- •1. Экология пəні
- •2. Экологияның зерттеу нысандары
- •3. Экологияның зерттеу әдістері
- •4. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері жəне құрылымы
- •5.Ғылымдар жүйесінде экологияның орны
- •6. Экология мен экономиканың байланысы.
- •7. Экология мен эволюция iлiмiнiн байланысы
- •8. Экология және адамзат прогресci
- •9. Экология - ғылым
- •10. Биосфера түсiнiгi. Биосфераның бiртұтас заңы
- •11. Биосферанын құраушылары
- •12. Биосферадағы атмосфераның рөлi
- •14. Су тіршілік ортасы.
- •16. Жердің биосферасы.Оның эволюциясы.
- •17.Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы.
- •18. «Адам және табиғат» жүйесі
- •21Қауымдастықтардың таралуы
- •22Қауымдастық пен биоценоздардың тұрақты тіршілікте болуы
- •24. Табиғи қор туралы ілім. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдаланудың шектелуі
- •25. Табиғат жəне экономика. Отын-энергия ресурстары түрлері.
- •26. Адамның тұтыну жүйесіне экологиялық тұрғыдан қарау.
- •27. Экология жəне өмір, олардың құқықтық негіздері.
- •28. Ғылым мен білім беру саласы және экология.
- •29.Радиоэкологиялық проблемалар.
- •30Атом энергиясы
- •31 Дара ағзалар экологиясы аутэкология
- •32.Экологиялық факторлар анықтамасы.
- •33. Тірiшіліктің негізгі орталары олардың сипаттамалары
- •34 Либихтің минимум заңы
- •35.Шелфордтын Толеранттық заңы
- •36.Популяциялар экологиясы демэкология
- •37.Популяция анықтамасы. , сипаттамалары
- •38Популяциялардын тиршилик ету зандылыктары
- •39.Экологиялық қуыс анықтамасы.
- •40.Биоценоз, биогеоценоз, экожуйе
- •41. Ағзалар арасындағы қарым қатынастар
- •42. Г.Гаузенин баселестик аркылы жою принципи
- •43. Коректик тизбектер, жане трофикалык денгейлер, коректик торлар
- •44.Экологиялық пирамида анықтамасы.
- •45 Биосферадагы заттар айналымы
- •46 Вернандскийдин ноосфера туралы илими
- •47 Орныкты даму концепциясы. Орныкты дамудын негизги модельдери
- •49.Табиғи ресурстар және Табиғатты утымды пайдалану.
- •50Табиғи ресурс классификациясы
- •52.Экологиялык мониторинг анықтамасы.
- •53 Қазіргі заманның әлеуметтік экологиялық проблемалар және орнықты даму
- •55 Озон кабаты
- •57 Ормандардың азаюы. Шөл шөлейттену
- •58 Әлемдік мұхиттардың ластануы
- •59 Биоалуантүрліліктің азаю мәселелері
- •67 .Биосфераның анықтамасы
- •68 Сукцессия аныктамасы
- •69 . Гена анықтамасы.
- •70. Хромосома анықтамасы.
- •71. Гомеостаз анықтамасы.
- •78 . Популяция анықтамасы.
- •79. Генотип анықтамасы.
- •80. Фенотип анықтамасы.
- •81.Абиотикалық фактор анықтамасы.
- •82.Биотикалық фактор анықтамасы.
- •83. Антропогендік фактор анықтамасы.
- •84. Биогеоценоз анықтамасы.
- •85.Биомасса анықтамасы
- •86.Биотоп анықтамасы
- •87Биоценоз анықтамасы
- •92. Фреондар анықтамасы
- •93. Цунами анықтамасы
- •94. Эйдэкология анықтамасы
- •95 .Мониторинг анықтамасы.
67 .Биосфераның анықтамасы
«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғ. Француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австралиялық ғалым Э.Зюсс қолданды.
Биосфера деп тіршілігі бар кеңістікті, яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.
Қазіргі таңдағы биосфера көптеген компоненттерден – тірі және өлі табиғаттардан тұратын жүйе. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өзара байланысқан атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші түрлердің п.б. құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен, яғни биол-қ эволюциядан тұрады.
Алғашқы «биосфера» термині француздың белгілі натуралисті Жан Батис Ламарктің (1744 – 1829) еңбектерінде кездеседі. Оның пайымдауынша «биосфера» термині грекше «биос» - тіршілік, «сфера» - шар немесе қабық дегенді білдіреді Олай болса, жер ғаламшардағы тіршілік аймағы бар қабат болып саналады.Бұл туралы кейіннен көптеген зерттеулер шықты, ғылыми деректер жинақталып, түрлі жаратылыстану ғылымдарында қолданыла бастады. Биосфера терминін геология ғылымында кеңінен австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. қолданды.
Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми ой – пікірлер 19 және 20 ғасырлардағы шет елдерде шыққан атақты ғалым В.В.Докучаев еңбектеріндеде кездеседі.
Биосфера туралы тұтас ілімнің негізін салған көрнекті орыс ғалымы, геохимик В.И.Вернадский (1863 – 1945) болды. Ол Жердің химиялық құрылысын тіршілік химиясымен байланыстыра отырып, жер бетін өзгертудегі тірі ағзалардың ролін ашып берді. В.И.Вернадский оларды «тірі заттар» деп атаған. В.И.Вернадский биосфера туралы ілімін қазіргі дүние жүзінің ғалымдарына толығымен мойындатты.
Сонымен, эволюция барысында Жер ғаламшарының айналасындағы тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті және қолайлы ерекше қабық немесе биосфер пайда болды.
Қазіргі замандағы биосфера өзіне литосфераның жоғарғы жағын және атмосфераның төменгі жағын толығымен, гидросфераны да енгізеді.
Гидросфера –жер ғаламшарындағы барлық су айдындарын құрайды.Оған жер бетін алып жатқан мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер, жерүсті және жерасты суларын жатқызады.Гидросферада тірі ағзалар массалары біркелкі орналаспаған.Негізгі масса,фитопланктондар су үстінің (50-80 мертлік қабаттарында) күн сәулесі түсетін ,соның нәтижесінде фотосинтез процесі жүретін қабаттарында кездеседі. Тірі ағзалар сондай- ақ 11 км. тереңдікте де кездеседі (Мариан қазаншұңқырында погонофорлар кездескен).
Литосфера – (грекше –«литос» - тас) жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабығы. Литосфера қабатында тірі ағзалар 2-3 км.тереңдікте де таралған.
Жердің ауа қабаты атмосфера деп аталады.Құрлықтың үстіңгі 100км биіктікке дейінгі бөлігіндн атмосфера қабаты орналасқан. Оның шеті жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын ерекше қабат- озон қабатымен шектеседі, оның тіршілік үшін маңыздылығына байланысты «озон қорғаны» деп те атайды.
Сонымен, биосфера жердің үш қабатындағы (гирдросфера, литосфера, атмосфера) тірі ағзалар тіршілік етеді (В.И.Вернадский бойынша,тірі денелер).
Биосферадағы тірі ағзалар биомассаының ең көп тараған аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі және ағзалардың қоректенуіне қажетті заттар және басқада элементтер жеткілікті түрде кездеседі.
Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын В.И.Вернадский «тіршіліктің беткі қаймағы» деп таған. Атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген сайын және теңіз бен мұхиттардың терең қабатына жақындаған сайын тіршіліктің шоғырлануы азаяды.Биомассаның жиналуы жасыл өсімдік тіршілік әрекетіне тікелей байланысты болады.
Жалпы тірі ағзалардың химиялық құрамы атмосфера және литосфера құрамынан көп айырмашылық жасайды.Оның есесіне олардың химиялық құрамында сутегі мен оттегі атомдары көбірек кездеседі, бірақ тірі ағзалар құрамында көміртегі, кальций және азоттың мөлшері басым болады. Тірі ағзалардың құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де кездеседі деп айтуға болады. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі ағзалар Әлемдік материяның ең белсенді бөлігін құрайды. Олар биосферадағы күрделі геохимиялық жұмыстарды жүзеге асырып, Жердің беткі қабаттарын түрлі өзгерістерге ұшыратады.
Биосферада екі түрлі эат айналымы жүзеге асырылады:
Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы биогендік миграция.
Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция.
Биосферада кейбір активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне немесе өлі табиғатқа және қайтадан үздіксіз өтіп отыру нәтижесінде тұрақты болады.
Соңғы 600 млн.жылда кембрийден бастап, Жер бетіндегі негізгі айналымдар өзгерген жоқ. Биосфераның тұрақтылық жағдайы ең алдымен олардағы тірі табиғат жағдайына, күн энергиясының фиксациясына және атомдардың биогендік миграциясына тікелей байланысты.
Бірақ бұл тұрақтылықтың да шегі болады, оның бұзылуы үлкен келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.
Жер бетінде биосфераның тұрақтылығын бұзатын биосфералық емес энергия көздері пайда болды (атомдық, сутектік).
Қазіргі заманда адамзат баласының өзі де қоршаған ортаға өз өмірлеріне қауіп туғызатын көптеген залалдар келтіріп отыр. Бұл залалдарды әзәрше қалыпқа келтіруге болады. Сондықтанда экология ғылымының да алданда тұрған ең елеулі міндеттердің бірі – биосферадағы болып жатқан процестерді реттеу және бұзылған ортаны қалпына келту жұмыстарын қолға алу.Биосфераның заңдарының негізі орындалуда, бірақ барлық дүние жүзі елдерінің экологтарының қосылуымен үлкен іс тындыруға болады.