Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat_shpor_100_ball.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
227.51 Кб
Скачать

1. Компьютерлік техникасының дамуының тарихы

Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлеміні кішірею процессі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады. Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды. б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды. 1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды. 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті. 1630 жыл — Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады. 1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді. 1673 жыл — көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді. Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады. 1723 жыл — неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді. 1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды — бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді. 1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді. 1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды. 1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады. 1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады. 1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады. 1884—1887 жж — Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды. 1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды. 1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды. 1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл толықтай механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті. 1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын. 1942 жыл — Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді.1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді.1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы — Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды. 1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды. Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды

2. Электронды кестелер

Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі. Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады. Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.).Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).Excel-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады. Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар

Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі болып есептелінеді. Ол өте жоғары есептеу мүмкіндігі бар, жұмыстық графикасы бар, мəліметтерді өңдеп базаға сақтай алатын бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы мынандай жұмыстарды атқаруға болады:

• əртүрлі беттерден тұратын өзара байланысты кестелерді жұмыс кітабында сақтау жəне қажет болса жұмыс істеу барысында оларды өшіруге, басқа ат беруге, ауыстыруға, көшіруге жəне жасыруға болады;

• фрагменттермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалану;

• қаржы есептерін шығаруда жəне жалпы есептеулерге формулаларды жазу үшін “функция Шеберін” пайдалану;

• үнемі қолданылатын ұяшық бөліктеріне сілтеулер жасау үшін аттарды пайдалану;

• кесте мəліметтерін əртүрлі шрифтермен өрнектеу, баған ені мен жол биіктіктерін өзгерту, ұяшықтарды қажет түрде қоршау жəне автоматты түрде форматтау;

• сандық мəліметтерге əртүрлі форматтарды қолдану;

• жұмыс парағындағы деректер бойынша əртүрлі диаграмма түрлерін қолдану, оларды безендіру жəне баспаға шығару;

• жұмыс парағын əртүрлі суреттермен, графикалық объектілермен толықтыру;

• кесте мəліметтеріне əртүрлі қасиеттері бойынша сұрыптаулар жүргізу;

• аралық мəндер қосындысын автоматты түрде есептеу;

• берілгендердің тиімді ету (оптимизациялық) есептерін шығару;

• мəліметтер арасында байланыс орнату;

• MS – Query мүмкіндігін пайдаланып мəліметтер базасы арасында сұраныстарды орындау;

• Visual Basic тілін пайдаланып өзің пайдаланатын функция, макрокоманда жəне бағдарлама құру.

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

3. Жұмыс бетінің мәліметтерін өзгерту

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады. Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Жұмыс беті — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады.  Әр түрлі жұмыс бетіндегі мәліметтерді өзгерту ережелері:

Access бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Басқарупараметрін көрсетіңіз, одан кейін Дерекқор сипаттары параметрін таңдаңыз.

  2. Файл атаулары Сипаттар тілқатысу терезесінде Жиынтық қойындысында стандартты сипаттар үшінТақырып және Автор сияқты мәндерді теріңіз.

Excel бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау пәрменін нұсқап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

  2. Құжат мәліметі тақтасы ішінде өзгерту қажет сипаттар жиынын таңдау үшін, Құжаттардың сипаттары қасындағы көрсеткіні нұқыңыз, мысалы, Қосымша сипаттар.

  1. Құжат мәліметі тақтасы ішінде мәліметті әр сипаттар өрістеріне теріңіз.

PowerPoint бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау пәрменін нұсқап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

  2. Қарағыңыз келетін сипаттар жиынын таңдау үшін (мысалы, Қосымша сипаттар) Құжат туралы мәлімет тақтасы ішінде Құжат сипаттары түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз.

  1. Құжат туралы мәлімет тақтасы ішіндегі әрбір сипат өрістері жолақтарына қажетті мәліметтерді теріңіз.

Publisher бағдарламасы

  1. Файл мәзірінде Сипаттарпәрменін таңдаңыз.

  2. Жарияланым сипаттары тілқатысу терезесінде Жиынтық қойындысында Тақырып және Авторсияқты стандарт сипаттар үшін мәндерді теріңіз.

Word бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау параметрін көрсетіңіз, одан кейін Сипаттар түймешігін басыңыз.

  2. Қарағыңыз келетін сипаттар жиынын таңдау үшін (мысалы, Қосымша сипаттар) Құжат туралы мәлімет тақтасы ішінде Құжат сипаттары түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз.

  1. Құжат туралы мәлімет тақтасы ішіндегі әрбір сипат өрістері жолақтарына қажетті мәліметтерді теріңіз.

  2. Диаграммаларды құру және редакциялау

Диаграммалар сандық деректер қатарын сызба пішімінде көрсету үшін пайдаланылады. Бұл үлкен көлемді деректерді және әр түрлі деректер қатарларының арасындағы қатынасты жылдам түсінуге мүмкіндік береді. Excel бағдарламасында диаграмманы жасау үшін, диаграмманың сандық деректерін жұмыс парағынаенгізуден бастаңыз. Одан кейін Кірістіру қойындысындағы Диаграммалар тобынан қажетті диаграмма түрін таңдап, деректерді диаграммаға тұрғызуға болады. Excel бағдарламасы көп диаграмма түрлерін қолдайды. Бұл деректерді аудитория түсінетін жолдармен көрсетуге көмектеседі. Диаграмма жасағанда немесе бар диаграмманы өзгерткенде, көптеген диаграмма түрлерінен (мысалы, гистограмма немесе дөңгелек диаграмма) және олардың ішкі түрлерінен (мысалы, үлестік бағандық диаграмма немесе үш өлшемдік дөңгелек диаграмма) таңдауға болады. Сондай-ақ, диаграммада бірден көбірек диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға болады. Диаграммада көп элементтері бар. Бұл элементтердің кейбіреулері әдепкі болып табылады, ал басқаларын қажет болғанда қосуға болады. Диаграмма элементтерінің көрсетілуін былай өзгертуге болады: оларды диаграммадағы басқа орындарға жылжыту, олардың өлшемін өзгерту немесе пішімін өзгерту. Сондай-ақ, көрсету қажет емес диаграмма элементтерін жоюға да болады.

