Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

14. Санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды қолдану.

Cандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Санадарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы – санау жүйесі деп аталады. Санау ж-де төртке бөлдінеді: 1) ондык; 2) екілік; 3) сегізідік; 4) он алтылық с ж.

Екілік с ж-де арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы – с ж-нің негізгі екіге тең ж(е тек екі цифр ғана айдаланылады. Ариф амалдарға қосу, азайту, көбейту, бөлу жатады.

Қосу операциясын қарастырайық. Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосуға саяды. Қосу – екілік арифметикадағы маңыздыоперация. Екілік санды қосқанда, келесі төрт дәреже қрлданылады: 0+0=0; 0+1=1; 1+0=1; 1+1=10 (1 көрші разрядка тасымалданады). Мысал: 101+11=1000 (ондық жүйеде бұл: 5+3=8)

Екілік сандарды азайту кезіндемына шарттар орындалу керек. 0-0=0; 1-0=1; 0-1=1 (көрші разрядтан бірді қарызға аламыз); 1-1=0. Мысал: 1010-101=101

Екілік сандарды көбейткенде мыналар есте сақтау керек: 0*0=0; 1*0=0; 0*1=0; 1*1=1. 101*110=11110. Түсіндіру: 101*110/ 000+101+101=11110. Тексеру: 101(2)=1*2 + 0*2 + 1*2 =5; 110(2)=1*2 + 1*2 + 0*2 =6. 5*6=30. 11110(2)=1*2 +1*2 +1*2 +1*2 + 0*2 =30(10)

Екілік жүйеде бөлу – ондық ж-дегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік ж-де бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нол мен бір ғана. Мысал: 30 санына 5 санына бөлейік. Ол үшін 30 (10) санын екілік 11110(2)-ге ауыстырамыз. 5(10) = 101(2) сатылап бөлуді орындайық. 11110/101=11. 110(2) =6(10)

15. Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок компьютердің негізгі құрылғысы

2.Монитор компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

процессор– компьютердің ең негізгі құрылғысы, программаларды орындайды жəне басқа құрылғыларды басқарады.

жедел жад (RAM) –ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.

тұрақты есте сақтау жады (ROM) – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мəліметтер оны

дайындап жатқан кезде жазылады.

қоректендіру блогы

енгізу-шығару порттары

ақпарат тасушылар

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мəліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар. Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды жəне тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда əріп бейнелері электрлік тəсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа əріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сəулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жəне жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.

Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің əрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты жəне өте жоғары.

Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сəуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сəуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нəтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мəліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мəлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]