Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Қолданбалы экология

Қолданбалы экология қоршаған ортаның практикалық мәселелерін шешу жақтарын қарастырады (қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, шаруашылықтың әр түрлі салаларындағы технологияларды жетілдіру). Қолданбалы экологияда өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, химиялық, медициналық және т.б. бағыттар дами бастады.

Олай болса, «классикалық экологияда» абиотикалық және биотикалық факторларға және олардың табиғи экожүйелердегі әсеріне көп көңіл бөлінеді. Ал «әлеуметтік және қолданбалы экологияда» ең алдымен антропогенді факторлар, олардың табиғи және әлеуметтік жүйелердегі әсері қарастырылады. Біздің планетамыздағы бұл жүйелердің қосылуы нәтижесінде әлеуметтік-экологиялық жүйелер қалыптасты.

Әлеуметтік және қолданбалы экологияның міндеттеріне тек қана жергілікті, аймақтық және ғаламдық әлеуметтік экожүйелердің оптимизациясына ғана емес, сонымен қатар адамды биоәлеуметтік түр ретінде, оның биосфера және экожүйедегі орны мен рөлін, оның қоршаған ортаға әсер ету ауқымын зерттеу де кіреді.

Бұл мамандық иелері әлеуметтік-экологиялық жүйелерін басқаруда, табиғатты қорғау шараларын жоспарлау мен ұйымдастыруда, мекемелер мен кәсіпорындарды экологиялық сараптауларда, табиғат ресурстарын орынсыз пайдаланғаннан келетін шығынды анықтауда жобаланған шешімдердің экономикалық тұрғыда бағалау салаларында қызмет атқарады.

Ғылыми зерттеулерге, жобалауға, инженерлік жүйелердің орындалуына қатысады. Инженер-эколог басқарушы қызметтерде, инспекциялық-бақылауда, ғылыми-зерттеулерде жобалау іс-әрекеттерінде жұмыс істейді.

Тапсырмалар.

  1. Мәтіндерді түсініп оқыңыз.

  2. Радиация, радияциялық экология туралы не білдіңіз?

  3. Мәтіндерден сөз тудырушы жұрнақтарды теріп жазыңыз.

  4. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып мәтіндердің мазмұнын қысқаша жазып алыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Қазақстан экологиясы» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақстанның табиғатын қорғау» тақырыбына реферат жазу.

3. «Қолданбалы экология» тақырыбына әңгіме жазу.

12-тақырып. Жер құнары - өмір нәрі. Ақ бидай. Жерасты суларының маңызы. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Жер құнары - өмір нәрі

Жер деген - әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.

Мұндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа, бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.

Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Еңбек туралы» мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып жаттап алыңыз.

4. Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.

5. Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]