Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

16. Жердің биосферасы.Оның эволюциясы.

XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге XIX ғасырдың аяғында атақты Австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын немесе ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады.Оның «кіруі» - бұл космостан келетін күн энергиясының ағыны ,ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар.Биосфера өздігінен реттелетін жүйе.Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен сипатталады.Табиғат жағдайларының көптүрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі.Бірақ Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды.Ғалымдардың болжауы бойынша қазіогі биосферада тірі ағзалардың шамамен екі млн. түрі бар. Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы.Биосфераның тағы бір белгісі оның космоспен тығыз байлансытылығы (көбіне Күнмен). Биосфера эволюциясы. 1926 жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде Вернадскийдің «Биосфера» деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді. Биосфераның эволюциясы – түрлердің және олардың арақатынасының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Б.э. биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және биологиялық эволюциядан тұрады Тарихи тұрғыдан қарасақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөледі:

  1. адамзаттың биосфераға әсері биологиялық түр ретінде ғана болған;

  2. адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған;

  3. табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған;

  4. жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;

  5. биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

17.Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы.

Топырақтану ғылымының негізін салған орыстың жаратылыс зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Оның ғылыми зерттеулері геология, минералогия, топырақтану, география, агрономия салаларына жатады. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор ретіндегі топырақтың қасиеттері. Топырақ структурасымен белгілі бір суөткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қореқтенуіне қажетті элементтер – фосфор, азот, кальций, калий және т.б. шоғырланған. Топырақтағы суда газдар, ерігіш тұздар, қореқтік заттар мен тірі ағзалар үшін улы заттар да болады. Топырақ ерітіндісі қышқыл, нейтралды немесе сілтілі болуы мүмкін. Топырақ ағзалардың тіршілік әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан,оған бірқатар биологиялық ерекшеліктер тән.Өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады да белгілі бір структураны құрайды. Сонымен қатар олар басқа ағзалардың тіршілік етуіне жағдай жасайды. Жер қазушы жануарлар топырақ массасын араластырып отырады,ал өлгеннен кейін микроорганизмдер үшін органикалық заттың көзі болып табылады. Топырақ түзілудегі маңызды фактордың бірі - рельеф.Тереңдікке байланысты топырақтағыкөмірқышқыл газдың мөлшері артып,оттегінің мөлшері кемиді. Ауаның температурасы жоғарылағанда ауа кеңиді де топырақтан шығады, ал төмендегенде ол топырақ бөлшектерінің арасына интенсивтігі түрде енеді. Ертеден келе жатқан топырақ түзушілер микроорганизмдер. Олардың негізгі қызметі физиологиялық белсенді заттардың синтезі, гумус түзу, органикалық қалдықтардың толық минералдануы. Топырақ микроорганиздерінің ішінде өсімдіктердің де, жануарлардың да өкілдері бар. Ең алдымен бұл біржасушалы және көпжасушалы балдырлар. Бірақ топырақтың микрофлорасында саңырауқұлақтар,актиномицеттер мен бактериялар көп. Топырақтың микрофаунасында амебалар мен кірпікшелілер, микроскопиялық жұмыр құрттар - нематодалар ерекше орын алады.Сонымен қатар топырақта жасушалық емес микроорганизмдер – бактериофагтар (бактериялардың вирустары) мен вирустар да болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]