  1. Компьютерге арналған бағдарламалар

Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау Ең бірінші кез келген компьютерде драйвер болуы керек. Драйвер компьютерде ойын ойнауға, фильм көруге, музыка тыңдауға және т.б. қызметтерді қолдануға ең қажетті нәрсе. Егер драйвер орнатылмаса, онда музыка тыңдалмас еді, ал фильм көрілмес еді.

Одан бөлек тағы қандай бағдарламалар ең қажеттіге саналатынын төмендегі тізімде:

WinRaR (7-Zip, WinZip) - файлдарды сығуға арналған бағдарлама. Оныархиватор деп те атайды. Онсыз кейбір файлдар тіпті ашылмайды. 

Adobe Acrobat немесе Foxit Reader (өз таңдауыңыз бойынша) – бұл бағдарлама кейбір кітаптарды ашуға қолданылады. 

Microsoft Office (OpenOffice) – офистік бағдарламалардың жиынтығы. Оған Word, Excel, PowerPoint және тағы басқалары кіреді. 

K-Lite Codec Pack (Media Player Classic) – фильмдерді қарауға және музыка тыңдауға арналған бірнеше бағдарламалардың жиыны.

Nero (немесе оған ұқсас бағдарламалар) – бос CD немесе DVD дисктерге аудио, бейне жазбаларды жазуға арналады.

Қала картасы, телефон анықтамасы.

ICQ, Skype - Интернетте тікелей көпір арқылы сөйлесуге арналған.

Ал егер сіз Интернет саяхатшысы болсаңыз, онда сізге қосымша браузерлер қызметі керек. Әрине, сіздің компьютеріңізде бұрыннан бері Internet Explorer атты браузер бар. Бірақ ол көпшілікке өзінің жайбарақат жұмысымен және сайттарды дұрыс ашпауымен ұнамайды. Сондықтан сізге Интернет үшін Opera немесе Mozilla Firefox бағдарламалары әбден болады. Кейінгі кезде Google Chrome да үлкен сұранысқа ие болып жүр.  

Егер жұмысыңызда шет тілімен жиі ұшырасатын болсаңыз, онда сізге аудармашы керек:

Сократ - Интернеттегі сайттарды аударумен айналысады. 

Promt - ең мықты аудармашылар қатарында. Ішінде барлық тілдің тізімі бар. 

Осы аталған бағдарламалардың қызметі сіздің де жұмысыңызға аса қажетті екені даусыз. Сондықтан оларды жүктеп, тезірек жұмыс жасау принциптерін меңгеріп алсаңыз, жұмыс жасауда сізге үлкен көмекші болатыны анық.   

  1. Ақпаратты компьютерде ұсыну

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде. Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады. Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Компьютерде ақпараттарды өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:

--мәліметтерді қалыптастыру;

--мәліметгерді жинау;

-- мәліметтерді сүзгілеу;

-- мәліметтерді сұрыптау;

--  мәліметтерді топтастыру;

-- мәліметтерді архивтеу;

-- мәліметтерді қорғау

--  мәліметтерді тасымалдау;

--мәліметтерді түрлендіру.

7. Microsoft Power Point бағдарламасы

Microsoft Office  пакетінің Power Point бағдарламасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.   Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу)  құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Компьютер презентациясы слайдтардың жиыны,ол презентацияны демонстрациялау процессiнде өзгере алатын (электрондық беттер) слайд, яғни презентация өздiгiнен құжат болып табылады.

Презентация мультимедиа құжаты болып табылады, өйткенi әрбiр слайдтта (мәтiн, кесте, диаграмма, сурет, дыбыс, анимацияны тағы басқалар) мәлiметтiң ұсынысының әр түрлi формалары болады.

Презентациялар әдетте конференциялардағы сөз сөйлеу процесстерде көрмелердегi тауарлардың жарнамасы үшiн, сабақ және тағы басқаларда жаңа материалдың түсiндiруiнде қолданады.

PowerPoint-тегі презентациялармен жұмыстың негiзгi тәсілдерін қарап шығамыз

Презентациялардың жасауының әдiстерi.

Мастер автосодержания – презентацияны құрудың ең қарапайым жолы. Мастер автосодержания сіздер тақырып таңдап, слайдты безендіру бойынша бірнеше сұрақтарға жауап берген соң, сіздерге слайд дайындап береді.

Бос презентация – жаңа презентацияның жасалуы,онда слайд макеті және бос парақ беріледі.

Презентацияны сақтау кәдімгі түрде файлдың стандартты құралдарымен ppt кеңдігімен сақталады.

Презентацияға жаңа слайдты қосу- ең қарапайым түрі құралдар панелінде Создать слайд батырмасын басу арқылы Стандартная немесе Вставка->Новый слайд.

Слайдты өшіру-слайдты өшіру кәдімгі Обычный, Сортировщик слайдов режимдерінде жүзеге асады.керекті слайдты таңдап Правка->Удалить слайд батырмасын басу керек.

