Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

58 Әлемдік мұхиттардың ластануы

Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды судағы еріген қосылыстарының мөлшері жиырма жылда мұхитта он есе көбейген Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластауыштар- мен;пестицид және химикат,мұнай мен оның өнімдерінен ластану негізгі проблемалардың бірі. Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшері көбеюіне байланысты температура- ның көтерілуімен байланыстырады.Осыдан бірін-бірі тударатын проблемма тізбегі;энергия көп бөліну-парникті эффект-су тапшылығы-азық жетіспеу.соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6 градусқа көтерілді

59 Биоалуантүрліліктің азаю мәселелері

Биоалуантүрлілік азайып жатыр, себебі адамдардың тікелей немесе жанама әсерлері. Жаппай балық аулаудың әсерінен, теңіз суларында олар азайып жатыр, «Қызыл Кітапқа» енгізу арқасында кейбір түрлер сақталып келуде, ал сақталмай жойылып кеткендері қаншама. «Адам – нағыз жыртқыш консумент» деп бекер айтпайды. Жыл сайынғы өнеркәсіп қалдықтары салдарынан теңіз сулары, атмосфера ластануда. Ол адам баласының өз ісіне тиянақсыз, жеке бас пайдасын ғана ойлауынан. Бізде жыл сайынғы бөлінетін қалдықтардың 10% ғана қайтадан өңделеді, ал қалған бөлігі ашық аспан астында, сол күйі қайта өңделуден өтпейді. Бұл адам денсаулығына өте зиян. Завод, Фабрикадан шыққан газдар ауаға шығарылады, ол да неше түрлі экологиялық проблемаларды тудырады. Топырақ эрозиясын да адам өз қолымен жасап отыр. Бет алды малды жаюб сол жайылыды жерлердің флорасын бұзады. Шөптер тапталып, тақыр жерлер көптеп пайда болады. 1954 жылы басталған «Тың және тыңайған жерлер» саясаты бойынша егістік жерлерді көбейту арқылы көптеген жерлердегі топырақтар тозаңданып кетті. Экожүйеде барлық нәрсе өз мөлшерімен орналасады, яғни, табиғи тепе – теңдік болады. Ал адам баласының немқұрайдылығынан ол бұзылып отыр. Осының барлығын қалпына келтіру үшін адамзат біраз жұмыстар атқару керек. «Жасыл ел» бағдарламасы сияқты бағдарламаларды көбейту керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақал қазіргі экологиялық жағдай үстіне дөп келеді. Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері сүтқоректілердің 36,құстардың 94 түрлерінің жер бетінен мүлдем жойылып кетуіне адам себепші.ҚР қазір 300-ден аса жануарлардың жойылу қаупі бар. Олардың қатарына-қар барысы,қызыл қасқыр,құдыр,дала мысығы,арқар,қарақұйрық және т.б. жатады.Ал құстар-дуадақ,ұлар,безгелдек,аққу және т.б.жатады.Жануар дүниесін қалпына келтірудің 4 жолы бар;аулауға тыйым,тіршілік ортасын бұзбау,қолдан көбейтуге бейімдеу,лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу.

60 Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда. Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде ( теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

61 Каспий. Арал Балкаш проблемалары Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде ( теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары. Антарктикадағы мұз таулардың еруіне Қазақстанда Арал өңірінің,Семей жерінің,Балқаш маңының,Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар себеп болып отыр. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану. Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді. Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" жəне "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бүл жерлерде топырақ беті өте кауіпті гептил жанармайы мен жəне ракета "коқыстарымен" ластанған.

62 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері .Полигондар аймағы ұзак жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймəлім еді. Шын мəнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты əсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынактардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом каруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда -500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан жəне Пəкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар. Яролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бүл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны əлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар . Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мəліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі обылыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. ҚР 30 % адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиоактивті газ-радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі жоғары.ҚР кәсіпорындарында иондаушы сәулелерді пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам,радиациялық зерттеу барысында 16 сы адам өміріне қауіпті 700 бақылаусыз жұмысы анықталып жабылған.бактериологиялық ластану.арал теңізіндегі Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметі бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін туғызып отыр. Возрождение аралында оба,күйік,тулеремия сияқты өте қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары болуы мүмкін.

63 ҚР ерекше қорғалатын табиғи айиақтар Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрі көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғи саябақтармен ботаникалық бақтар, биосфералық резервтер. Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат бермейді. Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында мынадай қорықтар жұмыс істейді: Ақсу-Жабағылы, Барса- Келмес, Наурызым, Алматы, Қорғалжын, Марқакөл, Бетпақдала, Қаратау қорығы т.б. Қорғалымдар - белгілі бір шаруашылық тұрмыстарын жүргізе отырып табиғаттың ерекше объекілерін қорғауға алынған жүйелі ұйымдардың түрі. Ұлттық саябақтар - табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне жатады. Міндеті халықты рекреациялық қамтамасыз ету. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері - айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Мемлекеттік қорғалымдар - табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттеріне сақтау калпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық байланысты ұстап тұру мақсатында құрылады.

