Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

68 Сукцессия аныктамасы

Сукцессия- жер бетінің белгілі бір бөлігі аймағындағы бір биоценоздың екіншісіне ауысуы. Ол организмнің бір-бірімен ж\е олардың қоршаған ортаның абиотикалық факторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Сукцессия белгілі бір уақыт аралығын қамтиды. 2 түрі бар.

Алғашқы сукцессия бұрын ешқандай организмдер тіршілік етпеген бос кеңістікте пайда болады.

Екінші реттік сукцессия негізгі адамның іс-әрекетінен тікелей байланысты. Сукцессия орыстың ғалымы В.Н.Сукачев 2-ге бөледі:

  1. Эндогендік- Сукцессия бастапқы биогеоценоздың өз ішінде пайда болады.

  2. Экзогендік- Сукцессия қоршаған ортада болып жататын сыртқы себептер мен адамның іс-әрекетінен туындайды.

69 . Гена анықтамасы.

ГЕН (грек. Генос\тұқым)-тек тұқым қуалаудың қандай да бір белгісін қарастыратын материалдық бірлік генде клетканың құрылымы мен қызметін жиынтығы - оның генетипін құрайды.”Ген” терминін алғаш рет 1909 рет Дания ,алымы Иогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады ж\е әрбір жеке клеткадан мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ-дан тұрады ж\е әрбір жеке клеткадағы осындай гендер жеке ДНҚ молекулалар үзіндісі емес, хромосома деп аталатын ірі құрылымдық бірлік қүрамында болады. Клетка бөліну кезінде бұл хромосома екі еселенеді ж\е жақа түзілген жас клеткалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Бұлар ұрпақтан ұрпаққа беріледі, тұқым қуалайды. Әртүрлі организмдерде геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеуид негіздері жұбынан құралады. Генетикада ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы помепептидтер мен белокқа тасымалдануы экспрессия н\е гендердің көрінуі гендердің негізгі қасиетінің бірі- олардың жоғарғы тұрақтылығының тұқым қуалағыш өзгерістері-мутацияға ұшырау қабілеттілігі мен үйлесімділігі.

70. Хромосома анықтамасы.

Хромосома- клетка ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын ж\е организмдер мен клеткалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын оргоноидтар. Хромосома өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар ж\е оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хомосома алғаш рет В.Валдейер ашты. Ол Хромосома негізгі болғыштармен қарқынды болатын тығыз денешік деп аталады. Бірақ Хромосома сыртқы пішіні клетка цикліне әртүрлі сатыларында өзгеріп отырады. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткаларында Хромосома ұрықтану процесі біреуін анықтап, ал екіншісіне аталықтан алған екі хромотидтерден тұрады. Мұндай Хромосома гомологты деп аталады. Клеткадағы Хромосома Толық жиынтығын кариотип деп атайды. Прокариоттар мен вирустарда Хромосома болмайды .Хромосома клеткада өте күрделі құрылымға ие ж\е өте маңызды қызмет атқарады.

71. Гомеостаз анықтамасы.

Гомеостаз-организмнің не биологиялық жүйенің ішкі ортасының құрамы мен қасиетінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы ж\е негізгі физиологиялық қызметінің орнықтылығы Гомеостаз алғаш рет француз ғалымы К.Бернер қалыптастырды 1878ж Гомеостазпринципі биологиялық құрылымдарда әртүрлі деңгейде орындалады. Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын әртүрлі тұрақты көрсеткіштерімен анықталады. Өсімдіетерде клетканың Гомеостаз күйін плазламела мен тонопласт анықтайды. Плазламела \ сыртқы ортадан клеткаға түсетін қоректік иондар мен судың мөлшерін реттейді.

Тоноплас- вакуольден протоплазмаға қосалқы қоректік заттардың өтуін қамтамасыз етеді. Генетикалық н\е популяциялық Гомеостаз - қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты популяциялық генетикалық құрылымының тұрақтылығы мен біртұтастылығын сақтау қабілеттілігі. Биоценоздағы тіршілік ететін түрлердің құрамы мен сандық мөлшері де Гомеостаз арқылы сақталады.

72 Мутация аныктамасы Мутация (лат. Mutation –өзгеру) клеткадағы геннің табиғи (спонтанды) не жасанды (индукциялық) жолмен өзгеруі. Тірі табиғаттағы вирустар, микроорганизмдерден бастап жоғарғы сатыдағы өсімдік, жануар, адам барлығы да мутацияға ұшырайды. Жыныс клеткалары мен спораларда пайда болған мутация (генеративтік) тұқым қуады. Дене клеткаларында болатын мутация (сомалық) тұқым қумайды. Дене клеткаларында мутантты ткані бар особьтарды мозаика не химерлер деп атайды. Вегетативтік жолмен (бүр түйнегінен) көбейетін организмге сомалық мутацияның үлкен маңызы бар. Тұқым қуалайтын қасиеттің өзгеріске ұшырауы 18, 19 ғасырларда көптеген ғалымдарға белгілі болды. Бірақ терең ғылыми зеттеу 20ғасырда эксперименттік генетика негізінде жүргізілді. Генетикаға мутация терминін 1901ж голланд ботанигі Х. Де Фриз енгізді. Хромосома аппаратының өзгеруіне байланысты мутацияның геномдық, хромосомалық, гендік не нүктелік деген түрлері бар.