Слайд үлгілерімен жұмыс-мұнда слайд тақырыбының және тізімдерінің форматы орнатылады, сондай-ақ слайдтардың түстік гаммасы. Егер де бір слайдта оның безендірілуі өзгерсе, онда қалғандарында да сол жағдай орындалады. Образец слайдов режимін қосу Вид->Образец командасын орындау арқылы жүзеге асады.Мұнда слайдтың жеке элементтерінің үлгілерін көруге, таңдауға болады.

Слайдқа мәтін енгізу- Вставка->Надпись командасы арқылы мәтін алаңын таңдаған соң сол алаңға тышқанды апарып сол жақ батырмасын басып мәтінді жаза беруге болады.

Слайдқа нөмер бетін, уақытын және күнін орнату- PowerPoint слайдтарында жоғарғы және төменгі колонтитулдар болуы мүмкін.бұл жерге Вид->Колонтитулы командасы арқылы бет номерлерін, датасын және уақытын жазуға болады.

Слайдтардың түстік сызбаларын өзгерту- Формат->Фон және Оформление слайдов командалары арқылы жүзеге асады. Ол жерде тізімнен түсті таңдап алуға болады.

Слайдқа графикалық клиптерді қосу- Вставка->Рисунок командасы арқылы жүзеге асады..

Графиктер мен диаграммаларды қосу- Вставка->Диаграмма командасы арқылыжүзеге асады. Бұл кезде PowerPoint –ғы енгізілген Microsoft Graph, бағдарламасы іске қосылып, Excel-ге ұқсас панел құралдарын шығарады.

Кестелерді құру- кестелер Вставка->Таблица мәзірімен немесе Стандартная панелімен құрылады.кестелермен жұмыс істеу Word-қа ұқсас.

Дыбыс немес Видео қосу– бұл үшін слайдты таңдап Вставка->Кино и Звук мәзірін ашу керек, онда өзіңнің немесе сол жерде бар дыбыстарды қоюға болады. Бұдан кейін оның орындалуын Показ слайдов->Настройка анимации командаларымен орындау керек.

Слайдтарға анимация қосу- PowerPoint-ғы анимация – бұл арнайы визуалды және дыбыс эффектілерін графикалық объектке немесе мәтінге орналастыру б/т.Анимация PowerPoint –тің ең тартымды құралы.Анимацияны қосу үшін оны орналастыратын жерді белгілеп Показ слайдов->Настройка анимации мәзірін таңдау керек, ол жерде керекті эффектті таңдап, оның орындалуын баптау керек.

8. Қонақжайлық саласындағы ақпараттық қамтамасыздандыру негізгі мақсаттары

Қонақжайлық саласындағы туристік кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелері туроператорлар мен турагенттердің іс-әрекеттерін жеделдету мен тиімділігін жоғарылату мақсатында қолданылады.

Ақпараттық қамтамасыздандырудың негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдерді қабылдау мен қалыптастырудағы ақпараттық қолдау. Кез келген кәсіпорын осы мақсат сәйкес басқарудың әр түрлі міндеттерін орындайтын автоматтандырылған жұмыс орындарын құрады.

Қонақжайлық саласындағы ақпараттық жүйе келесідей талаптарға жауап беруі тиіс:

--заңға сәйкес болуы тиіс;

--өндірістік-шаруашылық және қаржылық іс-әрекетті қамтып, функционалдық ттолықтықты қамтамасыз етуі керек, яғни жекеленген бөлімдерге арналған бағдарламалары болуы керек;

--кешенділік – барлық модульдер тығыз байланысты болуы тиіс;

--тиімділік – жоғары өндірістілік;

--модульділік – жекеленген бағдарламалардың функционалдық қызметінің болуы;

--ашық архитектура принципі – басқа да модульдермен толықтыруға мүмкіндігі болу;

--масштабтылық – кез келген көлемді қамтуы тиіс;

--статистикалық және аналитикалық блоктары болуы тиіс;

--бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы тиіс.

9. Amadeus, Galeleo, WorldSpan глобальдық бронь жүйелер

"AMADEUS" басқа жүйелерге қарағанда, ең атақты компьютерлік броньдау жүйесі болып табылады, ол халықаралық қызмет санын көбейтеді. "AMADEUS" Hotels ең соңғы мезетіне дейін орналастыру туралы түзетілген, дәл хабарлама берілген, бұл жүйе 35000 қонақ үй туралы мәліметтерді барлық әлемде көрсете алады. Ол қонақ үйдің орналасқан жерін, бос орынды, қызмет түрін және бағасы туралы дәл мәліметтерді береді

Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компанияларынегізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мыңқызметкерібар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзініңтұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apolloжүйесіменбірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан асатерминалдарыбар.

Worldspan жүйесі компьютерлік брондау жүйелері еуропалық бөлімі PARS пен TWA, КСБ, DATAS Американдық әуекомпаниялары мен Delta Airlines американдық әуе компаниялары мен Delta Airliens американдық әуетасымалдаушыларының бірігуі негізінде пайда болды. Worldspan бақылау акция пакеті Delta Airlines компаниясына жатады, жүйені бақылау орталығы Атлантта (АҚШ) қаласында орналасқан. Worldspan - Америкада кең таралған брондау жүйесі,Еуропада Amadeus пен Galileo жүйелерінен кейін үшінші орында және де Оңтүстік Азия мен Таяу шығыста кеңінен таралып келе жатыр. 1995 жылдан бастап Ресейде Worldspan КБЖ өкілеттілігі жұмыс жасап келеді, қазіргі кезде Ресей нарығында белсенді маркетингтік саясаттар жүргізіп жатыр.

10. Жұмыс бетінің мәліметтерін өзгерту. Диаграмманы құру және редакциялау

Жұмыс беті — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады.  Әр түрлі жұмыс бетіндегі мәліметтерді өзгерту ережелері:

Access бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Басқарупараметрін көрсетіңіз, одан кейін Дерекқор сипаттары параметрін таңдаңыз.

