Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Тарау V дiннiң функциясы мен рөлi

Дiн қоғамда бiрқатар функциялар мен нақты бiр рөлдi атқарады. “Функция” және “рөл” ұғымдары байланысты, бiрақ бiрдей емес. Функциялар – бұл дiннiң қоғамдағы әрекет ету әдiстерi, рөл – жиынтық нәтиже, дiннiң өз функцияларын атқарғанының салдары.

Дiннiң функциялары

Дiннiң бiрнеше функциялары көрсетiледi: дүниетанымдық, компенсаторлық, коммуникативтi, реттеушi, интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы, мәдениет тасымалдаушы, заңға сәйкестендiрушi-заңға сәйкестендiрушi емес.

Дүниетанымдық функциясын дiн адамға, қоғамға, табиғатқа деген белгiлi бiр көзқарастар типiнiң бар болуының арқасында атқарады. Дiн дүниенi түсiнудi (дүниенi тұтастай түсiндiру және ондағы құбылыстар мен процесстердi түсiндiру), дүниенi аңдауды (дүниенiң түйсiну мен қабылдауда бейнеленуi), дүниенi сезiнудi (эмоциялық қабылдау немесе қабылдамау), дүниеге деген қатынасты (баға) және т.б. қамтиды.

Дiни дүниетаным “шектi” өлшемдердi, Абсолюттердi жасап, осылардың тұрғысынан дүние, қоғам, адам пайымдалады, мақсат қою мен мағына қою қамтамасыз етiледi. Қолда бар болмысқа мағына беру дiнге сенетiн адамға шектеулiктiң шеңберiнен шығуға мүмкiндiк бередi, “жарқын болашаққа” жету, қайғы-қасiреттен, бақытсыздықтардан, жалғыздықтан, моральдық құлдыраудан құтылу үмiтiн жағады.

Дiн компенсаторлық функция атқарады, шектеулiк, тәуелдiлiк, адамдардың дәрменсiздiгiнiң орнын сананы қайта құру арқылы, сондай-ақ тiршiлiк етудiң объективтiк жағдайларын өзгерту арқылы да толтырады. Өмiрдегi жанышталуды “рухтың еркiндiгi” жеңедi, әлеуметтiк теңсiздiк күнәһарлық, қайғы-қасiрет көру жағынан “теңдiкке” айналады; шiркеулiк қайырымдылық, рақымшылық, қамқорлық ету, табыстарды қайта үлестiру бақытсыздыққа ұшырағандардың қайғыларын жеңiлдетедi; бөлектену мен оқшаулану қауымдастықтағы бауырмашылдықпен ауыстырылады; бiр-бiрiне немқұрайлы индивидтердiң өзiндiгi жоқ, заттық қарым-қатынастары өзiндiк ерекше құдаймен араласу және бiр-бiрiмен араласу арқылы орны толады. Компенсацияның психологиялық қыры – стресстi алу, жұбату, катарсис, рухани ләззат алу маңызды болып табылады.

Дiн қарым-қатынасты қамтамасыз етедi, коммуникативтi функцияны жүзеге асырады. Қарым-қатынас дiни емес және дiни әрекеттер мен қатынастарда қалыптасады, ақпаратпен алмасу, өзара әрекеттесу, адамды адамның қабылдауы процесстерiн қамтиды. Дiни сана қарым-қатынастың екi жағын анықтайды: 1) дiндарлардың бiр-бiрiмен; 2) дiндарлардың Құдаймен, перiштелермен, өлген адамдардың жандарымен, медиаторлар - адамдардың қарым-қатынасындағы – литургияда, дұға оқуда, медитацияда, “құпияны көруде” және т.с.с. идеалды делдалдар болатын әулиелермен қарым-қатынас.

