Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

52.Экологиялык мониторинг анықтамасы.

Мониторинг –(monitor-еске салушы, алдын ала ескерту) биосфера немесе оның жеке бөліктерінің элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико географиялық, геохимиялықжәне биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мысалы, билогиялық мониторинг қоршаған ортаның функциялық және құрылымдық биологиялық белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін. Мониторингтің базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. түрлері бар.

Базалық - жалпы биосфераның табиғи құбылысына бақылау жүргізу.

Ғаламдық - жер биосферасы мен экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.

Аймақтық - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.

Авиациялық - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау.

Ғарыштық - экоқұбылыстарды ғарыштық құралдың көмегімен бақылау.

Қоршаған орта мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы адамдарға табиғатта болып жатқан қауіп қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай ақ мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда жүргізіледі.

Экологиялық болжам және мониторинг қоршаған ортаның жағдайы және қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару.

Мониторинг биосфера оның жеке бөліктерінің, элементтерінің, жағдайының синтропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау. Мониторинг биосфера жағдайы геофизикалық, геохимиялық, биологиялық көрсеткіштері арқылы сипатталады.

Мониторинг қызметінде дистациолды және автоматты бақылау әдістері рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.

Пайдаланған әдістер бойынша космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша химиялық, физикалық, биологиялық

53 Қазіргі заманның әлеуметтік экологиялық проблемалар және орнықты даму

Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

  • бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  • суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

  • жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

54 Климаттын галамдык жылынуы. Киото хаттамасы. Климаттық ғаламдық жылынуы- биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және бей ортаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы даұылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістерСолт. Жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4 С-қа көтеріледі. 1997 жылы Киотто хаттамасына сәйкес,өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012ж 1990жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55 пайызға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне дейін енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнімен қарауда. 2000ж Гаага қаласында өткен коонференцияда әрбір индустриалды елдер зиянды заттарды атмосфераға бөлудіі азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Қазақстанда 2006ж дейін 2008-2012 аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]