Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Атамекен

Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

  1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен!

  1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем!

  1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем!

Тапсырмалар.

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

2. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.

3.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен, асқар тау, күннің нұры.

4. Өлеңнен тәуелдік жалғауларды табыңыз.

5. Өлеңнен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6. Өлеңді жаттап алыңыз.

Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан

Қазақстан Республикасы қазір әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды. Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақстан – жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болып отыр. Осы салалардың өсуі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. «2003-2015 жж. арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін толық шешіп, өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға кірісті.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

- Қазақстан саяси картада қашан пайда болды?

- Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс орнатты?

- Қазақстан шаруашылығының басты саласы не?

- Инновациялық даму қандай мүмкіндік береді?

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

4. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

5. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: шаруашылығының, тәуелділігін, мәселелерін.

6. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: саяси, шикізат, сапалы, тиімді.

7. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: Қазір біздің елімізді барлық ... елдер біледі. Қазір Қазақстан елді тиімді ... жүйесін құрып, ... мәселелерін толық шешіп, өзінің ... жағдайын жақсартуға кірісті.

8. Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

9. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

7. Нығметова Н.Т. Нұржанова Қ.Қ. Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2009

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. «Ұлы іс отаншылдықтан туады» тақырыбына әңгіме жазу.

2. «Туған жер» тақырыбына байланысты өлең жаттау.

3. «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» тақырыбына слайд жасау.

5-тақырып. Білім - байлығымыз. Білім атасы – Ы. Алтынсарин. Кітап - білім – бұлағы. Зат есім.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Зат есімнің жасалу жолдарын түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу.

3. Жаңа сөздер жаздыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]