Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
molek sillabus_2013-2014_31_10_2013_kaz_1.doc
Скачиваний:
310
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
4.06 Mб
Скачать

3. Дәріс тезистері:

3.1. Жасушалық цикл, анықтамасы, кезеңдері.

3.2. Жасушалық циклдың кезеңдері және олардың сипатамасы.

3.3. Жасушалық циклды қамтамасыз ететін процесстердің генетикалық реттелуі.

3.4. Жасушалық циклды бақылайтын процесстердің реттелуі (бақылау пункттері – check-points).

3.5. Апоптоз, анықтамасы, маңызы, сатылары.

3.6. Апоптоздың генетикалық бақылануы: каспазалық гендер каскадасы, эндонуклеаза, р53.

Жасушалық цикл, деп аналық жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болған жас жасушаның қайта бөлінуге дейінгі немесе тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңді айтады.

Жасушалық цикл3 кезеңнен тұрады:

  1. Митоздықцикл.

  2. Жасушаның арнайы қызмет атқаруы.

  3. Тыныштық кезеңі.

Митоздық цикл 4 фазадан тұрады:

    1. Митоз.

    2. Митоздан кейінгі кезең(G1).

    3. Синтездік кезең(S).

    4. Синтезден кейінгі кезең(G2).

G1,G2, жәнеSкезеңдері гендер белсенділігімен сипатталынатын интерфазаны құрайды.Митозда гендер активсіз күйде болады.

Жасушалық(митоздық) цикл көптеген гендермен реттеледі. Мұнда цциклиндерді және циклинге тәуелді киназаларды синтездейтін гендер басты рөл атқарады.

Бұл гендердің белсенді өнімдері циклин+циклинге тәуелді киназалық (Ц+ЦЗК) комплек түзеді, мұнда циклин активаторлық суббірлік, ал циклинге тәуелді киназалар – катализдік суббірліктер болып табылады. Каждый из периодов Митоздық циклдың әр бір кезеңі арнайы Ц+ЦТК кешенімен реттеледі.

Митоздық циклдың дұрыс өтуін 4 салыстыру нүктесі интерфаза кезеңіндегі G1, G2, S және митоздың метафазасы бақылайды (cheek - point). Жасушаның митозға түсуі немесе тоқтауы жасушаның бөлінуін стимулдайтын немесе басып тастайтын гендермен реттеледі.

Жасушаның тіршілік ұзақтығы көптеген факторларға тәуелді: ағзаның түрлік және арнайы қымет ету ерекшелігне және т. б.

Жасушаның «қартаюының» соңғы нәтижесі оның табиғи өліміне әкеледі, апоптозға.

Апоптоз – бұл жасушаның табиғи генетикалық бағдарланған өлім процессі. Бұл бірнеше сатыда өтетін динамикалық процесс.

Апоптоз генетикалық бақыланатын процесс болып табылады. Оған арнай фермент – казпазаның синтезін бақылайтын гендер болады. Казпаздың белсенділігі активатор және ингибитор гендерімен бақыланады.

Апоптоз процессіне арнайы «апоптоздық» ядролық эндонуклеазалар қатысады.

Апоптоз процессінде негізгі рөлді р53 ақуызы атқарады.

Апоптоз механизмінің негізінде жасушаның генетикалық материалының зақымдалған жерін танып түзету, жасушаның элиминациясы мен жасушаның және жалпы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету жатыр.

4. Көрнекілік материал: мультимедиялық дәріс № 4.

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006.

  2. Гинтер Е. К. Медицинская генетика. М., 2003.

  3. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2007.

  4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). А., 2007.

  5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.

  6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006.

  7. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002.

  8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006.

Қосымша:

5.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

5.10.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2012.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]