Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

86.Биотоп анықтамасы

Биотоп-белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белегілі бір бірлестігімен биоценоз қоныстандырылған кеңістік. Биоценоздың рельефі, климаттың жағдайы шамамен бірлікелкі болып келетін құрлықтағы немесе ауадағы алатын орны. Биотоп өзінің табиғи және тарихи қалыптасқан географиялық орны мен фауна, флара және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздарының анорганик құрлымдарынан тұрады. Биотоп – биоценоздың бөлінбейтін құрамдас бөлігі биотоп пен биоценоз бірігіп , ірі бірлестік биогеоценозды құрайды.

87Биоценоз анықтамасы

Биоценоз-қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктенр, жануарлар мен микроорганизмдер жиынтығы. Құрлылықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғи жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы.

Табиғатта əр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар жəне микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотиқалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жəндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) жəне өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады.

Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мəнінде, екі ұғым да бірдей мағынаны білдіреді, əрі бірін-бірі толықтыра түседі.

Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).

Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).

Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды

Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:

а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.

Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды.

Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.

Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).

Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.

Биоценоздың құрылымы

Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.

Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.

Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп алады:

Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.

Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықт ы біртекті немесе әртүрлі тарлуында.

Доминантталу көрсеткіші қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.

Биоценоздың кеңістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің – фитоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.

Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.

Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.

Мозаикалыққа - өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).

Биоценоздың экологиялық құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының қатынасы мен анықталады.

88 .Диапауза анықтамасы Диапауза(грек diapausis-үзілу,кідіру жануарлар дамуының белгілі бір кезеңінде зат алмасу пайда болатын тіршілік процестерінің бәсеңдеп, организм дамуының кідіруі.көптеген жануарларда диапаузаның басталуы және аяқталуы күн ұзақтығына , температураға байланысты. Коловраткаларда, төменгі сатыдағы шаян тәрізділерде, шегірткелерде, жыртқыштарда (бұлан, қаракүзен ) ұрықтанған аналық клетканың бөлшектенуіне дейін эмбриональдық диапауза болады. Личникалық диапауза қара ала көбелек пен капуста қоңыр көбелегінің дамуында кездеседі. Бұлардың қуыршығы ағашта және топырақ арасында қыстайды. мысалдарда, жапырақ жегіш қоңыздарда диапауза имаға сатысында болады. Диапауза кезінде организмнің қолайсыз жағдайларға төзімділігі артады. 89.Иммиграция анықтамасы Берілген ареалдың қолайсыздау бөлшектеріне популияцияның бір бөлігінің орын ауыстыру тығыздығы артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (әсіресе тышқан тәрізді кеміріушілер ) мен құстарда да иммтграция байқалады. Иммиграция (lat immigrare-көшіп келу)-қоныстанушылық, келімсектік, бір рет мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мезгіл) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу) – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар

90. Рекультивация Рекультивация - жерді қайта құнарландыру. Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына  және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын  биологиялық, техникалық, және химиялықәдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін  агротехникалық  жәнефитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру. 

91 Урбанизация анықтамасы Урбанизация (лат. Urbs – қала) - өнеркәсіп орындарының және тұрғын халықтың ірі қалаларға шоғырлануы, яғни ел немесе аудан экономикасында қала рөлінің артуы. Урбанизация негізінен жоғары дамыған индустриялы елдерге ғана тән. Урбанизацияның қалынптасуына себепші басты жағдайлар – белгілі территорияның шұғыл индустрияландырылуы және аймақтық еңбек бөлісу процесінің дамуы. Урьанизация нәтижесінде өндіргіш күштер өседі, экономикалық аудандар қалыптасады, халықтың мәдени деңгейі мен еңбекшілердің таптық ынтымақтығы артады, қала аумағы кеңейіп, конурбацияға айналады, елде қала тұрғындарының үлесі көбейеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]