Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Экология

Экология - (гректің olkos - үй, тұрақ, тұрғын орын және logos - ілім деген сөздерінен шыққан) - тірі организмдердің айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология - ортаның өсімдіктер мен жануарлар организміне, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді. Экология орман өсіру, ауыл шаруашылығы, балық аулау, аңшылық шаруашылықтарының проблемаларын шешуге жәрдемдеседі. Экология - практикамен тығыз байланыста дамиды (егіншілікті дамыту, тың жерлерді игеру, егін қорғау алқаптарын өсіру, селекция, топырақ эрозиясына қарсы күрес, су көздерін таза сақтау). Экологияның бір бөлімі - табиғат қорғау.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерге көңіл бөліңіз.

2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.

3. Септеулік шылауларды конспектілеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Қазақстанның білім беру жүйесі» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Болашақ» бағдарламасы тақырыбына әңгіме жазу.

3. Экология тақырыбына реферат жазу. Слайд жасау.

6-тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбаларды қорғау. Жай сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Жай сөйлемді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құның анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

  • Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма ?

  • Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

  • Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма ?

  • Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

6. Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз және түрін анықтаңыз.

7. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

8. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден ырықсыз етіс жасаңыз: көрсет, бар, анықта, тұр, сана, қос, пайдалан, шығар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]