Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

Мәтінді корректуралық түзету

5. Әдеби редактордың қызметіне тоқталыңыз.

Редактор – баспасөз орындарында авторлар қауымынан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жарыққа шығаруды басқаратын жетекші, басшы творчестволық қаламгер. Ол – халық ойының, партия ойының өкілі. Газет пен журналды оны жауапты редактор немесе бас редактор деп атайды. Кітап баспасында редактордың жұмысы сәл басқарақ ұйымдастырылады. Мұнда қолжазбаны автордан тікелей қабылдап, танысып көріп, онымен нақты редакциялық жұмысты жүргізуші – жетекші редактор. Әр шығарманың өзінің жеке редакторы, ұйымдастырушысы болады. Оның қолынан өтіп, редакцияланылған, машинкада басылып, өндіріске ұсынылған түпнұсқаны редакция меңгерушісі оқып бекітуге тиіс.

Редактор – баспадағы негізгі тұлға, творчестволық күш. Өзіне бекітіліп қойылған жұмыс жөнінде автормен сол шығарманың жазылу процесінде оқтын – оқтын кездесіп, оның алғашқы бірер тақырыбын, тарауын не тұтас бөлімін күн ілгері шолып, танысып, оған өз тарапынан нақты жетекшілік консультация беріп отыруға тиіс.

Редактор авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға творчестволық көмек көрсеткенде соңғыға шығарма жазып беруге міндетті емес. Сондай- ақ, оның баспаға, редакцияға қабылданған жұмысты автормен келіспей, өзінше қайтадан жазуға да қақысы жоқ. Ол тек қолтуманың идеялық – саяси, ғылыми, жұмылдырушылық, үйретушілік мазмұнды тәрбиелік сапасын, тіл – стильдік мінін, жұмыстың құрылымын және басқа да қырларын жетілдіруші, қырнап ұстарлаушы, ретке келтіруші. Бірақ творчестволық еңбегіне жәрдемін тигізу үшін, редактордың авторды баспаның редакциялық жұмысынан жақсы хабардар ететін арнайы әдебиеттермен таныстыруының, жабдықтауының артығы жоқ.

Әдеби редактор шығарманың мазмұндық сапасын тексереді, қолжазбаны әдеби өңдеуден өткізеді, әдеби стильге түсіреді. Әдеби редакторшығарманың идеясына бірден-бір қол сұға алады. Бірақ ол мұндай процесті автормен келісе отырып жүргізеді. Редактордың әдеби еңбегі – үздіксіз ізденуді қажет ететін творчестволық жұмыс. Туындыны дұрыстап қарап, біртұтас деңгейге жеткізу үшін де редакторға үлкенеңбек етуді қажет етеді. Әр автордың өзіндік стилі бар. Редактор сол стилді сақтай отырып,шығарманы өңдейді. Өңдеу барысында редактор өзіндік стилін, әдіс-тәсілін, технологиясын қолданады.  Ал енді кітапті басу, безендеу, көбейту, тарату әдіс-тәсілдерінеқатысты аталымдардың басым көпшілігі шет тілдерінен енген сөздер. Ғылыми айналымға түспегеннен кейін тек қана кәсіби мамандарға түсінікті шетелдікаталымдар мен терминдер былайғы жұртқа түсініксіз. Демек, техника тілімен бірге келген терминдерді қазақшалау, ұғым түсініктерді, анықтамаларды білім беру мен зерттеу ісінің тіліне айландыру өзекті мәселе.

Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында өзін автордың орнына қойып, оның логикасын, тақырыпқа деген көзқарасын материалдық проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін түсінуге тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады. Авторлық түпнұсқаның  мазмұнына жете мән бермеу, оның стилистикасын тиісті деңгейде түсіне білуге қабілетінің жетпеуі, дәлелсіз, субъективті ескертпелер мен түзетулер – шығарманың мағынасы мен формасын бұрмалауға жасалған алғашқы қадам және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады. Редактор ұсынған түзетулер авторлық мәтіннің мазмұнына, композициясы мен стиліне толық сәйкес келіп, оны ажарландырып, нәрлендіріп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда редактор енгізген түзетулер мәнсіз болып шығады. Автор мен редактордың нұсқалары, мазмұны, стилі, құрылымы жағынан бірдей деңгейде болса, онда басымдық автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ, түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады. Егер автордың нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны жалпыға белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені баяндаудың дәл осы тәсілі, ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін. Авторды кәсіби маман ретінде түсіну, нақтылайтын сұрақтарды дәл қоя білу, бір қарағанда оңай әрекеттер сияқты көрінеді. Алайда бұл – өте күрделі процесс. Кейде мәтіннің өзі оны түрліше түсінуге итермелейді (бұл әсіресе  сөздерді дұрыс немесе дәлдікпен қолданбағанда анық көрінеді) және автор мен редактордың әртүрлі өмір тәжірибесі, өмірлік ұстанымы мен көзқарасының ерекшеліктері бір мәтінді әртүрлі мағынада түсінуге, бір жағдайды әртүрлі көруге (бағалауға) соқтырады. Сондай-ақ, авторлық тұжырым да, өз кезегінде, баспагер мен тапсырыс берушінің мақсаты мен саясатын, ең бастысы бұқаралық  ақпарат құралдары қызметінің кәсіби нормаларын ескеруі тиіс. Заң жүзінде олар бұқаралық ақпараттар туралы, жарнама туралы, авторлық құқық туралы заңдармен, азаматтық кодекспен, өркениетті елдердің көпшілігінде қабылданған кәсіби-этикалық ережелердің жиынтығымен реттеледі. Мысалы, БАҚ пен саяси нормаларда мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға, жала жабуға, яғни жеке адамның ар-намысына тиетін ақпараттарды жариялауға болмайды, баяндаудың қорлау тәсіліне жол берілмейді. Тұтынушының жарнамаларда тауардың сапасы туралы күмәнді мәліметтерді жариялауға, оның құндылығын арттыруға, бәсекелестердің беделін төмендетуге жол берілмейді. Автор мен редактордың өзара қатынасында «Редактор мәтінге қаншалықты өзгеріс енгізе алады?» деген маңызды сұрақ туындайды. Бұған қысқаша жауап та дайын: редактор автор емес, тек оның көмекшісі, редактор мәтіннің мазмұны мен формасын, автордың стилі мен тұжырымы шегінен шықпай жетілдіреді. Автордың ойын бұрмалауға және тек өзіндік әуестігі негізінде стильді өзгертуге болмайды. Яғни, редактордың ескертпелері мен түзетулері автордың ұстанымын ескерген және объективті болуы тиіс. Автор белгілі тақырыпты жазуды жоспарлаған кезде редактордың оған өз идеясын, өз пайымын, талабын, тұжырымын жүктеп, қысым жасауы жөн емес. Бұл арада редактордың жәрдемші, кеңесші рөлін атқарғаны жөн. Жазу тәжірибесі аз жас автор редактордың ықпалынан шыға алмай, жалтақтап, ойлағанын толық жүзеге асыра алмайды. Сөйтіп, сайып келгенде, қолжазба бәрібір сапасыз болып шығады. Редактордың авторға дәйекті көмек көрсеткісі келсе, онда сол автордың шығармасымен мұқият танысып, оның иесіне өз идеясын өрістете түсуге және соны мазмұнды, жүйелі, құнды етіп жеткізуге көмек беруі тиіс. Ол үшін, ең алдымен, редактордың өзінің саяси-идеялық сауатты, жан-жақты танымдық білімді маман қаламгер болуы шарт. Оның ғылым мен техниканың, халық шаруашылығының, мәдениеттің, мемлекеттік саясаттың даму бағыттарымен толық хабардар болғаны жөн. Редактор өмірдегі жаңа құбылыстарды, жаңалықтарды, өзгерістерді көріп-біліп, қадағалап жүретін адам болуға тиісті. Мәтінді кәсіби талдай білу дағдысы өзін-өзі редакциялау барысында да (мәтінін жетілдіру) өте пайдалы. Мұнда да нұсқаларды бағалаудың төмендегідей өлшемдері қолданылады: әдеби формасының материалдың тақырыбына, мақсаты мен адресатына сәйкес келуі.

Редактор – баспа мен газеттегі негізгі тұлға, шығармашылық күш. Ол – автор мен оқырман қауым арасындағы байланыс, қатынасқа дәнекерші. Мұны ол қоғамдық міндеті – баспасөз майданындағы қызметі арқылы жүзеге асырып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]