Дiннiң реттеушi функциясы белгiлi бiр идеялар, құндылықтар, нұсқаулар, таптаурындар, пiкiрлер, дәстүрлер, институттардың көмегiмен жеке адамдардың, топтардың, қауымдардың әрекетiн және қарым-қатынастарын, санасын және жүрiс-тұрысын басқаруды жүзеге асырудан көрiнедi. Әсiресе, нормалар (дiни құқық, мораль), үлгiлер (елiктеу үшiн көптеген мысалдар), бақылау (нұсқаулардың жүзеге асуын қадағалау), марапаттау мен жазалау (өлiмнен кейiнгi тiршiлiкте берiлетiн игiлiктер) жүйесiнiң маңызы өте зор.

Интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы функциясы бiр қарым-қатынаста жеке адамдарды, топтарды, институттарды бiрiктiредi, ал басқасында бөлектендiредi. Интеграция тұлғаның, жеке әлеуметтiк топтардың, мекемелердiң және жалпы қоғамның тұрақтылығына, орнықтылығының сақталуына септессе, дезинтеграция олардың әлсiреуiне әкеледi. Интеграциялық функция азды-көптi бiртұтас, жалпы дiни сенiм мойындалатын жерлерде орындалады. Егер тұлғаның дiни санасы мен жүрiс-тұрысында бiр-бiрiмен келiспейтiн үрдiстер байқалса, егер әлеуметтiк топтар мен қоғамда әр түрлi және бұған қоса бiр-бiрiне қайшы келетiн конфессиялар болса, дiн дезинтеграциялық функциясын атқарады.

Дiн мәдениеттiң құрамдас бөлiгi бола отырып, мәдениет тасымалдаушы функция атқарады. Ол мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – жазбаның, кiтап баспасының, өнердiң дамуына септеседi, дiни мәдениет құндылықтарының қорғалуы мен дамуын қамтамасыз етедi, жинақталған мұраның ұрпақтан ұрпаққа берiлуiн жүзеге асырады.

Заңға сәйкестендiрушi-заңға сәйкестендiрушi емес функциясы кейбiр қоғамдық тәртiптердi, институттарды (мемлекеттiк, саяси, құқықтық және т.б.), қарым-қатынастарды, нормаларды, үлгiлердi қажеттi деңгейiнде заңдастыру немесе, керiсiнше, олардың қайсыбiреулерiнiң заңсыздығын бекiту дегендi бiлдiредi. Дiн белгiлi бiр құбылыстарға баға беру мен осы құбылыстарға деген белгiлi бiр қарым-қатынастың қалыптасуын қамтамасыз ететiн жоғары талап – максиманы (лат. maxima – жоғары ұстаным) ұсынады. Максимаға мiндеттi және мызғымас сипат берiледi.

Дiннiң рөлiн талдау ұстанымдары

Дiни функциялардың орындалғанының көрiнiсi, нәтижесi, яғни дiннiң рөлi әр түрлi болған және бола бередi. Дiннiң рөлiн анық бiр мекен мен уақыт кеңiстiгiнде объективтi түрде, тарихи тұрғыдан нақты талдауға көмектесетiн кейбiр ұстанымдарды қалыптастырсақ.

1. Дiн экономикалық қатынастар мен қоғамдық өмiрдiң басқа да салаларына қайтарыла әсер еткенмен, оның рөлiн бастамалық және анықтаушы, шешушi деп санауға болмайды. Ол белгiлi бiр көзқарастарға, әрекетке, қатынастарға, институттарға рұқсат етедi, оларды “қасиеттiлiкке бөлейдi” немесе “абыройсыз”, “төмендеген”, “зұлымдыққа батқан”, “күнәға батқан”, “Құдай заңына”, “Құдай сөзiне” қарсы деп жариялайды. Дiни фактор экономикаға, саясатқа, мемлекетке, ұлтаралық қатынастарға, жанұяға, мәдениет саласына осы салалардағы дiншiл индивидтердiң, топтардың, ұйымдардың әрекетi арқылы әсер етедi. Дiни қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың “үстiне таңылады”.

