Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

26. Адамның тұтыну жүйесіне экологиялық тұрғыдан қарау.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі жəне болашақ үрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-əрекеттерін шектеу жəне табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне табиғат қорғау заңдары. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу əрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен жəне адамның іс-əрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді əрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нəтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты жəне қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жана бір затты дүниеге əкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлык өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы түрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі

мүмкін.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

27. Экология жəне өмір, олардың құқықтық негіздері.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.Экологиялық заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады.Экологиялық құқық бұзушылық -бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адамденсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс.Қоршаған ортаға тигізетін зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.

Зардаптың 2 түрлі формасын ажыратады;

-залал.( табиғи орта,ресурстар,сандық және сапалық кемуі)

-шығын.( табиғат пайдаланушы үшін жауапкершілік)

28. Ғылым мен білім беру саласы және экология.

Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдер қатарына жатқызды. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар қажетті нормативтік – құқықсыз базалар. Экон-қ механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі – азиялықтардың экол-қ мәдениеті деңгейінің төмендігі.Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Экологиялық тәрбие – бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға , оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға рұқсат етеді.

Экологиялық білім беру – балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Заң бойынша, эк-қ білім берубәріне ортақ, кешендік, үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әр түрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып, адам санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие мен білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Экологиялық білім беру мен тәрбиенің негізгі мақсаты – қоғамдық сананы экологияландыру б.т. экология міндеті – адамдардың тіошілік барысында қалыптасатын рухани ортаны сақтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]