Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

4. Католиктік теология.

өзінің кең мағынасында католиктік теология Құдай туралы католиктік ілімнің негізделу жүйесі, католиктік догматиканың, рухани моральдың, сенушілер мен дінбасылардың өмірінің ережелері мен нормаларының шынайылығын дәлелдейтін дәйекті деректер кешені болып табылады. Тар мағынасында католиктік теология бұл басты мақсаты - Қасиетті Жазудың экзегезасы (талқылауы) негізінде католиктік доктринаны дамыту, түсіндіру және жүйеге келтіру болып табылатын теистік нормативті пән.

Құдай мен құдайлар туралы пұтқа табынушылық және иудаистік ойлармен қарама-қайшылықта дами отырып, ерте католиктік теология II-IV ғғ. патристикалық теологияны жаңа платонизм қағидаларымен біріктірген Аврелий Августин ойлары негізінде қалыптасты. Уақыт өтісімен оның бірнеше тенденциялары: Құдай туралы ілімнің мистикалық негізделуі (Бернар Клервосский, Бонавентура), бұл ілімнің рационализациялануы (П. Абеляр) мен “қосарлы күш” теориясының құрылуы (Сигер Брабантский) байқала бастады. Осы тенденцияларға қарсылық көрсете отырып, Фома Аквинский XIII ғасырда оның өзі “ерекше саналы” теологияға қосымша деп атаған “табиғи теологияны” (осы тараудың 1§ қарастырылған) ойлап шығарады.

Ортағасырларда католиктік теология шіркеулік пәндер иерархиясында елеулі орынға ие болады. XVI ғ. оның шекарасында шіркеудегі билік туралы, қауымдастық ретіндегі шіркеу туралы түсініктер қалыптасып, догматтар тарихы мен догматиканың біртұтас жүйесінің қалыптасуына алғышарттар жасалды.

Теологияның дамуы үшін адамның ерік-жігер бостандығы мен игілігі проблемаларының көтерілуіне негіз болып, Жазу мен Аңыздың, құпиялардың түсінігі мен саны, Күнәдан арылатын орын (Тазартқыш) мен Әулиелер культының арақатынасын нақтылаған Тридентік собордың (1545-1563) маңызы зор еді. Собор моральдық теологияның жеке пән ретінде қалыптасуына түрткі болды.

XIX ғасырда Тюбингендік католиктік мектептің (И.С. фон Дрей, И. А. Мёлер, А. Граф) шекарасында теология негізінде классикалық неміс философиясының ұғымдар жүйесі мен тарихи әдістемесін қабылдауға талпыныс жасалды. Жаңа әдістеменің негізінде Дрей жаңашыл католиктік апологетиканың негізін салды; Мёлер шіркеуді әрдайым дамып отыратын және Иса пайғамбар сөзін жүзеге асырып, тарататын тірі ағза ретінде қарастыратын ілімнің негізін салды; Граф болса - пастырлық теологияның ерекше концепциясын ойлап шығарды. Алғашында Тюбингендік католиктік мектеп өкілдерінің ойлары өзгерістер мен дамуға деген кері көзқарастарымен әйгілі жаңа схоластикалық дәстүрге бағытталған ресми шіркеумен қабылданған болатын. Жартылай бұл IX Пийдің сол кезде кең тараған либерализм, діни рационализм, онтологизм және әсіресе модернизм сияқты ағымдарға қатысты ұстанған “қорғанушы позициясының” салдары еді.

XIX-XX ғғ. шенінде католиктік модернизм өкілдері (А. Луази, М. Блондель, Р. Мурри және т.б.) теологияны ғылым мен мәдениеттің жаңа жетістіктеріне бейімдеуге тырысты. Модернистер Библияны талдауда тарихилық пен эволюционизм принциптерін қолдана отырып, оны сол кітап пайда болған заман оқиғаларының іздерін сақтаған тарихи мұра деп түсіндіреді; олар “Сенім Исасын” “тарих Исасына” қарама-қарсы қойып, кінәсіз бойға біту, Исаның тірілуі, оның жасаған ғажайыптарының және т.б. сенім үшін ғана емес тарих үшін де маңызы бар дейді. Шіркеулік билік католиктік модернизмнің басты қауіптілігін Ашықтық пен шіркеуді жоққа шығаруынан көреді. Католицизмдегі теологиялық модернизм 1907 ж. X Әке Пиймен және 1950 ж. XII Әке Пиймен үлкен сынға алынды.