Файл атаулары Сипаттар тілқатысу терезесінде Жиынтық қойындысында стандартты сипаттар үшінТақырып және Автор сияқты мәндерді теріңіз.

Excel бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау пәрменін нұсқап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

Құжат мәліметі тақтасы ішінде өзгерту қажет сипаттар жиынын таңдау үшін, Құжаттардың сипаттары қасындағы көрсеткіні нұқыңыз, мысалы, Қосымша сипаттар.

  1. Құжат мәліметі тақтасы ішінде мәліметті әр сипаттар өрістеріне теріңіз.

PowerPoint бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау пәрменін нұсқап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

  2. Қарағыңыз келетін сипаттар жиынын таңдау үшін (мысалы, Қосымша сипаттар) Құжат туралы мәлімет тақтасы ішінде Құжат сипаттары түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз.

  1. Құжат туралы мәлімет тақтасы ішіндегі әрбір сипат өрістері жолақтарына қажетті мәліметтерді теріңіз.

Publisher бағдарламасы

  1. Файл мәзірінде Сипаттарпәрменін таңдаңыз.

  2. Жарияланым сипаттары тілқатысу терезесінде Жиынтық қойындысында Тақырып және Авторсияқты стандарт сипаттар үшін мәндерді теріңіз.

Word бағдарламасы

Құжат сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін құжат туралы мәлімет тақтасын пайдаланыңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, Дайындау параметрін көрсетіңіз, одан кейін Сипаттар түймешігін басыңыз.

  2. Қарағыңыз келетін сипаттар жиынын таңдау үшін (мысалы, Қосымша сипаттар) Құжат туралы мәлімет тақтасы ішінде Құжат сипаттары түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз.

  1. Құжат туралы мәлімет тақтасы ішіндегі әрбір сипат өрістері жолақтарына қажетті мәліметтерді теріңіз.

Диаграммалар сандық деректер қатарын сызба пішімінде көрсету үшін пайдаланылады. Бұл үлкен көлемді деректерді және әр түрлі деректер қатарларының арасындағы қатынасты жылдам түсінуге мүмкіндік береді.

Excel бағдарламасында диаграмманы жасау үшін, диаграмманың сандық деректерін жұмыс парағынаенгізуден бастаңыз. Одан кейін Кірістіру қойындысындағы Диаграммалар тобынан қажетті диаграмма түрін таңдап, деректерді диаграммаға тұрғызуға болады. Excel бағдарламасы көп диаграмма түрлерін қолдайды. Бұл деректерді аудитория түсінетін жолдармен көрсетуге көмектеседі. Диаграмма жасағанда немесе бар диаграмманы өзгерткенде, көптеген диаграмма түрлерінен (мысалы, гистограмма немесе дөңгелек диаграмма) және олардың ішкі түрлерінен (мысалы, үлестік бағандық диаграмма немесе үш өлшемдік дөңгелек диаграмма) таңдауға болады. Сондай-ақ, диаграммада бірден көбірек диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға болады. Диаграммада көп элементтері бар. Бұл элементтердің кейбіреулері әдепкі болып табылады, ал басқаларын қажет болғанда қосуға болады. Диаграмма элементтерінің көрсетілуін былай өзгертуге болады: оларды диаграммадағы басқа орындарға жылжыту, олардың өлшемін өзгерту немесе пішімін өзгерту. Сондай-ақ, көрсету қажет емес диаграмма элементтерін жоюға да болады.

11. Туристік фирмалардың кешендік басқару бағдармалардың салыстыру талдауы

Қазіргі кезде жаһандық клмпьютерлік жүйелердің қатарына 4 негізгісін жатқызамыз: Amadeus, Galileo, Sabre, Worldspan. Sabre жүйесі 1964 жылы American Airlines әуе компаниясымен ашылған, ол 1976 жылы осы жүйенің негізінен қонақ үйлердегі орындарды брондауға болатын болды. Жүйенің орталығы Оклахамада (АҚШ) орналасқан. Sabre жүйесіне 114 мыңнан аса турагент қосылған, oл әуе және теміржол билеттерін, отельдердегі орындарды және т.б. резервілеуді қамтамасыз етеді. Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе.

Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар.

Worldspan жүйесі компьютерлік брондау жүйелері еуропалық бөлімі PARS пен TWA, КСБ, DATAS Американдық әуе компаниялары мен Delta Airlines американдық әуе компаниялары мен Delta Airliens американдық әуе тасымалдаушыларының бірігуі негізінде пайда болды. Worldspan бақылау акция пакеті Delta Airlines компаниясына жатады, жүйені бақылау орталығы Атлантта (АҚШ) қаласында орналасқан. Worldspan - Америкада кең таралған брондау жүйесі, Еуропада Amadeus пен Galileo жүйелерінен кейін үшінші орында және де Оңтүстік Азия мен Таяу шығыста кеңінен таралып келе жатыр. 1995 жылдан бастап Ресейде Worldspan КБЖ өкілеттілігі жұмыс жасап келеді, қазіргі кезде Ресей нарығында белсенді маркетингтік саясаттар жүргізіп жатыр. Amadeus компаниясы – әлемдік туристік индустрияның және авиа тасымалдаулар үшiн ақпараттық технологиялардың аймақтағы алдынғы қатарлы шешiмдерi, дистрибуция және электрондық коммерцияның жетекші жабдықтаушысы.

