Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

2. Дiни әрекет

Әрекет түрлерi

Дiнде сәйкес әрекет өрбидi. Әрекет “қозғалатын”, “тынышсыз” компоненттi бiлдiредi. Дiни индивидтердiң, топтардың, институттардың және ұйымдардың дiни және дiни емес әрекеттерiн ажырата бiлу керек. Дiни емес әрекет дiни салалардан тыс: экономикалық, өндiрiстiк, мамандық (еңбек бөлiнiсiнiң әр түрлi салалары), саяси, мемлекеттiк, көркемдiк, ғылыми салаларда жүзеге асырылады. Дiни емес әрекет дiни әсемделген болуы мүмкiн, оның түрткiлерiнiң бiрi ретiнде дiни түрткi болып табылады. Бiрақ объективтiк мазмұны, пәнi және нәтижелерi бойынша – бұл дiни әрекеттен тыс.

Дiни әрекет қоғамдық әрекет жүйесiнде өзiндiк орынды алады. Дiни әрекеттiң екi негiзгi түрi бар: культтiктен тыс және культтiк. Культтiктен тыс түрi рухани және практикалық салада жүзеге асады. Культтiктен тыс рухани әрекет дiни идеяларды жасаудан, теологияның қасаң қағидаларын жүйелеу мен түсiнiктемелеуден, дiни шығармаларды жасаудан және т.б. құралады. Культтiктен тыс практикалық әрекет түрлерi – дiни культ құралдарын өндiру, миссионерлiк, соборлардың жұмысына қатысу, оқу орындарында (мектептерде, университеттерде, дiни оқу орындарында) дiни пәндердi оқыту, дiни ұйымдар мен институттарда басқару әрекетi, баспа, радио, теледидар арқылы дiни көзқарастарды үгiттеу, жанұя мен басқа да қарым-қатынас топтарында дiни насихат. Әдетте, дiни емес әрекетке азды-көптi дәрежеде культ элементтерi де енетiнiн басып айтқан жөн.

Культ

Дiни әрекеттiң маңызды түрi культ болып табылады (лат. cultus – күтiм, құрметтеу). Оның мазмұны сәйкес дiни түсiнiктермен, идеялармен, қасаң қағидалармен анықталады. Дiни сана культте бәрiнен бұрын культтiк мәтiн түрiнде көрiнедi, культтiк мәтiнге Қасиеттi Жазмыштың, Қасиеттi Әңгiменiң, дұғалардың, псалмалардың, ән айтулардың және т.б. мәтiндерi жатады. Бұл мәтiндердi культтi орындау кезiнде айту культке қатысушылардың санасында дiни образдар мен баяндауларды жандандырады. Мазмұн тұрғысынан қарастырылатын культ “дiни мифтi драмалау” ретiнде сипатталуы мүмкiн. Өнерде (мысалы, театрда) көркемдiк мәтiндi қайта шығару, оның қаншалықты нақты және шебер жасалғанына қарамастан, әрекеттiң шартты түрде жасалып жатқандығын жоймайды. Ал дiни культте мәтiндi драмалау мәтiнде суреттелген оқиғалардың шынымен iске асатынына, бұл оқиғалардың қайталанатынына, дiни кейiпкерлердiң қатысатынына, объективтi деп мойындалатын жаратылыстардан жауап алуға, партиципация немесе олармен кiрiгуге деген сенiммен байланысты.

Культтiк әрекеттiң заты дiни образдар ретiнде түсiнiлетiн әр түрлi зерзаттар мен күштер болады. Әр түрлi типтегi дiндерде, әр түрдi дiни бағыттар мен конфессияларда культтiң заты ретiнде материалды заттар, жануарлар, өсiмдiктер, ормандар, таулар, өзендер, Күн, Ай және т.б. дiни сана атрибуттаған қасиеттермен және байланыстармен бiрге алынды. Алуан түрлi процесстер мен құбылыстар культ заты ретiнде және гипостаздалған рухани жаратылыстар – рухтар, құдайлар, жалғыз құдiреттi Құдай түрiнде алына алады. Сонымен қатар, жануарлардың суреттерiнiң – аңшылық құралдарының айналасында жол-жоралық билер, рухтарды арбау, шаман ойыны және т.б. (дiннiң дамуының ерте кезеңдерiнде); құдайға құлшылық ету, дiни рәсiмдер, дiни уағыз, дұға оқу, дiни мерекелер, қажылыққа бару (дамыған дiндерде) да культтiң түрлерiне жатады.