Томистік дәстүрге негізделген принциптерді ресми түрде ұстана отырып, католиктік теология XX ғасырдың екінші жартысында Тюбингендік мектеп өкілдерінің, белгілі бір дәрежеде католиктік модернизм, феноменология, философиялық антропология мен экзистенциализм туындыларымен толықтырылып отырды. XXIII Иоанның понтификаты тұсынан бастап (50-ші жылдардың соңынан бастап) католицизм қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістердің барлығы көрініс табатын және қазіргі адамға бағытталған “жаңа теология” ретінде қуат ала бастайды. Оның басты өкілдері болып И.Конгар, М.-Д. Шеню, Г. де Любак, Э. Шиллебекс, К.Ранер есептеледі.

Сонымен бірге “әлеуметтік теологиялар”, негізінен, “жер үстіндегі шындық теологиясы” пайда бола бастады. “Жер үстіндегі шындық теологиясы” шекарасында жеке теологиялық пәндер қалыптасты. Дәстүрлі теологиядан олардың ерекшелігі – олар өз көңілін Құдайға емес, “құдайлық заттарға” аударып, өзінің басты мақсаты ретінде көзге көрінетін әлемнің барлық құбылыстарындағы діни аспектілерді айқындауды есептейді. “Жер үстіндегі шындық теологиясы” шекарасында “өндірістік кәсіпорын теологиясы” және “бос уақыт теологиясы” секілді пәндер бөлініп көрсетілген. Олардың біріншісі адамның экономикалық іс-қызметін Құдай шығармашылығымен байланыста қарастырады; екіншісі - адам қызметінің өндірістік емес саласының діни мазмұнын анықтауға тырысады. Кейінгі дифференциацияның нәтижесіне 60-80 жылдары “еңбек теологиясы”, “мәдениет теологиясы”, “әлем теологиясы”, “саясат теологиясы”, “шаруашылық өмірдің этикасы мен теологиясы”, “бостандық алу теологиясы” сияқты пәндердің пайда болуы басталды. Римдік курияның оған деген қатынасы тіптен бірізді дей алмайтындай. “Бостандық алу теологиясы” сияқты, әсіресе, оның латын-америкалық үлгісіндегі пәндер Ватиканның өткір сынына ұшыраса, басқалары – ең алдымен - “еңбек теологиясы” мен “әлем теологиясы” пастық энцикликалардан қолдау тауып, дами түседі.

Католиктік теологияның жандануына жаңа теологияның басты мақсат етіп “сенім депозитін сақтау” емес, негізінен - оның шығармашылық түсіндірмесін сақтауды көрсеткен II Ватикандық собор (1962-1965) елеулі дәрежеде септігін тигізді. Теологияның нақты проблемалары “Құдайлық Ашықтық туралы”, “Шіркеу туралы”, “Құдайға қызмет ету туралы” және “Қазіргі замандағы шіркеу туралы” төрт соборлық конституциядан көрініс тапты. Бірінші құжатында собор Жазу мен Аңыздың өзара байланысының жаңартылған түсіндірмесінің нұсқасын ұсынған болатын; екіншісінде – шіркеу “құдай халқы” ретінде тарих арқылы өзінің эсхатологиялық толықтығына өтетін католиктік экклезиологияға деген жаңа көзқарас ұсынады; үшіншісінде – литургияның шіркеулік өмірдің ең маңызды көріністерінің бірі ретіндегі жаңа түсіндірмесін береді; төртіншісінде – шіркеу мен қазіргі әлемнің байланысының теологиялық сараптамасын береді.