Amadeus брондау жүйесі 1987 жылы Еуропаның ірі Air France, Iberia, Lufthansa, SAS әуе компанияларымен құрылған, резервілеу жүйесінің кең таралған түрі. Жүйенің орталығы Германияда (Мюнхен маңайында) орналасқан. Қәзіргі кезде Amadeus – Еуропадағы компьютерлік брондау жүйесінің жетекшісі болып табылады.1995 жылы Sustem One брондау жүйесін қолдану негізінде, ол Aмерика нарығында белсенді алдыға жылжуда. Continantal Airlines әуе компаниясы Amadeus компаниясының иегері болды. Amadeus-тің серіктестері немістің тур қызметті брондау жүйесі Start, кез–келген Amadeus–ті пайдаланушы автоматты түрде Start-тың да пайдаланушысы болады.Халықаралық брондау көлемі бойынша бұл әлемдегі ең ірі жүйе.Оның қызметімен Еуропаның 70 %-ға жуық турагенттері пайдаланады және күніне 36 млн саяхатшы Amadeus –ті пайдаланады. Amadeus әуе компанияларымен,темір жолдары мен автомашиналарды жалға алумен, пароммен тасу,қонақ үймен байланысты қызметтің түрін ұсынады және қосымша қызметтерді де ұсынады.Мысалы туристерді сақтандыру және Amadeus өнімдерін 30 мыңнан аса турбюро (бұл дегеніміз 100 мыңнан жоғары терминалдар),400–ден аса компаниялар(бұл 60 мыңға жуық терминалдар) пайдаланады.Қaзіргі кезде Pесей нарығында сату көлемі бойынша Amadeus көшбасшы болып келе жатыр.1999 жылдан қарағанда 2000 жылы брондаудың саны 51 % өсіп 1,1 млн-ға жетті.

12. Жеке компьютерлердің ашық архитектура қағидалары

Процессор архирекурасын анықтайтын негізгі электроедық компоненттер жүйелік немесе аналық (Mother Board) деп аталатын компьютердің негізгі плата (тақшасында) орналасады. Ал қосымша құрылғылардың контроллерлері мен адаптерлері, немесе осы құрылғылардың өзі кеңейтілі плата түрінде (Daudhte Board – еншілес плата) орындалады және кеңейтілуі көлемдерінің көмегімен кеңейтілуі сламы (ағымы slot – саңылау) деп аталатын шинаға қосылады. Компьютер архитектурасы әдетте, қолданушылар үшін тиімді оның қасиеттер жиынтығымен аңықталады. Мұнда басты көніл құрылымына және негізгі және қосымша деп бөлуге болатын машинаның функционалдық мүмкіндіктеріне аударылады. Негізгі функциалары ақпараттық өнделуі мен сақталуын, ақпараттардың сыртқы объектілермен алмасуын аңықтайды. Қосымша функциалар негізгі функцияның орындалуы тиімділігі оның жұмысының тиімді режимін қамтамссыз ету, қолданушымен диалог құру, жоғары сенімділікті және т. б. жоғарылатады  Компьютер құрылымы- бұл осында енгізілнтін компьютердің өзара әрекеттесу принциптерін, ретін және құралын орнататын модель. Дербес компьютер- бұл әмбебаптылық және жалпықолжетімді қолданушылар талаптарын қанағаттандыратын шағын (столдық) немесе тасымалды ЭЕМ. ДК жетістіктері болып: - жеке сатып алушылар үшін құнының аз болуы; - қоршаған орта шарттарына арнайы талаптарсыз эксплуатацияның автономдылығы; - оның басқару, ғылым, білім беру және т.б. сфераларда әртүрлі қолданылу адаптивтілігін қамтмасыз ететін архитиктура иілгіштігі; - қолданушының ешқандай арнайы профессионалды дайындығынсыз жұмыс істеу мүмкіндігін қанағаттандыратын операциялық жүйе мен бағдарламалық жасақтамалардың “достастығы”; - жұмыстың жоғарғы сенімділігі табылады.