2. Дiннiң әсер ету дәрежесi оның қоғамдағы орнына байланысты, ал бұл орын бiр жола берiлiп қоймайды, ол сакрализация (лат. sacer - қасиеттi) және секуляризация (кейiнгi лат. saecularis – дүниелiк, зайырлы) процесстерiнiң контексiнде өзгерiп отырады. Сакрализация дiни санкция саласына қоғамдық және жеке адам санасының формаларын, әрекеттi, қарым-қатынасты, адамдардың жүрiс-тұрысын, институттарды тарту, дiннiң қоғамдық және адамдардың жеке өмiрiнiң әр түрлi салаларына әсер етуiнiң өсуi дегендi бiлдiредi. Секуляризация, керiсiнше, дiннiң қоғамдық және жеке адам санасына әсерiн әлсiретуге, сан алуан әрекет түрлерiн, адамдардың жүрiс-тұрысын, қарым-қатынастар мен институттарды дiни санкциялау мүмкiндiктерiн шектеуге, дiншiл индивидтер мен ұйымдардың өмiрдiң әр түрлi дiни емес салаларына “кiруiне” бастайды. Көрсетiлген процесстер әр түрлi типтегi қоғамдарда, олардың бiрiн-бiрi ауыстыратын даму сатыларында, Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерi мен аймақтарында бiр сызық бойымен жүретiндей емес, қайшылыққа толы, бiр қалыпты емес.

3. Дiннiң қоғамға, оның жүйелерiне, ру-тайпалық, халықтық-ұлттық, аймақтық, әлемдiк дiндердiң, сондай-ақ жеке дiни бағыттар мен конфессиялардың индивидтерi мен тұлғаларына әсерi өзгеше. Алдыңғы бөлiмдерде көретiнiмiздей (қар. “Дiндер тарихы” бөлiмi), олардың дiни iлiмдерiнде, культiнде, ұйымдастыру мен этикасында спецификалық белгiлерi бар, олар дүниеге деген қатынас ережелерiнен, жолын ұстаушылардың қоғамдық және жеке өмiр салаларындағы күнделiктi жүрiс-тұрысынан көрiнедi, сондай-ақ “экономикалық адамға”, “саяси адамға”, “моральдық адамға”, “көркемдiк адамға” белгi қояды. Мотивация жүйесi де бiркелкi болған жоқ, иудаизм, христиандық, ислам, католицизм, кальвинизм, православие, ескi ғұрыпшылдық және басқа да дiни бағыттарда тұрмыстық әрекеттiң бағыттылығы мен нәтижелiлiгi де осыдан. Этника аралық, ұлтаралық қатынастарға ру-тайпалық, халықтық-ұлттық (индуизм, конфуцийшiлдiк, сикхизм және т.б.), әлемдiк дiндер (буддизм, христиандық ислам), олардың бағыттары мен конфессиялары түрлiше түстi. Буддист, христиан, мұсылман, синтоист, даосист, ру-тайпалық дiн ұстанушының моралiнде, әдептiлiк қатынастарында көзге түсерлiк айырмашылықтары бар. Ана немесе мына дiндермен жанасқан өнер, оның түрлерi мен жанрлары, көркемдiк образдар өз бетiнше дамыды.