Культтiң субъектiсi дiни топ немесе дiншiл жеке адам бола алады. Бұл әрекетке қатысудың түрткiсi дiни стимулдар: дiни сенiм, дiни сезiмдер, қажеттiлiктер, талпыныстар, үмiттер болып табылады. Сонымен қатар культтiк әрекетте культтiк емес – эстетикалық, қарым-қатынас жасау және т.б. қажеттiлiктердi өтеу ниетi де болуы мүмкiн. Дiни топ субъект ретiнде бiр тектi емес: басқаруды жүзеге асыратын кiшiгiрiм топ бар – священник, пастор, уағыз айтушы, молда, раввин, абыз, бақсы және т.б. және қатысушы және орындаушылар ретiнде әрекет ететiн адамдардың көп бөлiгi. Жеке даралық культтiк әрекеттi жасауға дiни сенiм дәрежесi жоғары, рәсiмдiк мәтiндердi, культтiк әрекет түрлерi мен әдiстерiн жақсы бiлетiн дiншiлдiң ғана қолы жетедi.

Культ құралдарына сиыну үйi, дiни өнер (сәулет, бейнелеу, музыка), әр түрлi культтiк заттар (крест, балауыздар, аса таяқ, шiркеу аспаптары, священник киiмдерi) жатқызылады. Маңызды құрал культтiк ғимарат болып табылады. Культтiк ғимаратқа ене отырып, адам әлеуметтiк кеңiстiктiң арнайы аймағына кiредi, басқа өмiр жағдаяттарынан ерекшеленетiн жағдайға тап болады. Осының арқасында келген адамдардың назары дiни мағына мен мәнi бар заттарға, әрекеттерге, образдарға, рәмiздерге, белгiлерге дiни өнер туындыларына ауады.

Культтiк әрекеттiң әдiстерi дiни нанымдардың мазмұнынымен анықталады, сондай-ақ культ құралдарына байланысты болады. Дiни көзқарастардың негiзiнде анық нормалар, ненi және қалай жасау керектiгi жөнiнде ұйғарымдар қалыптасады. Бұл ұйғарымдар қарапайым культтiк актiлердi (шоқыну белгiсi, бас июлулер, тiзе бүгу, етпетiнен құлау, бас ию), сондай-ақ күрделi актiлердi (құрбан шалу, ғұрыптар, уағыздар, дұға оқу, құлшылық ету, мерекелер) қамтиды.

Әрекет құралдары мен әдiстерi рәмiздiк мағынаға ие. Рәмiз екi жақтың – қолдағы бар заттың, әрекеттiң, сөздiң мағынамен бiрлiгiн бiлдiредi: қолдағы бар зат, әрекет, сөз олардың тiкелей мағынасынан бөлек мағынаны бiлдiредi. Крест, мысалы, - бұл қиылысқан жұқа тақтайшадан тұратын зат қана емес, ол анық бiр мағына беретiн рәмiз (Крестiң тұрғызылуы, Христостың керiлуi, оның қайта тiрiлуi). Православиелiктердiң үш саусақпен шоқынуы бiрiктiрiлген үш саусақ арқылы жасалған қайсыбiр фигураны, сондай-ақ Құдайдың үш бiрлiгiне сенудi бiлдiредi.

Культтiк әрекеттiң нәтижесi бәрiнен бұрын дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру, дiни сананы тiрiлту болып табылады. Дiншiлдердiң санасында культтiк әрекеттердiң көмегiмен дiни образдар, рәмiздер, мифтер қайта елестетiледi, сәйкес эмоциялар қоздырылады. Культ дiншiлдердiң психологиялық күйiнiң динамикасының факторы бола алады: жабырқаңқылық күйiнен (мазасыздық, қанағаттанбаушылық, iшкi үйлесiмсiздiк, күйiну, зарығу) жеңiлдену күйiне (қанағаттанушылық, тынышталу, үйлесiмдiлiк, қуаныш, күштiң тасуы) көшу орын алады. Культтiк әрекетте дiншiлдердiң бiр-бiрiмен шынайы араласуы болады, ол дiни топтың бiрiгуiнiң құралы болып табылады. Культтi орындау уақытында эстетикалық қажеттiлiктер де қанағаттандырылады. Көркемдiк құндылығы бар икон, сәулет және храмның заттары, дұғалар мен псалмаларды оқу – осының бәрi эстетикалық ләззат бере алады.