13. Қонақжайлық саласындағы ақпараттық жүйелердің даму тарихы, ұрпақтар

Компьютерді жабдықтау жолымен арнайы переферийлік құрылғылармен және қажетті бағдарламалық қолдануларды қамтамасыздандыруларды жүзеге асыратын қызметінің анықталған типі. Компьютердің бұл мүмкіндіктері қонақ үй шаруашлығында автоматизациясы үшін қолданылған.  Ең алғаш рет отандық компьютерлерді қонақ үй шаруашылығында қолдану «Ярославская» қонақ үйі қолданды. 1981 жылы ЭВМ жүйесінде жұмыс масайтын «Экран » жүйесі іске қосылды.  1983 жылдың желтоқсанынан бастап Сочи қаласында қонақ үй шаруашылығында қонақтарды орналастыру «Экран» арнайы есептеу жүйесі арқылы іске асып отырды. Сандық технологияның және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі дами түскендіктен қонақ үй шаруашылығын автоматтандыру үшін мықты тиімді және ыңғайлы жүйелердің пайда болуына алып келді.Осындай табысты, тәжірибелерден өткен, 30 – дан 3000 – ға дейінгі нөмерлерге, түрлі көлемдегі қонақ үйлерге арналған жүйе - FIDELIO FRONT OFFICE. Ең алдымен қонақ үй бизнесінде қолданыстағы бағдарламаларды қолданған дұрыс, FIDELIO бағдарламасы солардың қатарынан, яғни олардың қысқаша сипаттамасы.  FIDELIO FRONT OFFICE – қонақтарды қабылдау және орналастыру үшін әлемдегі автоматтандырылған жүйелердің ең белгілілерінің бірі.  FIDELIO FRONT OFFICE – бағдарламалық комплексі барлық қонақ үйлердің байланысын және номерлерді брондауды автоматты түрде жасауға, тіркеу жасауға, орналастыру және есеп айырысуға, номерлік фондты басқаруға, қонақтардың көңіл көтеруімен, қонақ үйдің болашағы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.  FIDELIO FRONT OFFICE комплексінің әдістеріне келесілер жатады:  --жеке. корпоративті, топтық тапсырыстармен жұмыс эасауға мүмкіндік туғызатын, толығымен автоматтандырылған процесс, брондау әдісі --тарифтерді басқару әдісі - бұл әдіс қонақ үйдің толылығы, номерлердің типі, қызметтердің пакеті, корпоративтікелісімдер сияқты факторларды ескере отырып, тиімді тарифтер жүйесіне жетуге мүмкіндік береді; --орналастыру және қабылдау модулі - қонақтарды орналастыруды және ұйымдастыруды, сонымен қатар тұрғын қонақтарға қызмет көрсетуді тиімді іске асыруға көмектеседі; --клиенттермен есеп айырысуды енгізу модулі – қонақтардың, компантялардың, есептерін енгізуге, түрлі әдістермен және интерфейстердің көмегімен қонақтарға көрсетілген қызметтердің тіркеуін жасауға көмектеседі; --номерлік фондтарды басқару модулі (шаруашылық бөлімнің модулі) – номерлердің жалпы жағдайы туралы мәлімет алуға, қонақ үй номерлерін тазалаушы әйелдерге тапсырма беру қызметін оңай іске асыруға көмектеседі; (қабаттар бойынша нөмерлердің жағдайы көрініп тұрды). --бас инжинердің модулі – қонақ үй номерлерінің жөндеу керек жерлері туралы өтініштерін тіркеуге және оны іске орындалғанын бақылап отыратын жүйе; --көңіл көтеруді басқару модулі – қонақтар үшін қонақ үйден көңіл көтеру орталықтарынан тиімді орын брондауға көмектеседі; --есеп тапсыру модулі – 500 – ге жуық стандартты есептеулерді қамтиды (брондау, тұрушылар, профайлдар, қаржылық есептер, түнгі аудитордың есебі, статистика, ауысымдағы есептер және т.б.); Модулге есептердің генераторы қосылады; --дебиторлармен жұмыс жасау модулі – тапсырыс берушілердің/ контрагенттердің қарыздарын көруге арналған; --үнемі тұратын қонақтың модулі – клиенттер үшін программалармен жұмыс жасауға арналған; --турагенттіктермен жұмыс жасау модулі – туристік фирмалар үшін қжетті есептеулерді жүзеге асыруға арналған.

FIDELIO FRONT OFFICE - комплексі қонақ үйде болатын барлық, шамамен 500 түрлі жүйелерді байланыстырады – телефон станцияларымен, ресторан, ақылы теледидар, мини – бар, кредиттік карталрды авторизациялумен, энергетикамен қамтамасыз ету, орталық брондау жүйесімен және т.б. Жақын арада осы жүйені құрушылары қонақ үйлерге жаңа интерфейс ұсынады - кассалық аппараттарды алмастыратын, фискальды тіркеуімен.  FIDELIO FRONT OFFICE – тің артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: эксплуатациялаудағы жеңілдік, қауіпсіздіктің жоғарылаған деңгейі, т.с.с.Әлемде осы бағдарламаны қолданушылар саны шамамен 7,5 мыңға жуық. Рессейде, СНГ және Балтикада 95 құрушылар – «Мариотт» қонақ үй желісі, «Националь», «Шератон Палас», «Ренесанс», «Золотое кольцо», «Ирис», «Рэдиссон Славянская », «Пекин» және т.б. (Мәскеу), «Европа», «Невский Палас», «Прибалтийская» және т.б. (С.- Петербург), «Каравелла», «Молния», «Надежда» пансионаты, «Волна», «Виктория», «Сафар», «Байкал» бизнес оралығы және т.б. 

14. Галилео жүйесі

Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе.

Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларын Galileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар.

Galileo International туристік агенттіктерге компьютерлік брондау жүйесі арқылы электронды ғаламдық ресурстарды бөлу қызметін ұсынады, интернет негізінде инновациялық шешімдерді де ұсынады. Galileo – бұл туристік ресурстар дистрибьюторы, агенттіктерге қосымша құн құруға және саяхатшылар үшiн таңдауды кеңейту үшін мүмкіндік береді[1]. Galileo International Cendant корпорациясына кіреді. Компанияның штаб-пәтері Парсипани (АҚШ) қаласында орналасқан, Нью Джерси штаты. Компанияның бөлiмшелері iс жүзiнде әлемнiң әрбiр елiнде бар. Galileo International бөлiмшенiң штаб-пәтерi қызмет етушi 80 елден астам Еуропаның, Таяу Шығыс және Африка, Лэнгли, Ұлыбританияда орналасқан. Galileo International әлемнің 116 елінің 47 мың сату нүктелерінде кесте және тарифтер, бос орын туралы ақпараттар алуға турагенттіктерге мүмкіндік береді, сонымен қатар авиатасымалдауларды, қонақ үйлерде номерлерді, автокөліктерді, круиздар және т.б. брондайды. GalileoТ жүйесінде әлемнің 511 авиакомпаниясы ұсынылған, өзінің жартысынан көбісі – тікелей кіріп алу режимінде; 50 мыңнан аса отельдер; автокөліктерді жалға беру 34 компаниясы; 431 туроператорлар; 9 круиздық топ. Сервис желісі турист пен турагентті туристік өнім мен қызметтерге байланысты ақпараттармен қамтамассыз етеді,әуе билеттерін брондау жүйесің және қосымша қызметтерге тапсырыс беруді автоматты түрде жасауды қарастырады.Hilton, Holidays, Radisson сол сияқты әлемнің 80 ірі қонақ үй компаниялары желімен байланысты,бұл турагенттерге қонақ үйде орындарды брондауға мүмкіндік береді. 1999 жылдың қаңтар айында Galileo компаниясы Ресейде өзінің ресми өкілін ашты.Сонымен қатар 1997 жылдан бастап екі East Line және Galileo Rus дистрибьютерлік компания жұмыс жасайды.Қазір Galileo жүйесі 100-ден аса агенттермен, сонымен бірге «Интурист», «Интураэро», «Ланта–тур», «Интуранс», «Трансглоб», «Олби-Турс», «Альфа-Омега», «Грифин Трэви» және т.б. компаниялармен жұмыс істейді.