Соңғы собордың қол жеткізген жетістіктерін қолданып, христиандық сенім рефлексиясының жаңа әдістерін жасауға ұмтылатын қазіргі католиктік теология құрылымдық тұрғыдан келесідей бөлінеді: 1) тарихи (шіркеу тарихы, теология тарихы, догматика тарихы, тарихи библиотану, экзегетика – Библияның мәні мен мазмұны туралы ілім); 2) жүйелі (сенімнің негізгі формулаларының шынайылығы мен құдаймен бекітілгендігін дәлелдейтін догматика; фундаменталды теология, немесе құрамына Ашықтықты, сенім мотивтері мен сенімге жақындықты, ғажайыптарды, апостолдар, шіркеулік иерархия, әке мен оның сенім мен мораль турасындағы мызғымас пәктігі, шіркеудің қасиетті жаратылысы мен оның бірлік, қасиеттілік, жалпылық пен апостолдық секілді атрибуттары туралы ілімдерді тану мүмкіндігін дәлелдеу проблемалары кіретін апологетика; құрамында аскетикалық және мистикалық теологиясы бар, христиан дінін ұстанушыны игілікке жету үшін бұл өмірде өзін қалай ұстау керектігін дәріптейтін өнегелі теология; каноника, немесе шіркеулік құқық теориясы); 3) практикалық (гомилетика – насихаттаушылық қызметтің теориясы мен практикасына тиісті сұрақтар; катехетика – шіркеулік сенімді тану сұрақтары; литургика – құдайға қызмет ету теориясы).

Католиктік теологиядағы соборлықтан кейінгі новациялар қатарына дәстүрлі – Құдай, жаратылыс, құтқару нұсқасын құтқарылу тарихының жаңа түсіндірмесімен ауыстыру талпынысын жатқызуға болады. Ол бойынша, Құдай тек тарих арқылы танылады – “құтқаруды экономдау” Құдайдың тек әлемге деген қатынасын айқындайды (И. Файнер, М. Лёрер). Мұндай ыңғайдың нәтижесі болып теологиялық тілдің де өзгерісі есептеледі. Билеуші позицияда болған Триденттік собор кезінен эссенционалды (лат esse -болмыс) бағытталған теология өз орнын сенім ақиқаттарын талқылаудың экзистенционалды үлгілеріне береді.

Қазіргі теологияның өзгеше бір ерекшелігі болып оның антропологиялық бағыттылығы есептеледі, демек, адам мәселесі бүгін теологиялық тематиканың барлық салаларын қамтиды. Антропологизацияланған католиктік теологияның негізін салушы К. Ранердің айтуы бойынша, Құдай жіберген Аян адамның Құдай жоспарында кім екендігін (дәстүрлі түрде - христиандықтағы Библия Құдайды адамдық көзқарас тұрғысынан қарау емес, адамды Құдайлық көзқарасы биігінен көру ғой) және сонымен бірге, теологиялық танымда бұл танымның пәні (Құдай) бір мезгілде танымның ақырғы шарты болатындығын да анықтайды. Осы себептен Құдай туралы кез келген сұрақ бір мезгілде адам туралы сұрақ болып табылады. Осы бір келтірілген антропологиялық бұрылыс, Ранер мен оның жолын қуғандардың пікірінше, не теоцентризмге, не христоцентризмге қарсы емес, ол теологияны концептуализм мен мифологизм қаупінен құтқарады.

Эсхатология ақырғы болашақты ескергендегі жаңашылдықтың түсіндірмесі ретінде католицизмде жаңа формаға ие болады; апологетиканы (ақыр заман туралы мистикалық болжамдардан құралған Аянның түсуі туралы ілімді) жоққа шығара отырып, эсхатология “мәңгі заттар” туралы күнделікті өмірден алынған ұғымдарды қолдана баяндайды. Католиктік теологияның алдыңғы қатарлы өкілдері Римдік-Католиктік Шіркеудің қазіргі құдайшылдық рефлексиясы плюралистік сипатқа ие болып, басқа хрисиандық конфессиялардың өкілдерімен диалог формасына айналуын тілейді.