Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

57 Ормандардың азаюы. Шөл шөлейттену

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтаудан үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50жылда адамның қатысуымен жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100жылда жер бетіндегі орман массивтерінің 40пайызы жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20млн га тропикалық ормандар жойылуда. Соңғы 10жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90пайызға өсіп, жылына 1,8 пайызды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12пайызға көбеюде, яғни оттегі тепе-теңдігінің бұзылу қауіпі бар. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.БҰҰ-ның мәліметтері бойынша , Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі ауыл тұрғындарын шамамен 90пайызы қала халқының 30пайызы негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Комерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.БҰҰ-ның Рио-де –Жанейродағы конференциясынан (1992ж) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993жылы Бандунг қаласындағы Индонезия кездесудегі әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.Қазақстан аумағының 3,2паыйызы ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ. Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белең алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40 пайызын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады, ал сексеуілдің онсыздаэкологиясы нашар, ылғалы аз. Топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізге белгілі. Айта кетерлігі , 1992 жылы орман кқшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың га болса, он жылдан соң 2002 жылыбқл көрсеткіш 8,9 мың га дейін қысқарған. Шөлейттену. Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және анторпогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсідміктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б ) пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әр түрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі-табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымын сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогендік қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9млн км2-ге жеткен және жыл сайын 7млн га жер пайдаланудан шығып ұалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда-19%, Африкада-23%,Австралияда-45%, Оңтүстік Америкада-10%-ын құрайды. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]