Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
molek sillabus_2013-2014_31_10_2013_kaz_1.doc
Скачиваний:
310
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
4.06 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Геннің трансляциясы

2. Мақсаты: студенттерде ақуыз биосинтезінің молекулалық механизмдері және тірі ағзалар тіршілігін (жасушалар) сақтау мен қамтамасыз ету рөлі жайлы білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- ақуыз биосинтезінің молекулалық механизмдерін оқу;

- трансляцияда қатысатын негізгі құрылымды ферменттер кезеңін және олардың ақуыз биосинтезін қамтамасыз ету рөлін оқу;

- геннің трансляция үдерісінің маңызы және генетикалық кодтың құрамы мен мәнін оқу;

- трансляция үдерісінің бұзылысының пайда болу механизмдерін және олардың патогенездегі ауруларының маңызын түсініп, оқу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Трансляцияға жалпы сипаттама, анықтамасы, кезеңдері.

4.2. т-РНҚ-ң құрылысы, қызметі.

4.3. Рибосомалар, құрылысы, қызметі.

4.4 Трансляцияның кезеңдері: иницация, элонгация, терминацияға сипаттама.

4.5. Про – және эукариот ақуыз синтезінің ерекшеліктері.

4.6.Трансляция процесінің бұзылуының медицинадағы маңызы.

5. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, типтік және ситуациялық есептер шығару ).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1 Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2007, 64-82.б.

6.2. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006,с. 54.

6.3 Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., 2003,с.35-46;1994,с. 253-267. 287-301.

6.4 Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М.,2003, с.149-217.

6.5 Медициналық биология және генетика. Оқу құралы Қуандықов Е. Ө. ред.

А., 2004. б.30-43.

6.6 Аманжолова Л.Е.Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық.

негіздері. А., 2006, б. 31-37.

6.7 Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А.,

2006, б. 57-59, 69-73.

Қосымша:

6.1. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2006,

с. 123-126, 172-196.

6.2. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005, с.243-295.

6.3. Қуандықов Е.Ө., НұралиеваҰ.Ә.Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2012.

7. Бақылау:

7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

      1. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

7.1.3. Сызба салу:

7.1.4. Бактериялық рибосоманың құрамы (Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология, б. 161, сурет. 3.10).

7.1.5. Есеп шығару -Инсулин ақуызы 51 аминқышқылынан тұрады. Ақуыз инсулинін кодтайтын гендегі нуклеотидтер санын анықтаңыз.

7.1.6. Есеп шығару -Трансляция процесінде т- РНҚ 30 молекуласы қатысты. Ақуызды синтездейтін амин қышқылының санын анықтаңыз, сондай- ақ осы ақуызды кодтайтын гендегі триплеттер мен нуклеотидтер санын анықтаңыз.

7.1.7. Есеп шығару Полипептидтік тізбектің биосинтезіне т- РНҚ УУА, ГГЦ, ЦГЦ, ААГ, ЦГУ антикодондарымен қатысты. Осы полипептидтік тізбектегі ақпаратты тасымалдайтын ДНҚ молекуласы тізбегінің әрбір нуклеотидтік қатарын анықтаңыз. ДНҚ молекуласы қос тізбегінің А, Г, Т, Ц нуклеотидтер санын анықтаңыз.

7.1.8. Есеп шығару Ақуыз молекуласының бір бөлігіндегі амин қышқылының орналасу ретін көрсетіңіз, егер ДНҚ молекуласының нуклеотидтік қатары төмендегідей кодталатын болса:

...ГГТ АЦА ЦТЦ ААГ ГТА...

Егер химиялық жолмен ДНҚ молекуласының 6 нуклеотиді алынып тасталатын болса, жауап қалай өзгереді?

7.1.9. «Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы: Транскрипция, трансляция» тақырыбына кесте толтырыңыз:

Транскрипция

Трансляция

Не қажет?

1.

2.

3

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Қайда жүреді?

Нәтижесінде түзілетін өнім?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]