Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Біздің институт

ТАУ-КЕН ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХЫ

1953 жылы тау-кен факультеті болып құрылып, 2010 жылдың 15 қыркүйегінен бастап тау-кен институты болып аталады.. 1958 жылы политехникалық институт болып құрылып, 1996 жылы мемлекеттік техникалық университет болып жарияланды.

Жалпы бұл жоғарғы оқу орнының негізін қалаушы Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымының докторы Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры (1958-1987 ж.) болды.

Тау-кен институтының бұрынғы декандары: Крюхин П.И. (1953-1957), Лебедев А.И. (1957-1962 ж.), Кенжин З.М. (1963-1964 ж.), Сомсонов М.Т. (1964-1968 ж.), Вальштейн Г. И. (1968-1988ж.), Смагулов З.М. (1988-2000 ж.), Самарцев Г.И., Исабек Т.К. декан қызметін атқарған. Ал қазір институттың директоры т.ғ.д., профессор Ибадолла Дайырұлы Арыстан.

Бүгінде институтта 4 кафедра жұмыс істейді: Биотехнология, Тау-кен ісі, Геодезия және картография, Органикалық заттардың химиялық технологиясы, механика кафедрасы.

Тау-кен институты құрылғаннан бері 12 мыңдай инженер мамандары дайындалып, Республикамыздың жер-жерінде, онымен қоса алыс және жақын шет елдерде де жемісті қызмет атқаруда.

Тапсырмалар.

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сөздік бойынша жұмыс жасаңыз.

3. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, мысал келтіріңіздер.

4. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыз.

5. Мәтіннен сан есімнің түрлерін тауып ажыратыңыз.

6. Тау-кен институты құрылғаннан бері 12 мыңдай инженер мамандары дайындалып, Республикамыздың жер-жерінде, онымен қоса алыс және жақын шет елдерде де жемісті қызмет атқаруда. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасап, шылауларды табыңыз.

7.Университеттің институттарын айтып шығыңыз. Өз институтыңыз жайлы әңгімелеңіз.

8. Институт ғимаратын, оның әр қабатын суреттеңіз.

9. Жіктік жалғауларын жалғаңыз.

Мен студент…, біз үшеу…, сен оқушы…ба?, сіз көрді…бе? Сендер оқыды…, олар ұшқыш…, сіздер әріптес…, ол оқушы… .

10. Мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөз тіркестерін жазыңыз.

11. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға жазыңыз.

12. Мәтінді оқып, зат есімдерді табыңыз. Қандай зат есім екенін айтыңыз.

13. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Институттың тарихын әңгімелеңіз.

  • Институт қандай мамандықтар шығарады.

  • Тау-кен мамандығынан шыққан қандай ғалымдарды білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. «Біздің университет» тақырыбына буклет.

2. «Сағынов – академик, ғалым» слайд жасау.

3. «Біздің институт» тақырыбына әңгіме.

13-тақырып. Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан-2030. Етіс категориясы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]