Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

  • Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

  • Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

  • Әр күнге жоспар құрасыз ба?

  • Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

  • Уақыт – алтыннан қымбат дейді.

5. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы сөйлемдерді табыңыз.

  • мәтіннен сан есімді сөйлемді табыңыз;

  • мәтіндегі дерт сөзіне синоним табыңыз.

6. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.

7. ХХ ғасыр ғажаптарын атаңыз.

Мысалы:

а) адам ғарышқа ұшты; в)

ә) медицина жақсы дамыды;г)

б) техника өте жақсы дамыды;ғ)

8. ХХ ғасырдағы техника жаңалықтарын атаңыз.

Мысалы:

а) компьютер пайда болды;

ә) телефон, телефакс;

б) электротолқынды пеш;

в) автомобильдің көптеген түрі;

г) кір жуғыш машина;

ғ) тоңазытқыш;

д) электронды пошта;

е) ұшақ (самолёт);

ж) теледидар;

з) магнитофон;

9. Жоғарыда аталған ХХ ғасырдың техника ғажаптарын нөмірлеңіз, сіз үшін ең маңыздылары қайсысы? Уақытыңызды осы техникалар арқылы үнемдей аласыз ба?

Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?

компьютер Жазатын жұмысым көп,

телефон уақытымды үнемдеймін.

автомобиль …

кір жуғыш машина …

электронды пошта …

электротолқынды пеш …

ұшақ …

тоңазытқыш …

  1. XXI ғасыр техникалық ғажаптарының жақсы жағын, жаман жағын атаңыздар.

телевизор …

Техника

Жақсы жағы

Жаман жағы

компьютер

теледидар

автомобиль

ұшақ

телефон

электртолқынды пеш


МЕНІҢ КҮНТӘРТІБІМ

1. Мен ылғи таңғы сағат жетіде (700) тұрамын.

2. Мен жуынамын, тісімді тазалаймын. Таңертеңгі асымды жеті

сағат отыз минутта (730-да) ішемін.

3. Одан кейін таңертеңгі сағат сегізде (800-де) автобуспен

университетке кетемін, өйткені бірінші сабақ сағат тоғызда

(900-де) басталады.

4. Сабақ кестесі бойынша біз аптасына алты күн, күніне бес

сабақтан оқимыз,

5. Мен кешкі сағат бесте (500-де) келесі күннің тапсырмасын

орындауға кірісемін.

6. Мен сағат жетіде (700-де) жолдастарыммен кездесу үшін

аулаға шығамын.

7. Кешкі астан кейін мен шамалы ата-анама көмектесемін. Содан

кейін теледидар көремін.

8.Сағат он бірде жататын бөлмеме барамын, ұйықтардың

алдында аздап кітап оқимын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]