Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

76. Сұранысты, Пішінді жəне Есепті жобалау.

Есепті жобалау оның бөліктерінің құрылымын жасауда және осы бөлімдер ішінде басқару элементтерін орналастыруда, сондай-ақ осы элементтер мен кесте өрістері немесе мәліметтер базасы сұраныстарды арасындагы байланыстарды беруде. Мәліметтер базасында диалогтық терезеде Есептер қосымшасында диалогтық терезесін тандап, Құру кнопкасын шертіп, автоматты түрде (автоесеп) жасауға мүмкіндік беретін Жаңа есеп диалогтық терезесін аламыз. (Мәліметтер базасы/Құру/Жаңа есеп/Бағандың автоесеп). Бағандық автоесептен басқа «ленталық» автоесептер бар. Есепті Автоматтандыруды құрудың құралы Есептер шебері болып табылады. Ол Мәліметтер базасы терезесінде шебердің көмегімен Есеп құру таңбашасында екі рет қатарынан шертумен іске қосылады, Есептер шебері алты кезеңмен жұмыс істейді. Оның жұмысында есепте көрсетілетін өрістерді таңдау, топтастыру өрістерін таңңау, макет пен безендіру стилін таңдау негізделетін базалық кестелер немесе сұраныстарды тандау атқарылады. Есеп құрылымы бес бөліктен тұрады: есеп тақырыбынан, жоғарыдағы колонтитулдан, мәліметтер аумағынан, томендегі колонтитул дан және есеп ескертуінен: - тақырып бөлігі есептің жалпы тақырыбын басу үшін қызмет атқарады; - жоғарыдагы колонтитул бөлігін егер есеп күрделі құрылымды және көп паракты алатын болса, тақырыпшаларды басу үшін қолдануға болады. Егер төменгі колонтитулда бұл жасалмаған болса, мұнда колонтитулдарды (парақ нөмірлері) белгілеуге де болады; - мәліметтер аумағында база кестелері өрісінің ішін-дегісіне байланысты басқарудың элементтері орналастырылады. Басқарудың бұл әлементтеріне принтерде басу үшін таблицадан берілетін мәліметтер беріледі; - төменгі колонтитулдың бөлігін жоғарыдағы колонтитул бөлігі мақсаттары үшін де қолдануға болады; - ескертулер бөлігі қосымша ақпаратты орналастыру үшін қолданылады.

Пішінді жобалау

Тінтуір түймешігін бір рет басып, пішін жасау үшін пішін құралын пайдалануға болады. Бұл құралды пайдаланған кезде негізгі деректер көзіндегі барлық өрістер пішінге орналастырылады. Жаңа пішінді бірден пайдалана беруге немесе қажеттіліктеріңізге дұрыстап сай келтіру үшін, оны орналасу көрінісінде немесе құрастырушы көрінісінде өзгертуге болады.

Жаңа пішін жасау үшін пішін құралын пайдалан

1 Шарлау аумағында пішіннен көрінетін деректері бар кестені немесе сұрауды басыңыз.

2 Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін параметрін таңдаңыз.

Access бағдарламасы пішінді жасап, оны орналасу көрінісінде көрсетеді. Орналасу көрінісінде пішін деректерді көрсеткенде, оған жоба өзгертулерін енгізуге болады. Мысалы, қажеті болған жағдайда, деректерге сәйкестендіру үшін мәтін ұяларының өлшемін дұрыстауға болады.

Егер Access бағдарламасы пішінді жасауға пайдаланылған кестесімен немесе сұрауымен бірге көпке-бір қатынасы бар бір кестені тапса, Access бағдарламасы деректер кестесін қатысты кестеге немесе сұрауға негізделген пішінге қосады. Мысалы, «Жұмысшылар» кестесіне негізделген қарапайым пішін жасалып, «Жұмысшылар» кестесі мен «Тапсырыстар» кестесі арасында анықталған көпке-бір қатынасы болса, деректер кестесі ағымдағы «Жұмысшы» жазбасына қатысты «Тапсырыстар» кестесіндегі барлық жазбаларды көрсетеді. Егер деректер кестесін қажетсіз деп шешсеңіз, оны пішіннен жоюға болады. Егер пішінді жасауға пайдаланылған кестеге көпке-бір қатынасы бар бірнеше кесте болса, Access бағдарламасы пішінге ешқандай деректер кестелерін қоспайды.

Сұранысты жобалау

Бір кесте үшін әр түрлі көптеген сұраныстар жасауға болады, олардың әрқайсысы кестеден нақ сол сәтте қажетті ақпараттың бөлігін, шағын бөлігін алуына болады. Жалпы бастапқы базаға сұрау салу жұмысының нәтижесінде сұрау салуға сәйкес келетін жалпы ақпарат бөлігі бар нәтижелеуші кесте қалыптасады. Оқу мақсатымен сұраныстарды қолдан, Конструктордың көмегімен жасалған жақсы. Таблицалармен болған жағдайдағы-дай бұл үшін Мәліметтер базасы терезесінде арнайы таңбаша бар. Ол Конструктор режимінде сұрау салуды жасау деп аталады және Үлгі бойынша сұраныстар бланкісі деп аталатын арнайы бланкті ашады. Оның көмегімен терезелер арасында сұрау салулар әлементтерін жылжытып, қарапайым әдістермен сұрау салуды қалыптастыруға болады. Үлгі бойынша сұрау салу бланкісі екі ауқымнан тұрады. Жоғарғысында сұраныстар бағытталған кестелердің құрылымы бейнеленеді, ол төменгі ауқым бағандарға бөлінген - алдағы нәтижелеуші кестенің әрбір орісіне бір-бір бағаннан. Контекстік менюдің көмегімен бланктің жоғарғы жарты-сында сұраныстар жасалған кестелерді ашады. Сосын нәтиже-леуші кестелерге кірігу тиісті өрістердің атауы тұсында екі рет қатарынан шертеді. Мұндайда бланкінің төменгі бөлігіндегі бағандар автоматты түрде өздігінен толтырьшады. Егер Сұрыптау жолында шертсе, сұрыптау түрлері бар, ашылатын тізімнің кнопкасы пайда болады. Егер қайсібір өріс бойынша сұрыптау белгіленсе, нәтижелеуші кестедегі мәлімет-тер осы өріс бойынша сұрыпталады. Экранға шығару өрісінде: жалаушалар бар, жалаушаларды орналастырып немесе тастап, осы бағанды экранға шығаруға рұқсат етеміз немесе тыйым саламыз. Іріктеу шарты жолында: және (немесе) берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбалар ғана сұрау үшін іріктеуге мүмкіндік беретін шартты немесе логикалық бейнелеулерді көрсетуге болады. Сұраныс құрылымын қалыптастырып, оны жабады, оған ат қояды және одан ары екі рет қатарынан Мәліметтер базасы терезесіндегі таңбашада шертіп, іске қосады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]