Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Білім – байлығымыз

«Әр халықтың дамуы үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек»,-деген екен Ш.Уәлиханов. Ел азаматтығын алысымен тарихи-әлеуметтік болмысына сай жаңа білім жүйесін құрудың аса қажеттілігі туды. Бұл міндетті атқару бұрынғы білім проблемалары институты үшін салмағы ауыр жүк болатын.

Мемлекетіміздегі үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы үш ғылыми-зерттеу институттарының (Жоғары білім институты, Кәсіптік білім институты, Орта білім институты) құрылуы да Республиканың білім беру болашағынан үлкен үміт күтетіні сөзсіз.

Ғылым мен практика, бейнелеп айтқанда, құстың қос қанатындай немесе ашық мұхиттағы қайықтың ескексіз жүзе алмайтындай бір-бірімен тығыз байланысты. Ертеңгі ұрпақтың мектеп қабырғасынан сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына осы байланыстың әсері мол.

Қазақстандық экономиканың жетістігі, көбінесе, бәсекелесуге қабілетті жоғары технологиялық экономика үшін мамандардың жаңа буынын дайындауды қамтамасыз етуге арналған жоғары білім беру жүйесін қайта құру. Біздің Республикмызда қоғамдағы және еліміздің білім беру саясатындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден туындайтын жалпы стратегиялық міндеттерді бейнелейтін жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы дайындалды.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазыңыз.

2. Мәтінді аударыңыз.

3. Білім, байлық, міндет, қабілет сөздерін септеңіз.

4. Білім, байлық, міндет, қабілет сөздерін пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.

Білім атасы - ыбырай алтынсарин

(1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зерттеуші, этнографы.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Арқақарағай облысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған Ыбырай белгілі би, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Ол өз бетінше оқып, білім алған. Ыбырайдың білім алуына атасы Балқожа бидің игі ықпалы, Шығыс зерттеушісі, ғалым В.В. Григорьевтің де үлкен әсері болды.

Ы. Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды. Ол халыққа білім беруді арман етті, қазақ ауылдарында орысша-қазақша мектеп ашты. Ыбырай қазақ балаларына арнап 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап, бастауыш класқа арналған орыс тілі оқулығын жазды.

Жаңалыққа ұмтылған Ы.Алтынсарин орыс графикасын негізге алып, қазақ алфавитін жасады. Оның «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы» т.б. әңгімелері, ертегілері, өлеңдері бар. Ы. Алтынсарин көптеген публицистикалық мақалалар жазды. Оларды үш топқа бөлуге болады: хаттар, этнографикалық тақырыпқа жазылған очерктер, экономикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді көтерген мақалалар. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринді тұңғыш педагог деп ерекшелесе, Қазақстанның мәдени және ғылыми-педагогикалық қауымы оны «Ұстаздардың ұстазы» деп біледі.

Тапсырмалар.

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтінді аударыңыздар, әңгімелеңіздер.

4. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін зат есімдерді теріп жазыңыздар.

5. Жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

Жақсы кітап – жан азығы. Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Кітапты жазушы – халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.

«Біздің заманда кино, телевизор, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», – деген қате пікірлер кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, телевизор да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға құнығуы керек. Әйтпесе күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп құмартып оқуды жақсы көріп алады. (З.Шашкин)

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыздар.

2. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыздар.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтіннен тұйық етістіктерді табыңыздар.

5. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

7. Нығметова Н.Т. Нұржанова Қ.Қ. Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2009

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. «Білім – байлығымыз» тақырыбына әңгіме.

2. «Ы. Алтынсарин» тақырыбына слайд, презентация жасау.

3. «Кел, балалар оқылық» өлеңін жаттау.

6-тақырып. Мемлекет және біз. ҚР рәміздері. Менің Отаным – Қазақстан. Көмекші есімдер.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Көмекші есімдерді айтып өту.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу.

3. Жаңа сөздер жаздыру.

4. Отан, еңбек туралы мақал-мәтелдер жаздыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]