Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

18. «Адам және табиғат» жүйесі

Адамның өмірі табиғатпен тікелей байланысты десек,соның барысында зат ,энергия,ақпарат алмастыру секілды процестер жізеге асырілад . Ал адамның табиғатқа әсері басқа да тірі мәндерімен салыстырғанда ,1-ден , саналы және өзгертшілік сипатта болады. Екіншіден адам табиғатқа өзінің даралық ерекшігімен ғана жер етіп қоймайды , қоғам арқылы да жер етеді. Адам табиғаттың шексіз мұғитындағы жеке дара түрган арал емес ол құрлықтың немесе тұтас өнердың бір бөлігі ғана ,ол адамдар қауымынан ,қоғамнан түрады. АЛ қоғам болса өзара бір – бірімен көршілес жайғана жеке адамдар тобы емес , отбасымен басталып азаматықпен аяқталатын үйымдврынын байланысы . Әлеуметтік экология адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның денсаулығы мен адам популяцияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп қарастыруға болады. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

  1. Табиғи орта (Н.Ф.Реймерс бойынша «бірінші табиғат») – адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұщыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.

  2. Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта («екінші табиғат») немесе квазитабиғи (латынша квази-ұқсас, сондай сияқты). Бұларға егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар және т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз.

  3. Адамның қолымен жасалған орта («үшінші табиғат») немесе артетабиғи орта (латынша арте-жасанды). Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Бұл ортаға қалдықтардың жиналуы, ластану тән. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады.

  4. Әлеуметті орта. Бұл ортаға адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, психологиялық ажуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейі және т.б. кіреді. Оның адамға әсері күннен-күнге артып келеді.

19. Табиғатты пайдалану. Табиғатты пайдалану басқару негіздері.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурсатырмен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Оладың табиғат ресурсатарынан ерекшелігі олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатадыСарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3 %-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар, т.б.). Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бқтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саын бірнеше мыңға артып отырады.Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты. Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 ºC-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер корымыздың келемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дүрыс пайдаланбау салдарынан топырақ дегра-дацияға үшырап, қүнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мəліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым жəне 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған əлемдік климаттың өзгеруі қазақстанның шел, шөлейтті белдемдеріне əсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың кұнарсыздануы, бүлінуі жəне шөлге айналуы прогрессивті түрде жұруде. Мəселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдык жəне 33,2 млн. т органикалық тыңайткыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға кыскарған. Топырақтану институтынын мəліметі бойынша Қазақстанның қүнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мүның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

20.Экожүйе. Даму заңдылықтары.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Табиғи экожүйелерде организм популяциясының жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Кез келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың ара қатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктік, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы.Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессиялар деп атайды (латынша succesio – біріздік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г.Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік – климаксты бірлестік деп аталады. Климакс (грекше klimax – баспалдақ) – берілген орта жағдайларындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф.Клементс ұсынған.

Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотон деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). Шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесіп, жатқан экожүйелерден жіңішке болады. Әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуантүрлілігінің арту тендениясын шекаралық эффект деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]