- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – қазақстан республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің институт
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Геология
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Аэросуретке түсіру
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Экология
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Пайдалы қазбаларды қорғау
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Өндірісті экологияландыру
- •Геофизика
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Қазақстан мұнайы
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Қолданбалы экология
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Жерасты суларының маңызы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Ауа райы және климат
- •Өсімдік және медицина
- •Айналадағы ортаны қорғау
Қазақстан республикасының туы
Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс - аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі. Көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндіктің белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Қасиетті көк байрақтың авторы халқымыздың талантты ұлдарының бірі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Қазақстан республикасының әнұраны
Мемлекеттік әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің рәмізі болып табылады. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға үндейтін, бірлескен іс-қимылға шақыратын, сана-сезімге психологиялық әсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл.
Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұранның музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан республикасының әнұраны
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы.
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Тапсырмалар.
1. Жаңа сөздерді дәптерге жазып, аудармасын есте сақтаңыз.
2. Мәтіндерді оқып, аударыңыз.
3.Тіршілік, шаңырақ, ұлттық, өрнек, рең, байлық, береке, қыран, тұлпар, тәуелсіздік, егемендік сөздерімен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.
4. Қазақ елінің Елтаңбасы мен Туын суреттеңіз.
5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Басқа қандай елдердің Елтаңбасын білесіз?
ә) Біздің Елтаңбамыздағы белгілер басқа елдердің Елтаңбаларында кездесе ме?
6. Төмендегі сөйлемнің ішінен жіңішке, жуан дауыстыларды ажыратыңыз:
Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.
7. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз:
Біздің ... шеңбер ішінде.
Елтаңбадағы ең негізгі ... – шаңырақ.
Қазақ халқында «...отбасынан...» деген ... бар.
Шаңырақ – қазақ ... белгісі, ... .
Шаңырағы бар... тарихта болған емес.
Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты... .
8. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз:
Қазақ елінің Туының түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Абылайдың туы ақ болған. Әмір Темірдің туының түсі – аспан көк.
9. Мәтіннен үндестік заңына мысалдар келтіріңіз.
10. Берілген сөздерді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызыңыз: пырақ, ту, көкбайрақ, мемлекет, елтаңба, әнұран, шаңырақ, күн сәулесі, қазақ, ою-өрнек, елбасы, жұлдыз, елорда, төлқұжат, ата заң.
11. Танысыңыз. Есіңізде сақтаңыз.
9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекетік Рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 1996 жылғы қаңтардың 24-індегі Жарлығынан:
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.