Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

83. Антропогендік фактор анықтамасы.

Антропогендік фактор(грек.anthrops-адам,genos-тегі,пайда болуы,лат.factor-іс әрекет)-адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс әрекетінің нәтижесінде атмосфера,өзен,көл және мұхит құрылымының өзгеруі,сондай ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп жалпы экожүйенің құрамы мен құрылымының бұзылуы жатады.Қазіргі кезде адамның іс әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда.20ғ.80жылдарында антарктиканың үстінде озон жыртығының пайда болуына дүние жүзінде климаттық жылынуының (атап айтқанда,дүние жүзі бойынша жылдық орташа темп.ң+0,5°C ға көтерілуі).Антарктикадағы мұз таулардың еруіне Қазақстанда Арал өңірінің,Семей жерінің,Балқаш маңының,Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар себеп болып отыр.

84. Биогеоценоз анықтамасы.

Биогеоценоз-тіршілік ету жағдайлары ұқсас,белгілі бір аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің(популяциялардың) тұрмыс тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940ж.орыс ғалымы Сукачев ұсынған.Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды.Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды.Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотропты организмдер жане гетеротропты организмдер болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондайақ биогеоценоздағы зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп,сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биоценоздың негізін: продуценттер, понсументтер, редуценттер құрайды. Биоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер: түрдің алуан түрлілігі (осы Биоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны); популяция тығыздығы (бір түрдің судан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны); биомасса. Биогеоценоз табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман т.б)-табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе. Биогеоценоз-түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроциоздар. Бұған қолдан шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар; қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

85.Биомасса анықтамасы

Биомасса-тірі ағзалардың денесінің массасы. Бір түрдің,түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің(өсімдік, микроорганизмдер және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы. Өлшем бірліктеті: кг/га, г/ т.б. өсімдіктердің биамассасы фитамасса, жануарлардың биамассасы зоомасса д.а. Экожүйеде энергияның таралуы мен орташа биамассаның арасындағы байланысты анықтау үшін Дж/ өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағы гетеротрофты организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің биомассасы өте жоғары болады. Атап айтқанда, жауын құртының тіршілік ету ортасыны байланысты биомассасы 200-1500:кг/га аралығында болады. Сүтқоректілер мен құстардың орташа жылулық биомассасы 1-15:кг/га (бірлік бұл көрсеткіш құстардың қыстауы мен қоныс аудуру кезінде жоғары болады) биосферадағы тірі организмдердің жалпы биомассасы , әр түрлі есептеулерге қарағанда 1,8. -2,4 болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]