Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

9. Гутенбергтің баспа ісіне қосқан үлесін баяндаңыз.

Иоганн Гутенберг (1394-1399 жылдаршамасы - 03.02.1468ж.) -немісөнертапқышы, жылжымалықұймаәріптібаспа станогынныңеуропалықәдісін ойлап тауып,әлемдеалғашқы болыпбаспахананегізін қалады.

Иоганн Гутенберг шамамен 1394-1399жылдар аралығындаМайнцқаласында,ақсүйектұқымы Генсфлейш отбасында туған, алайда әкесінің емес анасының ата-тегін алып - Гутенберг болған. Генсфлейш отбасы патрициандықтар (қоғамдық жерлерді билеген ежелгі римдік ру) болғандықтан жергілікті бюргерлермен (қалалық өзін-өзі басқарушы құрылғыда маңызды орын алатын ауқатты ру) болып тұратын ұрыс-керіс салдарынан Майнцқаласынан қоныс аударады.

Іс-әрекеті

Иоганн Гутенберг 1434-1444жылдардыСтрасбургтеөткізеді. Онда ол жартылайасыл тастардыөңдеумен жәнеайнажасаумен айналысады. Осы ісін жәнекоммерциялықнегізде өнермен байланысты жасырын бір ісін жүзеге асыру мақсатындаүлеспұлғанегізделгенсеріктестікұйымдастырады. Бірақ өзінің оқушысы болған Андре Дриценніңмұрагерлеріоған қарсы іс қозғап серіктестік жұмысы тоқтатылады. Осы іс процесіндегі жазбаларда көрсетілген "қорғасын", "пішінін құю", "престеу", "бедерлеу", "басу" деген бейнелі сөздер, Иоганн Гутенбергтің және оның серіктестерінің кітап басу ісіндеэкспериментжасағандарының айғағы болғандай. 15 ғасырдағыдеректеркітапбастыру мерзімінде1440жылды көрсетсе, страсбургтықмағлұматбойынша бұл дерек расталмаған.

Баспа құралының сипаты

1448-1450жылдары Гутенберг Майнцқа қайтақоныс аударып, осы жердестандартқасай және көптеп шығаруға болатын қолмен істелетін әріп құйғыш баспа құралын құрастыруды аяқтайды. Баспа құрал - қаттыштамптыңкөмегімен әріптің таңбасын басатын алынып-салынатын астыңғы жағы бар іші босөзектіметалл. Ол өзекке арнайықорытпақұйылады. Әріп құймасы айнадан көрінетіндей керікескінменбасылып шығады.Ағаштанқұрастырылғанстаноктыңөзі - бір-біріне бетпе-бет келетін екі жалпақтақтайдантұрды; бірінде құйма әріптер тұрса, екіншісі оған қағазды басты. Басар алдында құйма әріптері қолмен боялды. Құйма әріп - еуропалықтехникасыныңтарихындағы алғашқы стандартқа сайтетік.

Гутенберг баспаханасының алғашқы басылымдары

1440жылы Гутенберг алғаш рет "Донаты" (грамматикабойынша көмекші құрал) деп аталатын жиынтық кітапменкүнтізбелердібасып шығарды. Жұмысын алға жылжытып, ісін дамыту үшін Гутенбергке қаражат керек болып Иоганн Фуст дегеннен ақша алады.1450жылы Фуст ақшасын қайтарып алу үшін Гутенбергтісотқабереді, сот процесінде жеңіп шыққан Фустқаөтемақыретіндебаспаханақалады.1450жылдың ортасында сол баспаханада Фуст Гутенбергтің оқушыларының бірі Петер Шеффермен бірге белгілі 42 жолдықБиблия(бір бетке 42 жол сиятын) менПсалтырьдібасып шығарады. Бұл кітаптардың артықшылығы тек осы басылымдар үшін жасалынған ерекшешрифтерменғана емес, сонымен қатар бас әріптері мен кітап шеттерін әшекейлеген екі түсті безендендірілуінде.

Иоганн Гутенбергтің жетістігі

  • - Гутенберг бірінші болып баспа таңбасын алу үшін прессті(қысып тығыздайтын құрал) қолданды.

  • - Баспалық қортпа, гарттың(типография шрифты құюға арналған қорғасын, қалайы және сурьманың қосындысы) және баспалық бояуларқұрамын жетілдірді.

  • - Гутенберг әдісі- жылжымалы және алмастырылатын құйма әріп таңбаларының біркелкіпішініналуға мүмкіндік берді.

  • - Әлемде алғашқы болып баспахананегізін қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]