Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

111. Электрондық поштамен жұмыс істеу реті.

Компьютерлік желі көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес,дүние жүзі деңгейінде,ақпараттарды таратуға алады.Ақпараттардың хат,есеп,құжат,баяндама,электрондық кесте және т.б.түрінде берілуі мүмкін.Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық почта д.а.Электрондық почта бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі.Электрондық почта жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас.Сіз абонеттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз,ал олар кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.Электронды поштаны әдеттегі поштамен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылығы бар

1.Хабарларды жіберу жылдамдығы.Егер әдеттегі поштамен жіберілген хат бірнеше күнде,аптада жетсе,электронды пошта арқылы жіберілген хат тарату бірнеше секундта немесе бірнеше сағатта жетеді.Электрондық хат тек мәтіндік хабарлардан ғана тұрмайды.Сонымен оған бірнеше файлдар салыну мүмкіндігі бар,бірақ хатты жылдам жеткізуге кедергі келтірмес үшін өте үлкен файлдарды жіберуге болмайды.Мұндай кедергілерден алдын-ала сақтану үшін кейбір пошталық Серверлерге жіберілетін хабарламалардың өлшеміне шектеулер енгізіледі.2.Электрондық хатты бірден бірнеше абонентке жіберуге болады,Мысалы,кездесуге шақыру.Пошталық қызметтің негізгі объектісі хат.

112. Мəтінді безендіру жəне графиктерді қою.

HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын)

арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе

интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған

ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы

құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу

мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari ,

Google Chrome жəне Opera болып табылады.

HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер

(блокнот)), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады.

Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып,

HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html

немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.

HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>,

<head></head>, <body></body>, <title></title>.

<head></head>, <body></body>, <title></title>.

Тақырыптар. HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... ,

<h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады.

Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден

браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз. Келесі дəрежелерін де осылай қойып

шығуға болады

HTML тіліндегі азатжолдар (абзац). HTML тіліндегі азатжолдар мына тегпен жүзеге асады <P></P>. Яғни, жазылу жолы <p> - Көңіл-күйіңіз тамаша болар?</p><p> - Керемет.</p> деп жазсақ, төмендегідей

нəтиже аламыз.

- Көңіл-күйіңіз тамаша болар?

- Керемет.

HTML тілінде мəтінді белгілеу

HTML тілінде мəтінді белгілеу үшін немесе белгілі бір аймақты белгілеу үшін келесі

тегтерді қолданады <b></b>, <i></i>, <u></u>, Яғни жолдағы мəтін

<b>батырылған</b> <i>курсивті</i> <u>айрықша (немесе асты

сызылған)</u> <u><i><b>батырылған айрықша курсивті</b></i></u>

төмендегідей көрінеді

батырылған курсивті айрықша жəне үш белгіні бірге қолдана аламыз: батырылған

айрықша курсивті

HTML тіліндегі нөмірленбеген тізімдер

Нөмірленбеген тізімдер келесі HTML кодымен өрнектеледі:

<UL><LI>1-орын<LI>2-орын<LI>3-орын</UL> - десек төмендегідей түрде нəтиже береді

• 1-орын

• 2-орын

• 3-орын

HTML құжатының мəтініндегі жолдың үзілуі, яғни келесі жолға түсіру

Жолдың үзілуі келесі тегтің көмегімен жүзеге асады<BR>. Мысалы мəтіннің мына

жолы келесі нəтижені береді: Автор<BR>Басылған уақыты<BR>Таралым

Автор

Басылған уақыты

Таралым

Гиперсілтемелер

HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі

<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Нəтижесі мынадай:

PHP кітабын түсіріп алу

href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда

сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған

директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде

жазылады:

<a href="http://webdesign.net-soft.ru/php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Дəл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.

Web бетке сурет қою. HTML құжатқа сурет келесі түрде қойылады <img src="suret.jpg" width="100"

height="140" alt="Менің сүйікті қалам - Алматы">. <img> тегінің параметрлерінің мəніне

тоқталайық. Көріп тұрғандарыңыздай бұл дара тег. src параметрі суреттің жолын, яғни қай

жерден алатынымызды көрсетеді. width жəне height парметрлері HTML құжатта суреттің

ені мен биіктігін пиксель бойынша береді. alt параметрі альтернативті мəтін, яғни егер

сурет браузерде ашылмаған жағдайда көрінетін мəтін. Нақтырақ айтсақ, HTML құжатқа

қойған суретіміздің атауы десек болады.

HTML құжаттағы фреймдер. Фрейм - бұл басқа HTML құжат орналасатын рамка. Көптеген сайттар фреймдік

құрылыммен жасалады.name параметрі- фреймнің аты, src - сол фреймде ашылатын беттің жолы (орналасқан

жері), ал width, height сəйкесінше рамканың ені мен биіктігі. scrolling параметрі фреймнің

айналасындағы сызықтар (белдік) бар жоқтығын анықтайды, егер HTML кодта бұл

параметр жоқ болса, онда фреймнің айналасындағы сызық қажет болғанда ғана көрінеді,

егер ол параметр "no" деген мəнге тең болса, онда кез-келген жағдайда көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]