Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бір бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс - әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру қажет.

Бүгінгі күнде ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, мәслелердің ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын олардың жуықтай түскенін сезінеміз.

(Нұрсұлтан Назарбаев)

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. Өз, Біз сөздерін тәуелдеңіз, жіктеңіз.

4. Болашақ, мақсат, ұрпақ, жауапкершілік, маңызды сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.

5. «Қазақстан – 2030» стратегиясы» бойынша өз ойыңызды жазып әңгімелеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. «Кәсіби бәсекелестік» тақырыбына әңгіме.

2. «Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы» тақырыбына реферат.

3. «Қазақстан-2030» презентация жасау.

14-тақырып. Аралық тест. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Жастар – Қазақстанның болашағы. Етістіктердің жіктелуі.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістіктердің жіктелуін мысалдар арқылы түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы

«Қоғам» ұғымы біздің ойымызға алдымен «Қызыл Крест-Қызыл Жарты Ай қоғамы», «Кітап сүюшілер қоғамы» сияқты адамдардың топтасып, белгілі бір пайдалы іс тындыруға бағытталған ұйымдарын еске түсіреді.

Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада да қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз. Әр жеке адам қоғаммен ондаған, жүздеген арналар арқылы байланыс жасайды. Бір мезгілде адам бірнеше – отбасы, еңбек, кәсіподақ, саяси партия, балабақша, мектеп, университет, футбол командасы, тұрғын үй-құрылыс кооперативі сияқты бірлесумен байланыста болуы мүмкін. Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі.

Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Өйткені ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктерді өндіруі, адам қоғамының өмір сүруі мен дамуы үш бағыттан тұрады: адам мен адамдар арасындағы; қоғам мен қоғам арасындағы; қоғам мен табиғат арасындағы.

Азаматтардың маңызды құқықтарының бірі – көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық еңбекпен айналысу. Мемлекет студенттердің және азаматтардың рухани шығармашылыққа ұмтылуын қолдап отырады.

Жоғары оқу орындарын бітіргендер болашақта Қазақстан Республикасының өркендеуі мен гүлденуі үшін алған білімдерін әр түрлі салаларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибе жүзінде жүзеге асырады.

Студент болашақта жеке кәсіпкер, мемлекет қайраткері, ғалым, тәжірибелі маман, ұжымда үлгілі, Отанына жанашыр, қоғамға сыйлы азамат болады. Өйткені білім алған азаматтар ғана мемлекеттің басқару ұйымдарында, мекемелерінде жұмыс істей алады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

3. Мәтін бойынша 10 зат есімді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

4. Студент жастардың Қазақстанның гүлденуіне қосар үлесі қандай? Сіздің пікіріңіз.

5. Мәтіннен сын есімнің сапалық және қатыстық түрлерін табыңыз. Сын есімнің шырайларын айтыңыз.

6. Мына сын есімдерді күшейтпелі шырайда жазыңыз: үлгілі, тәжірибелі, жанашыр.

7. Мына сын есімдерді жекеше, көпше түрде жіктеңіз: үлгілі, тәжірибелі, жанашыр.

8. Сын есімі бар мақал-мәтелдер жазыңыз.

9. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]