- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – қазақстан республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің институт
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Геология
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Аэросуретке түсіру
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Экология
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Пайдалы қазбаларды қорғау
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Өндірісті экологияландыру
- •Геофизика
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Қазақстан мұнайы
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Қолданбалы экология
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Жерасты суларының маңызы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Ауа райы және климат
- •Өсімдік және медицина
- •Айналадағы ортаны қорғау
Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
Мен университетке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын.
Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін. Мен серуеннен түскі асқа бір ақ ораламын. Түскі астан кейін дем аламын.
Күнде кешке жолдастарыммен кездесіп тұрамын. Біз музыка тыңдаймыз немесе бейне таспа көреміз.
Көктем мен жазда мен демалысымды таза ауада өткіземін. Сенбі күні кешке мен ата-анам тұратын саяжайға кетемін. Онда үйдің жанында өзен бар, мен сонда жүземін. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жауын жауып тұрса, мен үйден шықпай, кітап оқып, теледидар қараймын.
Күздің басында мен бірге оқитын жолдастарыммен серуенге шығамын. Біз күндіз сенбі күні кетіп, жексенбінің кешінде ораламыз.
Біз орманда от жағуды, тамақ пісіруді үйренеміз, орманнан су іздейміз. Біз шатырда түнейміз, келесі күні үйге жаяу ораламыз.
Тапсырмалар.
1. Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.
2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
3. Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз.
4. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.
5. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.
6. Бос уақытыңызды қалай пайдаланатыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
7. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.
1. Жұмыс _______________________________________________
2. Міндет_______________________________________________
3. Мекеме ______________________________________________
4. Қолдану______________________________________________
5. Шағын ______________________________________________
6. Тәулік ________________________________________________
7. Құны _________________________________________________
8. Қызметкер _____________________________________________
9. Қазіргі________________________________________________
10. Халық _______________________________________________
8. Мына суреттер бойынша әңгімелеңіз.
9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.
а) Уақытты басқару дегеніміз не?
ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?
б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?
10. Мына өлеңді жаттап алыңыз:
Көкжиектен күн аунап барады әні,
Қызарғаны – қоштасып қарағаны.
Осылайша өтеді қайран уақыт,
Сені мәңгі қоймайды сайрандатып,
Күз де келер, кем-кемдеп тартыларсың,
Қыс та келер, біржола сарқыларсың.
Ақ бұлақтар!
Алқынған Ақ бұлақтар!
Қазір көктем, алдың – жаз, шапқылап қал!..
(Ж.Әбдірәшев)
Даналар сөзін тыңдайық
Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол. В.Г. Белинский
Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.
А.В. Суворов
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Түймебаев Ж.. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
5. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]
1. «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбына әңгіме жазу.
2. «Менің күн тәртібім» тақырыбына әңгіме жазу.
3. «Уақыт» тақырыбына сұқбат құрастыру.
4-тақырып. Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан. Фонетика (Үндестік заңы). Жұрнақ: сөз тудырушы және сөз түрлендіруші.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Фонетиканы қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін түсіндіру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу.
3. Жаңа сөздер жаздыру
ҰЛЫ ІС ОТАНШЫЛДЫҚТАН ТУАДЫ
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адмаға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей. Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады. (Бауыржан Момышұлы).
Тапсырмалар.1.Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.
2.Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін ажыратыңыз.
3.Мәтіндегі тәуелдік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.