Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

47 Орныкты даму концепциясы. Орныкты дамудын негизги модельдери

Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған.Адам биосферассыз тіршілік ете алмайды.Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаһандық экологиялық пробламалар әлемдік қауымдастықты осы жағдайдан шығудың жаңа жолдарын іздеуге орнықты даму концепциясын жасауға етуде.БҰҰ-ның конференциясында 1992ж, Рио де Жанейрода қабылдады.модельдер ұйғарымдары:

1)өндірістің материалдық және энергия сыйымдылығын төмендету,қалдықтарды азайту,улы заттар айналымын азайту

2)экологиялық критерилерді ескертетін бағаның құрылуына ауысуды және салық пен айып пұл жүйесімен бірге жаңа экономикалық қауіпсіз қор және энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыру

3)Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандарының дамуына жәрдем беру,өсімдік және жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту,ауыл шаруашылығы зиянтестермен күресу жолдарын пайдалану,,,,,т.б

4)Индустриалды дамыған елдердің дамып келе жатқан елдерге алдыңғы қатарлы технологияларды,осы елдерден алынған генетикалық материалдардың негізінде құрылған жаңа технологияларды беру.

5)Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру,орнықты дамудың біртұтас жаһандық бағытын анықтайтын институттарды құру ,,т.б

48.ҚР-ның орнықты даму концепциясы

 Елдiң орнықты дамуы дегенiмiз қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерiне қатер төндiрмейтiн даму болып табылады.   Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу аса қажеттiлiк болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебiнен экономиканың өсуi тек белгiлi бiр кезеңде ғана болуы мүмкiн. Қазiргi жағдайда өсiм мен даму неғұрлым озық тетiктердi талап етедi.       Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының негiзiнде де тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы әлемдiк қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретiнде XXI ғасырға арналған күн тәртiбiнде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммитi (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөнiндегi әлемдiк саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған мiндеттердi орындау жөнiнде мiндеттемелер қабылдады.

 Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. Ол үшiн орнықты дамудың әр кезеңiне арналған белгiленген өлшемдер анықталады (1-кесте).       Дайындық кезеңi (2007-2009 жылдар) - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтiң барлық салаларына енгiзу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшiн жағдай жасау.       Бiрiншi кезең (2010-2012 жылдар) - Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз ету.       Екiншi кезең (2013-2018 жылдар) - өмiр сүру сапасы деңгейi бойынша әлемдiк дамудағы көшбасшылар арасындағы елiмiздiң жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдiң экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.       Үшiншi кезең (2019-2024 жылдар) - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдерiне қол жеткiзу.

Қазақстан Республикасында орнықты дамуға көшудiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:       -бүкiл қоғамды орнықты дамуға қол жеткiзу процесiне тарту;      - орнықты даму үшiн саяси негiз жасау;      - ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекеттi басқаруға деген жүйелi көзқарас, дамудың негiзгi көрсеткiштерiн болжамдау, жоспарлау және реттеу тиiмдiлiгiн арттыру;      - ел экономикасына жоғары технологияларды белсендi енгiзу нәтижесiндегi экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;      - ғылым мен бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;      - салауатты қоғам үлгiсiн енгiзу негiзiнде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;      - қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметi ретiнде қоршаған ортаны қорғау қызметiн жетiлдiру;      - трансөңiрлiк экожүйелiк көзқарас негiзiндегi аумақтық даму.       Орнықты дамуға көшудiң басымдықтары мыналар:       -өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн енгiзу;       -жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;       -орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;       -энергетикалық тиiмдiлiк және энергия жинақтау;       -орнықты дамудың өңiрлiк проблемалары;       -халықтың әлеуметтiк қауiпсiздiгiнiң деңгейiн арттыру;       -экологиялық және гендерлiк аспектiлердi ескере отырып, кедейшiлiкке қарсы күрес;       -орнықты даму үшiн ғылым мен бiлiм берудi одан әрi дамыту;       -тарихи және мәдени мұраны сақтау;       -халықтың денсаулығына төнетiн экологиялық қауiп-қатердiң алдын алу және азайту;      - шөлейттенуге қарсы күрес;       -биологиялық әралуандықты сақтау;       -эмиссияларды, оның iшiнде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;       -сапалы ауыз суға қолжетiмдiлiк;       -трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;       -радиациялық және биохимиялық қауiпсiздiк;       -қалдықтарды кәдеге асыру.

Тұжырымдаманың мақсаты өмiр сүру сапасын арттырудың және елдiң ұзақ мерзiмдi келешекте бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық даму аспектiлерiнiң теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]