15. Microsoft Access бағдарламасы. Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру

Бұл бағдарлама Майкрософт компаниясының берілген мәліметтермен жұмыс жасайтын тамаса құралдарының бірі. Бағдарлама арқылы берілген мәліметтерді сақтаға және жөндеуге, есеп шоттарды дайындауға мәліметтердің дұрыстығын тексеруге, интерфейс арқылы жұмыс жасауға болады. Берілген база арқылы бір уақытта бірнеше қолданушылар жұмыс жасай алады. Microsoft Access компаненттері: кестелер құрастыру; экрандық формалар құрастыру; есеп шоттарды құрастыру. Версиялары: 1993 – Access 2.0; 1995 – Access 7; 1997 – Access 97; 1999 – Access 2000; 2001 – Access 2002; 2003 – Access 2003; 2007 - Microsoft Access 2007; 2010 - Microsoft Access 2010. Мәліметтерді енгізу арқылы кесте құру болады. Ол үшін төмендегі командаларды орындау қажет: 1.Microsoft Access программасын iске қосу. Пайда болған Microsoft Access терезесiнде Жаңа мəлiметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып қосқышын орнату. ОК батырмасын басу. 2.Жаңа мəлiметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесiнде файлға мысалы жаңа Қалалар деген ат беру. Құру (Создать) батырмасын басу. 3. Кестелер тiзiмiнде Мəлiметтер енгiзу əдiсiмен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басу. Өрiс 1 (поле 1), Өрiс 2 (поле 2) жəне т.с.с. стандарттық өрiстерi бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрiсi бар кесте құрылады. 4. Өрiс 1 (поле 1) жəне Өрiс 2 (поле 2) бағандарының бiрiншi жолына сəйкесiнше 1 жəне Астана деген мəлiметтердi енгiзу. Екiншi жолына – 2 жəне Алматы. Үшiншi жолына – 3 жəне Талдықорған. 5. Бағандардың атауларын өзгерту үшiн жанама менюден Баған атауын өзгерту (переименовать столбец) командасын таңдау керек. Осылайша бiрiншi бағанға Реттiк нөмiрi, екiншiсiне Аты, үшiншiсiне Қаланың коды, төртiншiсiне Тұрғындар саны атауларын енгiзу. 6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезенi жабу батырмасын Х басып, кестенi жабу. Макеттiн өзгерiсiн немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? деген сұраққа жауап беру үшiн Иə батырмасын басу. Сонда Сақтау (Сохранить) сұқбат терезесi пайда болады, оған кестенiн Қалалар атауын еңгiзу керек. ОК батырмасын басу. 7. Түйiндi өрiстi қазiр құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап беру керек. 8. Тiзiмдегi Қалалар кестесiн ерекшелеп, мəлiметтер базасы терезесiнiн аспаптар панелiндегi Ашу (Открыть) батырмасынын көмегiмен құрылған кестенi ашуға болады. 9. Microsoft Access программасын жабу.

16 Windows XP ерекшелігі

Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты — Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT 5.1) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы ағылш.eXPerience сөзінен шыққан (тәжірибе).

Windows ХР операцялық жүйесі 2001 жылдың 25 қарашасында жарыққа шықты. Бұл қазіргі кезге дейінгі Microsoft корпорациясы  шығарған, жалпы қолданысқа арналған соңғы операниялық жүйе. Ол негізгі үш версияда шығарылады: ? Windows ХР Professional; ? Windows ХР Ноme Edition; ? Windows ХР 64-bit Edition. Сондай-ақ, косымша екі версияда: Media Сеntег Edition және ТаbletPC Edition. Windows ХР операциялық жүйесі екі жүйелер  тобының: сенімді Windows 2000 мен халыктық Windows МЕ операциялық жүйелерінің ең жақсы жақтарын өз бойына сіңіре  отырып, Windows-тың 9x - үйге арналған және NT - кәсіпқой мамандарға арналған линейкаларды біріктірді. Алдынғы  операциялық жүйелерге арналған программалармен сәйкестігі іске асырылды.

Windows XP дің басты ерекшелігіне – интерфейсті атап өтуге болады.Сонымен қатар, модификацияланған NTFS 5.0 файлдық жүйесін және шифрлеуші файлдық жүйесін қолдану арқылы  ақпаратты қорғауға болады

17. Бронь жүйелерде сұраныс экранында не көрсетіледі? 

Тұтынушылар үшін бронь жасау онлайн режимде нақты шынайы уақыт жағдайында ғана жүргізіледі. Таңдалған элементтермен дайын бронь автоматты түрде туроператордың мәліметтер базасына түседі. егер клиент алдын ала броньдалған әуе билеттерін қайтарғысы немес өзгерткісі келсе, міндетті түрде әуе компаниясының шарттары бойынша жасайды. Жүйеге кез келген жеке немесе заңды тұлға кіре алады және пайдалана алады. Броньдау процесіндегі ережелерді жүйе өзі көрсетіп отырады. Броньдау процесі жалпы 3 этаптан тұрады. 1–этапта тұтынушы үшін оптималды деген ұшу нұсқасын таңдайды, 2-этапта бос орындарды броньдайды, ал 3-те төлем формасы мен жеткізу шарттары таңдалынады.

