Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

8. Экология және адамзат прогресci

Адамзаттың тарихы - адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынасының тарихы болып табылады. Әр түрлi дәуiрлер бiр-бiрiнен табиғатқа адамның қатынасымен оны меңгеру ерекшелiктерiмен сипатталады.

1-кезең - палеолит дауiрi. Көбiнесе бұл кезеңде биогендi кезең деп атайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бiрге едi, оның тiршiлiк кызметi жинау мен аңшылықтан кұрайды. Палеолиттiң ұзақтығы 2 млн жылдан астам уақытты ең көп уақытты алып жатқан кезең.

2-кезең - аграрлық кезең. Адамнын мәдени жер өндеуге көшуiнен басталған неолит дәуiрi (б.з.д. 8-7 г.). Неолит дәуiрiнен бастап егiншiлiк пен мал шаруашылығының дамуына байланысты коғам биосфераға күштi әсер ете бастады. Ормандар кесу, шалғындық далаларды жырту, жануарлардың жою нәтижесiнде ғаламшардың орасан зор территориялары бiртiндеп кұмды, шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.

3-кезең - индустриалды кезең. Қоғаммен табиғаттың өзара қатынасындағы техногендi дәуiрдiң шарықтау шыны болды. Ол 17 ғ. бастап 20 ғ. ортасына дейiнгi уағытты алып жатыр.

Кен өндiру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы куатты өндiру бiрнеше есе артты. ауыл шаруашылығының химияланғанына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерiн сапалы өзгердi.

4-кезең - қазiргi коғам мен табиғаттын өзара қатынасында индустриалдық кезеннен акпараттық экологиялық кезеңге өтуi байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының шектеулi екендiгiн түсiнумен сипатталды. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғарғы дәрежеде дамуы техника мен өндiрiстiк технологияның биосфераға зиянсыз негiзде дамуына мүмкiндiгiн бере алады.

9. Экология - ғылым

Қазiргi жағдайда экология қазiргi заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шенберiнен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен iшкi мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химя-биологиялық және қогамдық ғылымдар циклiне тең келетiн бiлiмдер циклiне айналды.

Экология - табиғат пен қоғамдағы көп денгейлi жүйелердiң құрылықпен байланысы туралы панаралық бiлiмдер саласы.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзiнiң тiршiлiгiнiң сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

10. Биосфера түсiнiгi. Биосфераның бiртұтас заңы

Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымда 19 ғ.-да француз ғалымы Ламарк, ал кейiн термин ретiнде ЗЮСС қолданды. Биосфера, "тiршiлiк аймағы" туралы ғылыми iлiмдi жетiлдiрген орыс ғалымы Вернадский болды. Биосфера деп тiршiлiгi бар кеңiстiктi, ягни тiрi организмдер немесе олардың тiршiлiк өнiмдерi кездесетiн жерлердi айтады. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өзара байланысын атмосфераның төменгi, бүкiл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосфераның атмосферадағы шекарасы мухиттың ен терең жерлерiне дейiн жетедi. Литосфераның тiршiлiк тау жыныстарының температурасымен шектеледi. Биосфера эволюциясы - түрлердiң үздiксiз бiр мезгiлде өзгеру және бiр түрдiң жойылып, бұрын болмаған 2-шi түрлердiң пайда болу құбылысы. Қазiргi биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған алғаш эволюцияның нәтижесi.биологиялық эволюциянын негiзгi сатылары:

1. Ғаламшар мен оның атмосфералық түзiлуi 4,5 млрд жыл бұрын басталды.

2. Күннiң сәулелену энергиясы мен атмосфераның бiртiндеп булануының нәтижесiнде заттардың абиотикалық айналымы пайда болады. Молекулалардың түзiлуi орын алды.

3. Көмiртегiнiң, азоттың, сутегiнiң, оттегiнiң жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестерiне түсуi арасындағы органикалық қосылыстар түзiлген.

4. Төртiншi сатысы антропеген сатысы деп аталады.

Адамдардың iс-әрекетiне байланысты биосферада болатын негiзгi өзгерiстер турi:

-жердiн беткi кабатынын курылымынын өзгеруi;

- биосфераның құрамын, айналымын өзгерту;

- кейбiр организмдер түрiн жою;

-жер шарының кейбiр аудандарындағы және ғаламшар денгейiндегi энергиялық тепе-теңдiктi өзгерту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]