теология бір мезгілде әрі адамға тиесілі рационалды білім шыңы, әрі сенімге тепе-тең бейрационалды, ақылдан тыс білім түрі болып табылады.

Фома Аквинскийдің қазіргі ізін қуушылар білім және сенімнің бір-бірімен әрекеттесуінің механизмін бәрінен бұрын табиғи теология (католиктік теология бөлімі, сондай-ақ, абсолютті Құдай болмысын және оның атрибуттарының сұрақтарын қарастыратын неотомистік онтологияның бір бөлігі) деп аталатынның шеңберінде жетілдіріліп, көрнекі көрсетіліп, даярланады. Неотомизм ілімі бойынша, білім мен сенім, философия мен теология арасында белгілі бір ұқсастық, тіпті, жарым жартылай тепе-теңдік те бар. Білім мен сенімнің ара-тұра тепе-теңдігі ақылдың өз күшімен Құдай туралы ақиқаттың кейбіреулерін тани алатындығына негізделеді. өйткені ондай шындықтар ақылдан келіп шығатындықтан, олар философиялық білімнің мазмұнына қатысты болады. Ал ол шындықтар Құдайға бағышталғандықтан олардан өзіндік бір “табиғи теология” құрастырылады. "Табиғи теология" "Құдайи теологиядан" өзгеше дүние. Осылайша, табиғи теология философия мен теологияны ұштастыратын шекаралық пән ретінде көрінеді. Ол Құдайды рационалды негіздеу арқылы да, Аянның "ақылдан тыс" ақиқаттары көмегі арқылы да тани алатын шекараны белгілейді.

Табиғи теология католицизмде Аян теологиясымен салыстырғанда Құдай туралы білім беретін ілім ретінде көрінеді. Аянның мазмұнын ақыл шындығы емес, сенім шындығы құрайды. “Табиғи ақыл көмегімен, - делінген 1992 жылы Иоанн Павел ІІ тұжырымдаған жаңа “Католиктік шіркеу катехизисінде" - адам Құдайды оның жаратқан әлемі арқылы айқын танып біле алады. Бірақ, адам жалғыз өзінің ғана күшімен қол жеткізе алмайтындай білім түрі де бар, ол - Құдайи Аян”. Ақылға сүйене отырып, табиғи теология Құдайды жаратушы ретінде, алғашқы себеп ретінде қарастырады, яғни, оның жаратылған әлемге деген қатынасы тұрғысынан қарастырады. Ал Аян теологиясы “Құдай сөзіне” негізделеді және Құдайды оның жасаған заттарына қатыссыз-ақ жеке өз алдына қарастырады.

Неотомизмге сәйкес, Құдайды “табиғи” жолмен тану, түптің түбінде, міндетті түрде сеніммен толықтырылған болуы керек, өйткені Құдай туралы ол жаратқан әлемді тану арқылы жасалған пайымдаулар, яғни бір ғана метафизика төңірегіндегі пайымдаулар олар Аянға негізделмеген дағдайда Құдай бейнесін бұрмалау қаупін болдырмай тұрмайды.

Бүгінде католиктік философиялық-теологиялық ой сенім мен білімнің өзара қатынасының дәстүрлі схемасын жаңартып отыр, сондай-ақ, ол табиғат туралы ғылым мен идеалистік философияның теоретикалық жетістіктерін іріктей қолдану арқасында жүзеге асып отыр. Бұл жаңарулардың негізгі элементтері болып жаратылыстанудың “жаңа” түрі жөніндегі қағиданы негіздеу табылады. Ол қазіргі кезде өзінің табиғатты тану тәсілдерінің шектеулілігін мойындаған және теология, философия мен жаратылыстану арасында ортақ “шекаралық” сұрақтар бар екендігін мойындаған. Теологтардың күш-қайраты ғылымның теоретикалық жетістіктерінің интеграциясын тұтастай діни көзқарасқа біріктіру мүмкіншілігін негіздеуге бағытталған.