Кез келген онлайн режимдегі әуе билеттерін броньдау мысалын алып карастырайық: сұраныс экранында ең алдымен шығу және бару пункттерін көрсету сұралады. Одан соң бару(қайту) уақыты, жолаушылар тізімін енгізу керек болады. клиентке сол маршрут бойынша бар бірнеше нұсқаларды ұсынады. Онда бағасы, уақыты, әуе компаниясы жазылады. Таңдағаннан кейін келесі мәліметтер жолаушының аты-жөні, жынысы, контакттік мәліметтері, электрондық поштасы, тамақтану шарттары, т.б.мәліметті кіргізу сұралады. Ең соңғы сұраныс бетінде төлем және жеткізу шарттары енгізіледі.

18. Компьютерлік технологиялар

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология. Компьютерлік төңкеріс - компьютерлердің және компьютерлік технологияларды кеңінен қолданумен байланысты төңкеріс; XX ғасыр соңынанғылым, мәдениет, технология және адам өмірінің басқа да әртүрлі салаларын қамтиды. Төңкерістік ілгерілеу алдымен, ғылымда және техникада, кейіннен FTT символына айналған сандық электронды-есептеу машиналарының (ЭЕМ, компьютерлер) қолданылуымен әлеуметтік процесте жүзеге асырылды. Олардың пайда болуы адамның қисынды ойлау қабілетін біртіндеп машинаға беру, сол арқылы болашақта өндірісті кешенді автоматтандыруға және басқаруға өту көзделуде.

ЭЕМ пайда болғаннан үшінші мыңжылдыққа дейін бірнеше ұрпақ алмастырды.

  1. Алғашқы кезең (1950-1960) - бұл бүкіл бөлмеге жалғастырылған, электр қуатының жемір жауы радиолампалық ЭЕМ (бірнеше мыңдаған радиолампалар). Мұндай ЭЕМ жылдамдығы - секундына бір мың операция, жадысының көлемі мың сөз.

  2. Екінші кезең (1960- 1970) - радиолампаларды транзисторлар алмастырды, жоғары деңгейдегі бағдарлама тілі пайда болды.

  3. Үшінші кезең (1970-1980) - ЭЕМ-ның интегралдық жүйелерге құрылуы.

  4. Төртінші кезең (1980-1990) - үлкен және өте үлкен интегралдық жүйелердің пайда болуы. 1 квадрат см кристал көлеміне жүздеген мың және миллиондаған элементтер сыйдырылды. Компьютерлер миниатюрлі және арзан, қол жетерлік болып, әрбір жұмысшы орынға жеткізілді.

  5. Бесінші кезең (1985-2000) - ақпаратты өңдеу процесінің интеллектуалдандыруына бағытталған. Ол ең алдымен мына жобалар: АҚШ (SCI - "Стратегиялық бағдарламалық бастама"), Батыс Еуропа ("ЭВРИКА", "ESPRIT"), Жапония (MITI - бесінші ұрпақ жобасы ЭЕМ), КСРО ("Старт").

Компьютерлік төңкерісте ЭЕМ-ның аппаратурасының ілгерлеуі мен бағдарламалық қамтуынан өзге ЭЕМ-ның коммуникациялық құралдары (Интернет, Интранет) өте үлкен рөл атқарды. Байланыс құралдары - бұқаралық ақпарат таратудың және мемлекеттік басқару жүйесінің барлық деңгейін ақпарат ағынымен қамтамасыз етудің күшті құралы. Компьютерлік төңкерістің салдарына ақпарат ағынының көшкініндей сипатталатын "ақпараттық жарылысты" жатқызуға болады. Құрылымдандырылмаған ауқымды ақпарат көлемін автоматты түрде кабылдауға, жіберуге қабілетті ірі көлемді ақпараттық жүйені қалыптастыру (Интернет, БАҚ, кітапханалар және т.б.) көптеген елдердің ұлттық бағдарламаларының шеңберіндегі компьютерлік төңкерістің стратегиялық бағыты болып табылады.

Кейбір зерттеушілер компьютерлік төңкерісті бірнеше кезеңге бөледі: Бірінші кезең - сандық, ол жеке компьютерді бұқаралық қылды және оны миллиондаған адамдардың меңгеруіне жағдай жасады. Екінші кезеңде басқару мен бизнестің басқару жүйелеріне автоматтандырылған жүйелерді енгізумен сипатталатын компьютерді қолданудың сапалық жағына ауысты. Интернеттің таралуы салдарынан әлемге терезе кеңінен ашыла бастады (Интернет, интернет-экономика, қашықтан оқыту және өздігінен білім алу және т.б.), ұжымдық жұмыс құралына айналды (интернет-мәжілістер, үлестірілген зерттеулер, өндірістер және т.б.).

Алдағы бірнеше жылда ЭЕМ процессорларын жасау 10 гигагерц шамасынан асады, тұтынушылардың жұмыс столдарында 1990-шы жылдардың интеллектуалды интерфейсімен (тұтынушының "бет бейнесін ажырату" және даусынан тану) және жайпақ мониторы бар суперкомпьютердің сымсыз баламасы тұрады. Одан кейін бізді компьютерлік әлемде кванттық төңкеріс күтіп тұрған болуы мүмкін, оның сандық және сапалық салдарын бүгінгі күні болжау қиын. Өркениет жетістіктерінің тең жартысы соңғы жарты ғасыр еншісінде, оны тікелей осы компьютерлік төңкерістің салдары деп қорытынды жасауға негіз бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]