Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Қоршаған ортаны инженерлік қорғау

Адамның денсаулығы мен қызметі үшін қоршаған ортаның таза болуы қажет. Бұл адамдардың жағдайын жақсартады. Қазіргі уақытта табиғат ресурстарын орынсыз пайдалану, қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен ластау көптеп байқалады. Республикада экологиялық жағдайлардың нашарлауы табиғатты қорғау әрекетінің жеткілікті түрде болмауынан болып отыр. Қоршаған ортаның денсаулыққа зиян факторларын анықтау қажет. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау мәселелерін айқындау керек.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерді оқыңыз, аударыңыз.

2. Мына сөздердің синоним сыңарларын табыңыз: орынсыз, қалдық, нашарлау, жеткілікті, айқындау.

3. Шылау сөздерді еске түсіріңіз.

4. Септеулік және жалғаулық шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Адам және қоғам» тақырыбына әңгіме.

2. «Салауатты өмір салты» тақырыбына реферат.

3. «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» тақырыбына презентация.

3-тақырып. Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұжым. Геология. Үстеу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Үстеуді түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Жеке адам, топ және ұжым

Ұжым – күрделі оркестр,

онда әркімнің өз аспабы болады,

сол аспабымен ойнайды.

В.А.Сухомлинский

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі- ұжым (коллектив) деп аталады.

А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

  • Ұжым алдындағы айқын мақсат;

  • Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс -әрекет жасауы;

  • Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

  • өз арасында міндеттер белгілеуі;

  • белгіленген міндеттерді орындау;

  • қатаң тәртіптің болуы;

  • өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.

Тапсырмалар.

1. Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

2. Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?

3. «Ұжым » деген ұғымды қалай түсінесіз?

4. Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз.

5. Шын немесе жалған екенін көрсетіңіз

Иә

Жоқ

Жеке адамның қалыптасуы қоғам дамуына байланысты емес.

Топтың екі түрі бар.

Топтағылар бірігіп іс - әрекет жасайды.

Ұжым мүшелері қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасайды.

Сіз ұжымда оқисыз.

Сіз топта оқисыз.

Сіздің деканыңыз ұжымда жұмыс істейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]