Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Ақ бидай (ертегі)

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.

Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.

Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады.

Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.

Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды.

Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Жерасты суларының маңызы

Жерасты суларының маңызы зор, олар табиғи құбылыстарда, өмірде, шаруашылық ісінде көп қолданылады. Тұщы су елді мекендерді, өндіріс орындарын, егін-жайды қамтамасыз етеді, тұщы су қорының үштен бір бөлігін жерасты сулары құрайды. Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Жамбыл, Шымкент, Жезқазған, Қостанай, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Көкшетау, Рудный, көптеген ірі өндіріс орындары жерасты суын пайдаланады. 40 мың артезиан скважиналары мен шегенді құдықтардан 100 млн гектар жайылым суландырылады.

Әр құрылыстың жобасы жасалғанда жердің гедрогеологиялық жағдайы мұқият зерттелуі керек. Бөген, су қоймаларының жобалары жасалғанда жерасты суларының режимі толық зерттелуі тиіс. Кеніштерді, шақтыларды су басып кетпеуі үшін онымен күресу жолдары да қарастырылады. Мұнай, газ кендерін ашу, пайдалану жолында жер асты су жүйесінің химиялық құрамын, динамикасын зерттеудің маңызы зор.

Курорт-санаторийлердің дамуы термалды және минералды суларға байланысты, термалды сулар мекен-жайларға жылу береді, парниктерді жылытуға пайдаланылады. Егер термалды судың температурасы 100-150˚С-ке жетсе, оларды геотермалды электр стансаларының қуат көзі түрінде пайдаланады.

Тапсырмалар.

  1. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

  2. Мәтіндегі құрмалас сөйлдемдерді жалғаулықты құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

  3. Мәтінді мазмұндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Жер құнары - өмір нәрі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. Жерасты суларының маңызы» тақырыбына шығарма жазу.

3. «Ақ бидай» ертегісін әңгімелеу.

13-тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Ауа

райы және климат. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]