4. Жоғарыда айтылғандай, дiн элементтер мен байланыстардың бiр қатарын қамтитын жүйелi құрылым болып табылады: өзiнiң сипаттық белгiлерi мен деңгейлерi бар сана, культтен тыс және культтiк әрекет пен қарым-қатынастар, дiннен тыс және дiни салаларда бағдарлана алу үшiн құрылған мекемелер. Аталған эелементтер мен байланыстардың қызмет етуi оларға, олардың мазмұны мен бағытына сәйкес нәтижелер берiп отырды. Дұрыс бiлiмдер әрекеттiң нәтижелi бағдарламасын құруға мүмкiндiк бердi, мәдениеттiң шығармашылық потенциалын көтердi, ал адасулар табиғатты, қоғам мен адамды дамудың объективтi заңдылықтарына сай қайта құруға септiгiн тигiзбедi, қолайсыз жағдайларға әкелiп соқтырды. Әрекет, қарым-қатынастар, мекемелер адамдарды шоғырландырады, дегенмен оларды бөлiп-жара да алады, қақтығыстардың пайда болып, өсуiне де әкеле алады. Материалдық және рухани мәдениеттi қалыптастыру мен жинақтау процесi – мекенделмеген жерлердi меңгеру, егiн шаруашылығын, мал шаруашылығын, қолөнердi жетiлдiру, храмдар тұрғызу құрылысын, жазбаны, кiтап баспасын, мектеп желiсiн, сауаттылықты өнердiң сан алуан түрлерiн дамыту процесi дiни әрекет пен қарым-қатынастар, дiни ұйымдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету жолы бойынша жүрген және жүрiп келедi. Бiрақ, басқа жағынан алғанда, мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – пұтқа табынушылық мәдениетiнiң көптеген компоненттерi, скоморохтық, күлдiргiштiк мәдениетi, исламдағы портреттiк бейнелеу, католицизмнiң тиым салынған кiтаптар Индексiне енген туындылар, бiрқатар ғылыми ашылымдар, еркiн ойшылдық итерiлдi, шеттетiлдi. Мәдениет дамуының мәселелерi жөнiнде дiни ұйымдардың позициялары мен практикасы тарих барысында өзгерiп отыратынын да ескерген жөн.

5. Дiндегi жалпы гуманистiк және жекенiң ара қатынасын назарға алған маңызды. Қазiргi күндерi дiни мен жалпы гуманистiктiң ұқсастығы жөнiндегi пiкiр кең тараған. Бұл пiкiрдiң көптеген деректердi ескермейтiндiгi көрiнедi. Дiни жүйелерде, бiрiншiден, қоғамдар қандай типке жатпасын, олардың барлығына ортақ қатынастар; екiншiден, қоғамның осы типiне тән қатынастар; үшiншiден, синкреттi қоғамдарда қалыптасатын байланыстар; төртiншiден, этнос, тап, жiк, басқа да топтардың тұрмыс жағдайлары бейнеленедi. Дiндерде ең әр түрлi мәдениеттер де көрiнiс тапқан. Халықтық-ұлттық, аймақтық, ру-тайпалық дiндердiң көптiгi туралы айтпағанның өзiнде, тiптi әлемдiк дiндердiң өзi үшеу. Дiндерде, кейде тiптi таң қаларлық түрде, өркениеттiк, формациялық, таптық, этникалық, партикулярлық, жаһандық және жергiлiктi компоненттер шиеленiсiп жатады. Нақты бiр жағдаяттарда аналары немесе мыналары алғашқы орынға шығып, өзектiлiк алады; дiни көшбасылар, топтар, ойшылдар көрсетiлген үрдiстердi бiр тектi көрсете бермейдi. Мұның бәрi әлеуметтiк-саяси бағдарларда да көрiнiсiн табады – дiни ұйымдарда әр түрлi: прогрессивтi, консервативтi регрессивтi позициялардың болғанын және бар екенiн тарих көрсетедi. Қайсыбiр нақты топ және оның өкiлдерi осылардың бiреуiне ғана қатты “таңылып” қалмайды, олар бағдарын ауыстыра алады, бiреуiнен екiншiсiне ауыса алады. Қазiргi замандық жағдайларда кез келген институттың, топтың, партиялардың, көшбасыларының, соның iшiнде дiни нысандардың маңыздылығы бәрiнен бұрын гуманистiк құндылықтарды бекiтуге қандай дәрежеде үлес қосатындығымен анықталады.

Бақылау сұрақтарының тапсырмалары

  1. Діннің әлеуметтік қызметтерін атаңыз?

  2. Діннің дүниетанымдық қызметінің мәнін неде?

  3. Діннің реттеушілік қызметі күнделікті тұрмыста қалай көрініс табады?

  4. Діннің заңға сәйкестендірушілік қызметі дегеніміз не?

  5. Діннің компенсаторлық қызметінің мәнін ашыңыз

  6. Діннің қоғам мәдениетінің сабақтастығын қамтамасыз етудегі рөлін айқындаңыз

  7. Діннің құқықтық мәдениетпен арақатынасын талдаңыз

  8. Діннің тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлін ашыңыз

Екiншi бөлiм