Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

140. Мультимедияның аппараттық жəне программалық құралы.

«мультимедиялық компьютер» дегеніміз – бұл мультимедиялық барлық қолданбалы программалар өзінің барлық м‰мкіндігін көрсете алатын компьютер т‰рі. Мультимедиялық компьютер көп нәрсені жасай білу керек: монитор экранында графикалық және бейне ақпараттарды, анимацияны көрсете білуі керек, дыбыстық , музыка, соның ішінде компакт-дискілердегі музыка с‰йемелдеуі жоғары деңгейде болуы шарт.

Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі

Әдетте, жинақталған «мультимедиялық компьютер» ұғымының құрамы ретінде мыналар т‰сінеді:

• Қоректендіру болгының корпусы

• Ж‰йелік (аналық) тақша

• Орталық процессор -компьютер құрамына кіретін басқа да компоненттерді басқаратын компьютердің орталық элементі, ж‰регі мен миы.

• Оперативті жад-процессорда орындалып жатқан программалар мен оларға қажетті мәліметтерді сақтайтын компьютердің жедел жады. Ол мәліметтерді оқу және жазу операцияларын орындайды, электрондық микросхемалардан тұрады, жұмыс істеу шапшаңдығы процессордың шапшаңдығымен шамалас.

- • Бейнеадаптер - бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға м‰мкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы

• Монитор -бейнелерді экранға шығаруды жасақтайтын аспаптан (мыс., электрондық сәулелік трубкадан) және ішкі схемалардан тұратын құрылғы

• Қатты дискіде жинақтауыш -Жедел жадымен салыстырғанда, қатқыл диск компьютердегі ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ақпарат бетінде магниттіжазушы головкілер ауысып тұратын бір немесе бірнеше дөңгелек қатпарлы магнитті пластиналарда сақталады.

• Пернетақта

• Тінтуір

• CD-ROM дискжетегі

• Иілгіш дискілердің дискжетегі

• Дыбыстық карта -Мультимедиялық компьютер сапалы дыбысты шығаруға міндетті. Өзінен-өзі дыбыстық карталар дыбыс шығара алмайды. Сол себепті, дыбысты есту ‰шін дыбыстық карталарға колонкаларды қосу керек. Көптеген дыбыстық карталарда екі кіретін орын бар: сызықтық және микрофонға арналған; бір немесе екі кіру орны: колонкілерге және құлақшындарға.

Қосымша құрылғылары (көптеген елдерде қалыпты құрылғылар):

• DVD дискжетегі

• Модем

• Телевизиялық тюнер

141. Мультимедиялық технология.

Мультимедия – компьютерде дыбысты,ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология.

«Мультимедия» - екі жай сөзден тұратын к‰рделі сөз: «мульти» - көп, «медиа» - алып ж‰руші немесе тасымалдаушы. Осылайша, «мультимедия» те компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар

деп аударуға болады, яғни мультимедия ақпаратты (дыбыс, графика, анимация және т.б.) сақтаудың және көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді.

Егер мультимедияны ақпаратты көрсетудің белгілі-бір технологиясы деп айтар болсақ, екі аспектіні еске т‰сірген де жөн – құрылғылық немесе аспаптық және бағдарламалық.

Мультимедияның құрылғылық жағы қалыпты амалдармен де (графикалық, адаптер, монитор, дыбыс картасы, CD-ROM жетегі және т.б.), қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кіру/шығумен, CD-R, CD-RW, DVD жетектері және т.б.) таныстырылуы м‰мкін.

Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы программа – 1) пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. Әдетте, кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа программалардың барлығы жатады; нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасын, электрондық кестені және т.б. жатқызуға болады; 2) нақты есепті шығару ‰шін қолданылатын программа.

Мультимедия технологиясы к‰нделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу ‰шін мультимедия мен компьютер де барлық талапқа сәйкес болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]