Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
molek sillabus_2013-2014_31_10_2013_kaz_1.doc
Скачиваний:
310
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
4.06 Mб
Скачать

8. Бақылау сұрақтары:

8.1. Репликация қателігінен жататын мутацияның пайда болу механизмі мен мәні.

8.2. Оқылу рамкасының ығысуына жататын мутацияның пайда болу механизмі мен мәні.

8.3. Тұқым қуалайтын зат алмасу дефектісінен пайда болатын моногенді аурудың даму механизмі.

8.4. Мендельдік және мендельдік емес ауруларының генетикалық айырмашылығы.

8.5. Моногенді аурулардың клиникалық көрініс беру ерекшелігі.

8.6. Тұқым қуалайтын аурудың сипатын анықтауда дәрігердің алгоритмдік әрекеті.

Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Менделденуші белгілер (аурулар)– адамның Мендель заңына бағынып тұқым қуалайтын белгілері (аурулары)

Менделирующие признаки (болезни)– признаки (болезни) человека, наследующиеся по законом Менделя

Mendelian signs (disease) - signs (diseases), inherited by Mendel`s laws

Моногендік аурулар– жекеленген геннің мутацияларынан пайда болатын аурулар

Моногенные болезни– болезни, обусловленные мутациями в единичным гене

Monogenic diseases– diseases resulting from mutations of single gene

Тұқым қуалайтын зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруы– зат алмасу үрдісін бақылайтын гендердің мутациясы нәтижесінде пайда болады

Наследственные дефекты обмена – болезни, обусловленные мутациями генов, контролирующих обменные процессы

Genetical defects of metabolism

disease caused by mutations of genes, controlling metabolic processes

Митохондриялық аурулар– митохондриялық гендердің мутацияларына байланысты дамитын тұқым қуалайтын ауру

Митохондриольные болезни– наследственные болезни, обусловленные мутациями митохондриальных генов

Mitochondrial diseases– genetic diseases caused by mutations of mitochondrial genes

Құрастырушы: проф. Қуандықов Е.У.

11 сабақ

1. Тақырыбы: Адамның полигендік (мультифакториалды) аурулары

2. Мақсаты: студенттерде полигендік (мультифакторлық) аурулардың мәні және олардың медициналық-әлеуметтік маңызы туралы заманауи білімдері мен түсініктерін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- белгілердің полигендік тұқым қуалауының мәнін ашу және түсіндіру;

- полигендік аурулардың даму механизмінің генетикалық полиморфизмділік мәнін түсіндіру;

- студенттерді полигендік аурулардың заманауи молекулалық-генетикалық даму механизмдерімен таныстыру

- студенттерде полигендік аурулардың тұқым қуалауға бейім ауру ретінде клиникалық көзқарасын қалыптастыру және мәнін ашу;

- студенттерде адамның кең тараған генетикалық бейім тұқым қуалайтын ауруларын танып, талдай білуге қалыптастыру;

- студенттерде полигендік аурулардың мәнін тәжірибелік медицинада, денсаулық сақтауда қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]