Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Менеджер және ұйым

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

1. Ұйымның ресурстары.

2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.

3. Көлденең еңбек бөлінісі.

4. Бөлімдер.

5. Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Ұйымның сипаттамасы қандай?

ә) Ұйым дегеніміз не?

б) Ұйымдар қалай бөлінеді?

в) Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

4. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

Геология

Геология -(гректің ge - Жер және logos - ілім деген сөздерінен шыққан) - жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын және даму тарихын, онда қазба байлықтардың пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Геология көптеген мәселелерді зерттейді. Ол мәселелер мыналар: тау жыныстары (петрография), олардың құрам бөліктері - минералдар (минералогия), жер қойнауында химиялық заттардың таралуы мен орын ауыстыруы (геохимия), ішкі және сыртқы күштердің әсерінен жер қойнауының дамуы (динамикалық геология), жер бетінде органикалық дүниенің пайда болуы мен дамуы (палеонтология), тау жыныстарының қабат түзе орналасу реті (стратиграфия), пайдалы қазбалар, жер асты сулары (гидрогеология).

Тапсырмалар.

1. Мына сұрақтарға жауап жазыңыз:

- Геология нені зерттейді?

- Тау жыныстарының құрам бөліктеріне не жатады?

2. Мәтін ішінен септік жалғауларды бөліп көрсетіңіз.

3. Үстеуді еске түсіріп, түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Жеке адам, топ және ұжым» тақырыбына әңгіме.

2. «Менеджер және ұжым» тақырыбына әңгіме.

3. «Геология» тақырыбына реферат. Презентация.

4-тақырып. Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Аэросуретке түсіру. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылауларды қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]