Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Геофизика

Геофизика - жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені. Зерттеу бағыттарына қарай, жер, теңіз және атмосфера физикасы болып бөлінеді. Геофизиканың қолданбалы салалары: барлау және кәсіптік. Геофизика - геологиялық міндеттерді шешуге бағытталған. Геофизикалық зерттеулер ауа райын болжау үшін сондай-ақ жер шарындағы энергетикалық және байлықтарын игеру үшін пайдаланылады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.

3. Экология. Геология. Геофизика мәтіндері бойынша түсінгеніңізді шылау түрлерін қолдана отырып, жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1.«Нарық және салық» тақырыптарына шығарма жазу.

2. «Геофизика» тақырыбына слайд жасау.

3. «Нарық және салық» тақырыптарына сұхбат құрастырыңыз.

9-тақырып. Ақша қызметі. Теңге – ұлттық валюта. Қазақстан мұнайы. Сөйлем мүшелері.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сөйлем мүшелерінің түрлерін қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Ақша қызметі

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі - ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейту, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыру (мобилизация) және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беру. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық - материалдық құндылықтарды шаруашылық - қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.

Ақшаның экономикадағы рөлі тауарды, қызметтерді сату-сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады. Яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.

Мемлекеттер экономикасын ақшалай несиелік реттеудегі ақшаның рөлі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясына негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт – бағдары белгіленеді, соған сәй кес ақша – несие құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.

Мұндай ақша несиелік реттеудің мақсаты – ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) – нің өсуін ынталандыру.

Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қоғамда ақша қандай рөл атқарады?

Ақша өндіріспен үздіксіз байланыста болады ма?

Ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт – бағдарын реттеу қалай жүзеге асады?

Ақша несиелік реттеудің мақсаты не?

Ақшаның экономикадағы рөлі қандай?

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Ақшаның рөлі жалпы ... балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша ... тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының ... болып табылады.

Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының ... , сонымен бірге ... жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша .... қозғалысын туындатады.

Яғни ақша арқылы ... және ... қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың ... жауапкершілігі артады.

4. Сөз тіркесін жасаңыз.

Экономикалық ... , еңбек ... , қаржылық... , инфляцияны...,

5. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

6. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]