Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

3. Тейярдизм.

Иезуит орденінің адал мүшесі және көрнекті ғалым – палеонтолог, археолог, биолог П. Тейяр де Шарден (1881-1955) діни-философиялық мәселелерді жаңашыл томистер мен жаңашыл августиандықтардан гөрі мүлдем басқа позициялардан шешуге тырысады. П. Тейяр ілімі әлем мен адам жөніндегі ортодоксалды томистік түсініктерге қарама-қайшы келеді. Діни ерен ойы үшін көзінің тірісінде шіркеулік билік тарапынан П. Тейярдың философиялық-теологиялық ілімді оқытып, мақала жариялауына тыйым салынған болатын. Алайда, 60-жылдардан бастап оның көзқарастары әр түрлі бағыттағы модернистік концепцияларда қолданыла бастайды.

Табиғатты философиялық-теологиялық түсіндіру

П. Тейяр де Шарден ғылым мен дін арасындағы қарама-қайшылықты жоюға бағытталған “ғылыми феноменологияны” құруға тырысқан. Ол ғылым, философия және теологияның қатынасы жөніндегі мәселеде ғылымға теологияның қызметшісі мәртебесін беретін томистік нұсқадан, сонымен қатар, августиандықтың иррационализмінен бас тартады. Тейяр жаратылыстанудың фундаменталды қағидаларын жаңартылған эволюциялық-ғарыштық христиандықты құруға әкелетін философиялық-теологиялық концепцияны жасауға жарамды деп білген.

Христиандық әлемтануды тереңінен зерттей келіп, Тейяр де Шарден оған эволюция принципін қосады. Әлем, католиктік философтың концепциясы бойынша, әрдайым өзгеріс үстінде. Ол үнемі қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму процесінде болып отырады. Тейяр, сонымен қатар, сапалық және сандық өзгерістердің арақатынасын атап өтеді. Жаңа сапаның пайда болуын табиғи жаратылыс тарихына секіріс ұғымын енгізбей түсіндіру мүмкін емес деп біледі. Секіріс - эволюцияның жаңа сатысы өткенін жоққа шығаратын өзгерістің ең жоғарғы сатысы деп есептейді. Эволюция белгілі бір нүктеде, “Альфа нүктесінде” басталады. Әлем дамуы процесінің – космогенездің – негізгі шиеленіскен нүктелері ретінде Тейяр келесілерді атайды: бейорганикалық табиғат (“өмірге дейінгі кезең”), органикалық материя (“өмір”), рухани әлем (“ой, ноосфера”) және Құдай (“Омега нүктесі”). Тейяр эволюцияның адамзаттың қалыптасуы, дамуымен байланысты сатысына ерекше көңіл бөледі. Адам - биологиялық эволюцияның басқа сатылармен тікелей байланысты буын. Алайда, ол жаратылған дүниеде ерекше орынды иеленеді, өйткені бұл деңгейде әлем дамуының жоғарғы формасы – ой, сана, руханият қалыптасады.

Тейярдың айтуы бойынша, ерекше ойлау қабілетіне ие адам пайда болғанға дейін әлемде барлық нәрсе бейтарап болды және бұл бейтараптылық әрдайым күшейіп отырған. Адам болса, өз әрекеті арқылы үнемі әлемдегінің барлығын жоғары дәрежелі синтезден өткізіп, жаңа сфера – рух сферасын құрайды. Нақ осы сфераны Тейяр Жердің геохимиялық дамуының барисфера, литосфера, биосфера секілді сатыларына ұқсатып, “ноосфера” - Жердің ойлаушы қабаты деп атайды.

Рухани бастаманың материядан басым болып келетіндігі, дүниенің рухани-тұлғалық негізі туралы концепцияны негіздеу мақсатында Тейяр материяның түгелдей жандылығы жөнінде тұжырым шығарады. Бүкіл болмыстың белгілі бір бастамадан (субстанциядан) пайда болуын түсіндіру үшін атомдардың, электрондар мен элементарлы бөлшектердің белгілі бір “руханилығы” бар екендігіне сену қажет. Болмыстың рухани сатысын Тейяр ерекше бір қуат ретінде қарастырып, оны физикалық байланыстарды қамтамасыз ететін “тангенционалды” байланыстан бөле-жара “радиалды” байланыс деп атағанды жөн көреді.

