Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Ұлттық теңгеміз туралы

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.

Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.

Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Ұлттық теңге қай жылы қай айда дүниеге келді?

Теңгенің авторлары кімдер?

Теңге ненің белгісі?

3. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз

Қазақстан мұнайы

Қазақстан экономикасының мұнай мен газ экспортына бағыныштығынан шығу жолындағы әрекеттері былтырдан көріне бастады.

Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық  нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.   

2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі жаңа сөздерге назар аударыңыз.

3. Бірнеше сөйлемді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Ақша қызметі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. «Теңге – ұлттық валюта» реферат.

3. «Қазақстан мұнайы» слайд.

10-тақырып. Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан климаты. Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]