Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Қазақстаның пайдалы қазбалары

Қазақстан µзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен д‰ние ж‰зіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында єлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық т‰рі (90-нан астам) орасан зор кµлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, кµмір, м±най, болат, мыс, к‰міс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда м±най, газ µндірсе, Шығыста ¤скеменде фосфор, Орталықта кµмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар єлемнің кµптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда µндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.

4. Сынап, қорғасын, алтын, кµмір, м±най, болат, мыс, к‰міс, темір сөздерін аударып, асты сызылған сөздерді септеңіз.

5. Пайдалы қазбалар, жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Пайдалы қазбаларды қорғау

Жер шарында пайдалы қазбаларды өндіру барған сайын арта түсуде. Ал олардың жер қойнауындағы қоры шексіз емес және қазып алғаннан кейін қайтадан қалпына келмейді. Қазіргі кезде қоры сарқылуға айналған немесе мүлде сарқылған кен орындары аз емес. Сондықтан пайдалы қазбаларды қорғаудың үлкен мәні бар.

Пайдалы қазбаларды қорғау оларды өндіруге, сақтауға және пайдалануға байланысты бірқатар шаралардан тұрады. Олардың ішінде бастылары мыналар:

  1. кен орнындағы пайдалы қазбаны қалдырмай, сарқа қазып алу керек;

  2. пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде төгіп-шашуға болмайды;

  3. пайдалы қазбаларды бүлінуден сақтау керек (мәселен, үйілген көмір көп жатса, қызып өзінен-өзі жанады);

  4. пайдалы қазбаларды өңдеуде ысырапқа жол бермеу керек (кейде мыс немесе қорғасын тау жынысымен бірге шығарылып тасталады).

Осы айтылғандармен бірге көптеген елдердің ғалымдары кейбір пайдалы қазбаның орнына жүретін зат ойлап табудың тәсілін іздеуде. Мәселен, энергияны жанғыш пайдалы қазбалармен қатар су электр станциясынан, атом станциясынан, күн, жел, теңіздегі толысу және жер қойнауындағы жылуды пайдалану арқылы алатыны белгілі. Бірақ әзірге энергияның бұл көздері дүние жүзінде пайдаланылатын бүкіл энергияның он процентіне де жетпейді.

Металл орнына жүретін анағұрлым арзан және оңай алынатын заттар ойлап табылған. Қазіргі кезде машина бөлшектерінің, үйде күнделікті пайдаланылатын заттардың көпшілігі пластмассадан жасалады.

Тапсырмалар.

  1. Жаңа сөздерді оқыңыз, айтылуына көңіл бөліңіз, аударыңыз, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

  2. Мәтінді тыңдаңыз, оқыңыз.

  3. Тиісті қосымшаларды қойыңыз: сарқыл... кен орындары, пайдалы қазбалар... қорғау, сарқа қазып ал..., бүліну... сақтау, заттар ... көпшілік... .

  4. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз: Металл орнына жүретін анағұрлым арзан және оңай алынатын заттар ... . Жер шарында пайдалы қазбаларды өндіру ... арта түсуде. Қазіргі кезде қоры сарқылуға айналған немесе мүлде сарқылған кен орындары ... .

  5. Мәтіннің қысқаша мазмұнын жеткізіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Ұлттық байлық» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақстанның пайдалы қазбалары» тақырыбына реферат жасау.

3. «Пайдалы қазбаларды қорғау» тақырыбына слайд жасау.

7-тақырып. Аралық тест. Экономикалық тәуелсіздік. Өндірісті экологияландыру.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. №327 кабинеттерде тест тапсыру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]