Психикалық табиғаты бар “радиалды” қуат – Тейярдың түсінігі бойынша - материяны “аморизациялау” (франц. L’amour - Махаббат) арқылы оның күрделенуі мен дамуын қамтамасыз ететін құдайлық игілік. Нақ осы “радиалды” құрамдас бөлшек арқылы “Омега нүктесі” (Құдай) эволюция барысына әсер етеді. Әлем эволюциясын Тейяр психизмнің әлдеқайда жоғары формаларына бағытталған қайтымсыз қозғалыс ретінде түсіндіреді.

Тейяр концепциясы финалистік сипатқа ие. Әлемдегі даму қатаң тәртіппен жүреді, материалды себептерден кейін міндетті түрде тереңде жатқан, мақсатты бастауды іздеу керек. Қатаң детерминизм принципі орнатылған осы сферада Тейяр бұл принциптің сөзсіз әсерін мойындайды; жансыз табиғат деңгейінде мақсатты бастау өзін белсенді түрде білдіре бермейді. Айқын және белсенді формасында мақсат адам деңгейінде ғана көрініс табады. Адам – бұл саналы ағза, Құдайға ұмтылған болмыс. Құдай мұнда әлемдік дамудың ақырғы мақсаты ретінде көрініс табады: “радиалды қуат”, психизм, сол сияқты, адамның пайда болуымен оларға қосылған сана эволюцияны белгілі бір трансцендентті мақсатқа әкеледі.

Әлеуметтік идеал

Тейяр де Шарденнің ойлары католицизмнің жаңашыл әлеуметтік-этикалық іліміне, әсіресе, адам қоғамы болашағының моделін құрастыруға елеулі әсерін тигізді. Тейяр концепциясы бойынша, әлемдегі әлеуметтік және өнегелі процесс бүкіл “әлем элементтерінің” біртұтастыққа кірігуі арқылы көрініс табады. Адам қоғамына қатысты бұл жалпы тотализация мен әлеуметтенуді білдіруі тиіс. Болашақ әр түрлі және әлі де болса бірін-бірі шеттейтін ағымдардың – христиандықтың, буржуазиялық демократияның, шығыс мистикасының, коммунизм мен фашизмнің бірігуінен туындайтын рухани бастаманың қалыптасуынан көрініс табуы тиіс. (Оның үстіне, Тейярдың фашизмге оң қабақ танытуы оның бұл ағымды жұмыссыздықты болдырмау, мықты билікті ұымдастыру, ал, ең бастысы - “тотализациялау” құралы ретінде қабылдауымен түсіндіріледі).

Конвергенция мен әлеуметтік унификацияны ұсынатын Тейярлық эволюционизм бүкіл интеллектуалды, саяси, ұлттық және тілдік кедергілерді шешуді көздейді. Бастапқыда жалпыадамзаттық мәдениет, техника, ғылым, дін және мораль қалыптасады деп түсіндіріледі. Тейяр ілімінде адамзат тарихы ең соңында эсхатологияға – адам мен әлемнің ақырғы тағдыры, қиямет қайым туралы ілімге өрбиді. Қоғамның өмірі – төменгі әлеуметтік формалардан жоғарғы психизм формаларына бағытталған эволюция жобасына айналады. Онда адам санасы, рухани мәдениет өзінің материалды тасымалдаушыларынан бөлініп шығып, шындықтың ерекше формасы ретінде өзінше өмір сүре бастайды. Махаббат қоғам эволюциясының қозғауышы, оның “жан-қаны” болып есептеледі. Егер адамзаттың бас қосып, бірігу актісі бір мезгілде өзара махаббат актісі болмаса, онда адамзат өзін-өзі таба алмай, қалыптаса алмай қалады деп жазады ол.

Қоғамның “аморизациясы”, яғни махаббаттың әлеуметтік организмге өтуі, Тейяр бойынша бірнеше фазалардан тұрады. Ол таңдаулы (интимді қатынастар), қоғамдық (жақындарға деген қатынас) және адамның Құдайға қатынасы ретіндегі махаббатты атап көрсетеді. Соңғы фазасында махаббат, оның пікірінше, әрдайым идеалды өлшемге, бүкіл махаббаттың орталығы болып табылатын Омега нүктесіне – Христосқа ұмтылады. Махаббаттың арқасында Омега нүктесі тұлға мен жалпылылықтың синтезіне айналады. Ендеше, махаббат – бұл адамға адаммен бірігуге мүмкіндік беретін, ал ноосфера арқылы жаңа адамзат қауымдастығының өз индивидуалдылығын жоғалтпай, Омега нүктесімен бірігуге мүмкіндік беретін фактор.