Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

24. Табиғи қор туралы ілім. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдаланудың шектелуі

Табиғи ресурстар –адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың,құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.(Ауа, күн, жел,су,жер,орман,табиғи құрылыс материалдары,пайдалы қазбалар ,,т.бТабиғи ресурстың бірінші белгісі-түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар(күн энергиясы,жел)өсімдіктер әлемі,жануар әлемі,табиғи заттар(су,ауа)пайдалы қазбалар(мұнайалтын)бөлінеді.

Екінші белгісі-қоры.

Табиғи русурстарын адамның тіршілігі үшін пайдаланамыз.4түрлі пайдалануы бар:тіршілігін қамтамасыз ету(тыныс алу,су ішу )шаруашылық-экономикалық,денсаулық,мәдени тұрғы дан болады.

Шаруышылық-экономикалық түрі тек адам үшін пайдалану.Экономика субъектері(фабрика,заводттар,)адам үшін күнделікті қажетті тауарлар.

Денсаулық –Табиғи ресурстарды ауруларды емдеу,профилактика шаралар үшін пайдаланады.

Мәдени тұрғыны –мәдени және танымдық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи ресурстарын қолданады.

Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктер: -табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтіру қатар жүру керек

-табиғи байлықтарды кешенді пайдалану

-табиғи байлықтарды қайта пайдалану

-табиғатты қорғау шараларын жүргізу

-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру

25. Табиғат жəне экономика. Отын-энергия ресурстары түрлері.

Энергияның физикалық түсінігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ традициялды табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану Электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері

Жел энергиясы

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с ) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.

Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға олардың қымбаттылығы кедергі жасайды Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған. Құрылғыны проектілеуде ең үлкен қиыншылық ол кез келген желдің жылдамдығында пропеллердің айналу жиілігі біркелкі болуы тиіс.Өйткені генераторды желіге қосқанда ол жиілігі 60 немсе 50 Гц айнымалы ток тудыру керек. Сондықтан лопасттердің көлбеулік бұрышы реттеліп отырулы тиіс:жел күшті болғанда бұл бұрыш сүйірірек болуы тиіс, жел қозғалысы әлсіздеу болғанда бұл бұрыш арту керек. Лопасттерді реттеумен қатар генератор мачтада желге қарсы автоматты түрде айнауы тиіс. Өзендер энергиясы

Ағындагы судың энергиясы көп мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етеді. Оның Жердегі қоры орасан көп. Күннен келетін энергияның біраз мөлшерін жұтатын, Әлем мұхиты аккумулятор ретінде қызмет етедіАдамзат ең алғаш өзендер энергиясын қолдануға үйренді. Қазіргі кездегі гидроэлектрлістанцияларда су үлкен жылдамдықпен турбиналардығы лопастеріне бағытталады. Қуаты бойынша гидроэлектлістанциялар кішкентай (қуаты 0,2 Мвт-тан бастап), кішкене (2 Мвт-тан), орташа (20 Мвт-қа дейін) және үлкен (20 Мв-тан үлкен). Судың ағу жылдамдығы гидроэлектростанцияларды бөлудің екінші критериі.ГЭС-ді құруға өте көп шығындар кетеді. Бірақ ол шығын компенсацияланады. Қазіргі замандағы жоғарлы инженерлі деңгейде проектілендірілген ГЭС-тердің қуаты 100 МВт-ты асады, ал олардың ПӘК-і 95%-ды құрайды. Қоршаған ортаның ластанбауы, эксплуатацияның қарапайымдылығы және табиғаттың өзімен орнына келетін энергия қоры гидроэлектростанциялардың ерекшеліктері. Бірақ үлкен гидроэлектростанцияға плотинаны құру өте күрделі есеп болып шықты. Қуатты гидротурбиналарды айналдыру үшін плотинаның артында өте көп су жинау керек. Египеттік пирамидаларды құруға жұмсалған материал мен салыстырғанда плотнаны құруға қажет материал орасан көп. Геотермалдық энергия

Жер, бұл кішкентай жасыл ғаламшар,- біздің ортақ үй.Жер онша үлкен емес: оның үлкен бір бөлігінде жасыл өсімдіктер өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл ғажап та және тыныш ғаламшар кейбір уақытта мінезін көрсетеді, жылдар бойы өзі ақысыз берген марапаттарын жоққа ұшыратады. Үлкен апаттар-тайфундар мен смерчтер мыңдаған өмірлерді әкетеді, ешкімге бағынбайтын өзендер мен теңіздердің сулары өз алдында бәрін бұзады, орман өрттері саналған уақыттың ішінде үлкен аймақтарды оның құрылыстары мен егіндерімен жоғалтады.Бірақ бұның бәрі оянған вулкан мен салыстырғанда ештеңе емес.

Жауап түрі

Жаза

Негіздеме

Жауаптылар

Әкімшілік

Ескерту,айып пұл,затты тәркілеу, жұмыс істеу құқығынан айыру

ҚР әкім.құқық бұзу кодексі

24 бап

Заңды және жеке тұлғалар

Азаматтық құқықтар

ҚР азамат құқықтық заңы

Заңды, жеке тұлғалар

Дисциплинарлық

Ескерту,сөгіс беру,қатаң сөгіс,сый ақыдан айыру,жұмыстан босату

Еңбек заңы

Қызметтегі тұлғалар

Материалдық

Шығынды, зиянды өтеу, зиянды түзеу

Еңбек заңы

Жеке тұлға

Қылмыстық

Қылмыстық жазалау,қамауға алу

ҚР қылмыстық заңы

Заңды және жеке тұлға

Жер шарының ішінде тығылулы тұрған орасан көп энергияның стихиялық шығуымен адамзат көптен бері таныс. Жер энергетикасы – геотермалдық энергетика Жердің табиғи жылулық энергиясын қолдануды өзінің базалық нүкте ретінде алады. Бір киломметр тереңдікті есепке алып Жер қыртысының үстіңгі қабатының темературалық градиенті 20-300С, және, Уайттың мәліметтері бойынша(1965 ж.), тереңдігі 10 км жер қыртысының жылу мөлшері 12*1026Дж. Бұл жылулық ресурстар 4,6*1016т көмірдің жылулық ресурсына эквивалентті. Бұл техникалық және экономикалық әлемдегі көмір ресурстарының жылулық ресурстарынан 70 мыңнан астам рет көп. Бірақ, жер қыртысының үстінгі қабатындағы (10 км тереңдікке дейін) геотермалдық жылулық, оның көмегімен әлемдегі энергетикалық проблемаларды шешу үшін өте жайылған. Өнеркәсіпте қолдану үшін қажет ресурстар жекелеген геотермалдық энергияның қайнар көздері ретінде берілген, олар қолайлы тереңдікте шоғырланған, өздерінің температурасы және көлемі электр энергия ретінде немесе жылу ретінде қолдану үшін жеткілікті.
Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]