- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – қазақстан республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің институт
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Геология
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Аэросуретке түсіру
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Экология
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Пайдалы қазбаларды қорғау
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Өндірісті экологияландыру
- •Геофизика
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Қазақстан мұнайы
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Қолданбалы экология
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Жерасты суларының маңызы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Ауа райы және климат
- •Өсімдік және медицина
- •Айналадағы ортаны қорғау
Жер тұрғындары
Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.
Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай төртке бөлінеді.
Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.
Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.
Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.
Жаңа сөздер:
құрлық наным-сенім қоныстану |
нәсіл тұрғын дәстүр шалғынды жазықтар жасанды |
Тапсырмалар.
1. Жаңа сөздерді оқыңыз.
2. Жаңа сөздердің синонимдерін жазыңыз.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Мына сызба бойынша жұмыс істеңіз:
үлкен жаңа таза ... |
құрлық
|
4. Мәтінді түсініп оқыңыз.
5. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.
6. Мәтін ішінен жалғау түрлерін ажыратып көрсетіңіз.
7. Етістіктерді болымсыз етістік формасына айналдырыңыз.
8. Мына шағын мәтіндерді оқыңыз, түсініңіз.
Әр елдің салт-дәстүрі, мәдениеті әр басқа. Мысалы, Таиландта аяқты айқастырып отыру – басқаларды сыйламағандық. Жапонияда шай ішу – маңызды дәстүр. Шайды арнайы құралдармен дайындайды, арнайы ыдыспен ұсынады. Шай ішу салтанатына адамдар жақсы киімдерін киіп барады. Астан соң бір-біріне тілектерін айтады.
9. Халықтар, олардың мәдениеті, тілі, діні, нәсілі туралы мәліметтер жинаңыз. Оны әңгімелеп беріңіз.
Қазақстанның халқы
2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аса жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», -деп айтылған.
Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.
Тапсырмалар.
1. Мәтін бойынша сөздік құрыңдар.
2. Сіз Ұлттық халық санағына қатыстыңыз ба? Ситуативтік жағдай.
3. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.