64 Севилья стратегиясы Қызыл кітап Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

65 Күн энергиясы, жел энергиясы Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғнифотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Көбінесе күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде ( АҚШ, Израиль және т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде Күн энергиясын пайдаланады. Парниктерден қарапайым құрылғылардың көмегімен Күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар : тастар, су, металл, құм және т.б. болуы мүмкін. Күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстік бөліктерінің теплицаларында кеңіненен қолданылады. Күнді электр энегиясын өндіруде пайдалануға болады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Бірақ фотоэлементтерді қолданудың қиындығы олардың өте қымбат болуы мен үлкен аудан алуына байланысты. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энегргиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Мұндай энергияны пайдалану жоғары дәрежедегі экологиялығына байланысты дәстүрләі жолмен алынған энегриядан пайдалы болып шығады. Күн энергиясын электр энегриясын айналдырудың екінші жолы, бұл – турбогенераторды қозғалысқа келтіретін суды буға айналдыру процесі. Бұл жағдайда күн сәулелерін жинайтын көптеген линзалары бар эногомұнаралар және арнайы күн тоғандары жасалады. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы – органикалық затты жағу. Өнеркәсіптік даму жолына түспеген елдер үшін бұл негізгі әдіс болып табылады. Бірақ органикалық затты басқа отын көзіне айналдыру жолын пайдаланғанда алдымен оны экологиялық жағынан тиімді түрге, яғни органикалық затты биогазға немесе этил спиртіне айналдырып алу қажет.

Жел энергиясы

Ертеден келе жатқан энегия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді(мысалы, диірмендер, ағаш кесу құралғылары және т.б.). бірақ оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Зерттеулер жел двигательдерінің үнемі жел тұрып тұратын аудандарда жергілікті халықтың

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп. Біз тұратын ауалық мұхитта тынышты емес. Біздің мемлекетіміздің төңірегінде соғатын желдер, елімізді электрэнергиясымен қамтамасыздандырады. Еліміздегі климаттық жағдайлар жел энергетикасының дамытуға қолайлы.

Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с ) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

Жел қозғалысының энергиясы жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне пропорционал. Бірақ, идеалды құрылғының көмегіменде бұл энергияны толығымен электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік жоқ. Жел қозғалысының энергиясын пайдалы қолдану коэффициенті(ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3% құрайды. Басылымға шыққан мәліміттер бойынша, практикада жел энергиясының ең үлкен ПҚК-і реалды жел агрегатында жуықтап алғанда 50% жақын болады, бірақ бұл тек қана проектіде қарастырылған желдің оптималды жылдамдықтарында ғана. Одан басқа, жел қозғалысының энергиясының бір бөлігі механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады, оның ПӘК-і 75-95%. Осының барлығын ескере отырып, реалды агрегат проектіде қарастырылған тұрақты жылдамдықтар диапозонында жұмыс істесе ғана, желдік агрегаттың меншікті электрлік қуаты жел қозғалысының қуатының 30-40%-ын құрайды. Бірақ кей-бір кезде, желдің жылдамдығы есептелген жылдамдықтардың шектерінен шығып кетеді. Бір жағдайда желдің жылдамдығы тым төмен болады, бұл жағдай да жел агрегаты жұмыс істей алмайды. Екінші жағдайда желдің жылдамдығы тым көп болады, бұл жағдайда агрегат істен шығып қалмау үшін оны тоқтатуға тура келеді. Егер желдің жылдамдығы номиналды жылдамдықтың мәнінен асса, генератордың номиналды қуатынан аспау үшін, желдің механикалық энергиясының барлығы қолданылмайды. Осы фактілердің барлығын ескере отырып жыл бойындағы электр энергиясының меншікіті шығарылуы жел энергиясының 15-30% -ын құрайды.

Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.

Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға олардың қымбаттылығы кедергі жасайды

Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған.

66 Экология аныктамасы Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен жəне логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым -деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХХІ ғ. аяғында қалыптасты. ХХ ғ. ортасына дейін гидробиологтардың, ботаниктердің экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқаәсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады. Ең алғаш рет «экология» деген сөзді пайдаланған Ган-Генрих Девид Тюро. Ол 1858 ж. 1 қаңтарда бір досына Гоар мырза елі конкордта, ботаника және экологиямен айналысуда деп жазған. Ал экологияны бірінші болып ғылымға енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель 1869 ж. экологияға мынадай анықтама берді: «экология»- табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің, осы ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жануарларының бір-бірімен байланысын зерттеу. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық жəне географиялық микро жəне макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы). Экология ғылымының негізгі зерттейтін мəселелері: -организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы; -биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер; -табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану жəне қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері; Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ кұрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау жəне баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі əрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]