Геномдық мутация клеткадағы хромосома санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар:

а. Полиплоидия-хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі;

ә. Гаплоидия- диплоидты хромосома жиынтығының кемуі.

б. Анеуплоидия- хромосома жиынтығының бірнеше еселенбей өсуі; Хромосомалық мутация микроскоп арқылы көрінетін хромосома структурасындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей учаскесінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) не оның басқа бір учаскеге ауысуына байланысты.

Гендік не нүктелік мутация ДНК молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруі. Ол молекулалық дәрежеде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде организм биохимия, физиология, морфологиялық өзгеріске ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден анық не біраз уақыт аралығында біртіндеп байқалады. Полиплоидты мутанттардың клеткаларымен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қасиеті сақталады, ал тақ болса, бұл қасиет сақталмайды. Рендік мутация кезінде организм үлкен өзгеріске ұшырайды. Кеде бір геннің өзгеруінен организмнің бірнеше бнлгі-қасиеттері өзгернді. Гендік мутация доминантты (басыңқы), жартылай доминантты және рессесивті (бағыныңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келеді. Бұл өзгерістер организмге әр түрлі физикалық , химиялық фокторлар-мутагендеолің әсер етуінен пайда болды. АҚШ генетигі С.Райт (1889-1988), ағылшын биологы Дж.Холдейн (1892-1964) қазіргі попул. генетикалық негізін салған.

73.Продуцент анықтамасы Продуценттер (лат. producens- өндіруші, түзуші) фотосинтез немесе хемосинтез нәтижесінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін автотрофты организмдер. Продуценттер гетеротрофты организмдер консументтер мен редуценттерге қарама-қарсы қойылады. Судағы және жер бетіндегі экожүйедегі негізгі продуценттер - жасыл өсімдіктер экожүйеде продуценттер бірінші тропиктік деңгейді құрайды.

74.Консумент анықтамасы Консументтер – (лат.consumo-тұтынамын) тұтынушылар қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консумент тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консумент алғашқы (бірінші ретті) және соңғы (екінші ретті) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір өсімдік текті микроорганизмдер), ал соңғысына жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. Консумент деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы консумен редуценттерге (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер) жатпайды. Сонымен қатар консумент ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент-консумент- редуцент қатарын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде консумент басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.

75.Редуцент анықтамасы Редуцент (лат. Reducentis- қалпына келтіруші), ыдыратушылар – өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтары) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер. Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. Редуценттер табиғи бірлестіктердегі (биоценоздардағы), экожүйедегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбекте редуценттердің қызметі аяқталады, Сондықтан редуцент кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады.

Резукценттер:

Продуценттер(түзетушілер)-консументтер(шөпқоректі тұтынушылар)-консументтер(1-ретті шөпқоректі тұтынушылар)- консументтер(2-ретті шөпқоректі тұтынушылар)

Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны және т.б тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін редуценттер судың биологиялық тұрғыдан тазарту септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін редуценттер топырақ құнарлылығын арттырады.

76 .Автотрофты компонент Автотрофтар (гр.өзім) қорек күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық минералды заттардың органикалық затты синтездейтін организмдер. Бұларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер, балдырлар, фотосинтезге қабілетті фототрофтық бактериялар жатады. Автотрофтылар фототрофтылар және хемотрофтылар болып бөлінеді. Фототрофтылар органикалық заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса, хемотрофтылар химиялық байланыстардың энергиясын пайдаланады. Автотрофты организмдер қауымдастықтардағы бірінші қоректік тізбек құрайтын биосферадағы органикалық заттардың алғашқы продуценттері. Автотрофты организмдердің табиғатта рөлі орасан зор, өйткені олар биосферадағы органикалық заттардың негізгі бөлігін құрайды

77.Гетеротрофты компонент Гетеротрофтар (гр. Heteros-бөтен, басқа және trophe-қорек) дайын органикалық қосылыстармен қоректентін организмдер. Бұларға барлық жануарлар мен адам, сондай-ақ, кейбір өсімдіктер (саңырауқұлақтар кейбір бактериялар) мен микроорганизмдер жатады. Гетеротрофты микроорганизмдер метатрофты және паратрофты болып бөлінеді. Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктер мен жануарлардың өлекселерімен қоректенеді. Бұларға - топырақтағы жіне судағы органикалық заттарды бүлдіретін микрооганизмдер жатады. Ал паратрофтар тек тірі организмдер блогында ғана өсіп-өнеді. Бұған адам мен жануарларда ауру тудыратын микроптар жатады. Алайда, микроорганизмдер мен өсімдіктерді гетеротрофты және автотрофты деп бөлудің өзі шартты түрде алынады. Өйткені, кейбір гетеротрофты организмдер органикалық есес заттарды (CO2) сіңіре алады. 1921 ж орыс ғалымы А. Ф. Лебедев тіпті нағыз гетеротрофты организмдердің де (кейбір бактериялар, саңырауқұлақтар) CO2 сіңіре алатындығын анықтаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]