Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

10. Автормен келісім шарт рәсімдеудің құқықтық аспектілеріне тоқталыңыз.

Автор дегеніміз – шығармашыл адам ол - әдеби, суреттеуші және құрастырушы. Автор, құрастырушы, аудармашы шығармасының корректурасын оқу кезінде шұғыл талапқа не белгілі жаңа қаулы – қарарларға сійкес түпнұсқасына кейбір текст қосқысы келсе, оны баспа – редакция басшыларымен келіседі. Сондай – ақ олар корректураға қатысты – терімі, беттелуі, т.с. жөнінде баспаға, баспаханаға өздерінің талап – тілектерін білдіруге қақылы. Бұларға олар бөлек жазып берулері керек. Автордың, құрастырушының, аудармашы мен титулдық редактордың пікірлерін тыңдап, түзеткендерін қарап, олардың қажеттілігін айқындау. Баспа авторлық және баспалық түзету енгізуді есепке алып отырады. Авторлық түзетуге автордың, құрастырушының, аудармашының, титулдық редактордың корректурада өзіндік жаңа түзетулері жатады. Ал, баспалық түзетуге жетекші редактордың, корретордың, бас редакцияның,суретші және баспалық түзету – белгіленген нормалардан тыс түзетулер үшін төленетін төлем қосымша түзету жасағандар ондай есебінен жүргізіледі. Бірақ, авторлар қауымымен баспа да баспахнаға, басу орындарына белгілі қажетті жағдайда бұрын басылған, матрицалары сақталған туындыларының корректуралық көшірмелеріне қосымша материалғ текст қосуға толық қақылы.

Авторлық құқық дегеніміз – ең алдымен бұл құқықтық термин. Біз оны авторлардың өздерінің әдеби және көркем туындыларына қатысты құқығын сипаттау үшін қолданамыз. Авторлық құқық туындының біршама түрін қамтиды: кітап, музыка, сурет, мүсіндік туынды, фильмнен бастап компьютерлік бағдарлама, мәліметтер базасы, жарнама, карталар мен техникалық сызбаларға дейін.

Авторлық құқық атауларға, ұрандарға немесе логотиптерге қолданылуы да, қолданылмауы да мүмкін. Бұл көбіне авторлық туынды деңгейіне байланысты. Мәселен, атау өте қарапайым болса, авторлық құқық қолданылмайды, ал егер автор ерекше атау немесе логотип ойлап тапса, онда ол белгілі құқықтармен қорғалуы мүмкін. Әдетте атаулар авторлық құқықпен қорғалмайды.

Қазіргі жағдайда баспа ісі мен авторлық құқық төңірегінде нарықтық көзқарас қа­лыптаспай, салада ілгерілеу болмайтыны анық. Бүгінгі таңда авторлық қаламақы мәселесі «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес, автор мен баспа арасында жасалған авторлық келісімшарттың талаптарымен реттеледі. Сол себепті де бұл мәселе негізінен автор мен баспа арасындағы келісімшарттың дұ­рыс түзілуі арқылы шешілуге тиіс. Деген­мен қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мемлекеттік тапсырыс бойын­ша кітаптар шығаруда авторларға қалама­қы төлеу мәселесін түбегейлі шешудің жол­дарын әлі де жан-жақты қарастыру үстінде. Табыс пен шығын «Әдебиеттің әлеуметтік ма­ңыз­­ды түр­ле­рін басып шығару» республи­калық бюджеттік бағ­дар­ламасы шеңберінде жыл сайын 400-ге жуық кітап шыға­рылып, республика кітапхана­ларына тегін тара­ты­лады. Оған 1 мил­лиард теңге қаржы бө­­лі­нуде. Енді осыдан шығарып, бір мысалды талдап көрейік: ми­нистр­лік 27 шартты баспа табақтан тұратын, таралымы 2 мың дана кітапқа 2 млн 700 мың теңге бөледі. Осы со­ма­дан баспахана шығын­да­ры мен по­лиг­рафи­я­лық материал­дар­ға (қа­ғаз, бояу, же­лім т.б) 1 млн 500 мың теңге жұм­са­лады. Бас­палық шығындарға (бе­т­теу, дизайн, редакциялау, түзету) әр баспа та­баққа шама­мен 15 мың теңгеден ал­ған­­да, 405 мың теңге қажет. Көліктік шығын­дар­ға 200 мың теңге жұмсала­ды. Яғни бө­лін­ген қа­ра­­ж­ат­тың 20 пайыздайы бас­паның өзінде қалады. Сондықтан да барлық салық­ты қоса есепте­ген­нің өзінде бас­паның авторлық қала­мақыға көр­се­тілген соманың ең болмаса 10 па­йызын төлеуіне то­лық мүмкіндігі бар. Автор белгілі тақырыпты жазуды жоспарлаған кезде редактордың оған өз идеясын, өз пайымын, талабын, тұжырымын жүктеп, қысым жасауы жөн емес. Бұл арада редактордың жәрдемші, кеңесші рөлін атқарғаны жөн. Жазу тәжірибесі аз жас автор редактордың ықпалынан шыға алмай, жалтақтап, ойлағанын толық жүзеге асыра алмайды. Сөйтіп, сайып келгенде, қолжазба бәрібір сапасыз болып шығады.Редактордың авторға дәйекті көмек көрсеткісі келсе, онда сол автордың шығармасымен мұқият танысып, оның иесіне өз идеясын өрістете түсуге және соны мазмұнды, жүйелі, құнды етіп жеткізуге көмек беруі тиіс. Ол үшін, ең алдымен, редактордың өзінің саяси-идеялық сауатты, жан-жақты танымдық білімді маман қаламгер болуы шарт. Оның ғылым мен техниканың, халық шаруашылығының, мәдениеттің, мемлекеттік саясаттың даму бағыттарымен толық хабардар болғаны жөн. Редактор өмірдегі жаңа құбылыстарды, жаңалықтарды, өзгерістерді көріп-біліп, қадағалап жүретін адам болуға тиісті.Мәтінді кәсіби талдай білу дағдысы өзін-өзі редакциялау барысында да (мәтінін жетілдіру) өте пайдалы. Мұнда да нұсқаларды бағалаудың төмендегідей өлшемдері қолданылады: әдеби формасының материалдың тақырыбына, мақсаты мен адресатына сәйкес келуі.Автор үшін ең күрделісі – мәтіннің тақырыбына қатысты өзіне белгілі барлық мәліметтерді мүлдем назарға алмау. Шын мәнінде, ол жазғанынан көп біледі және жағдайдың нақтылығын мәтінде көрсетілгеннен басқаша көреді. Автордың тақырыппен дәл осы таныстығы оған материалдың мазмұнындағы проблемаларды байқауға, оқырманға негізсіз немесе қатыссыз болып табылатын мәліметтерді көре білуге кедергі жасайды.Өзін-өзі редакциялауға кіріспес бұрын мәтінді белгілі бір уақытқа дейін тығып тастау керек, оны редакторлардың тілінде «суытып алу» (дать отлежаться) деп атайды. Автор мәтіннен біраз уақыт шеттеп, өз мәтінін редактор мен оқырман көзқарасымен қабылдау қасиетіне ие болу мүмкіндігін алады.Шеттеудің бірнеше деңгейлері бар: біріншісі – шеттеудің ең төменгі деңгейі. Соның өзінде автор «суытылған» қолжазбаны қайта қолға алғанда, оған басқаша қарайтын болады. Өзін-өзі редакциялау осы кезеңде жүзеге асырылады. Мұнда автордың материалдан қашықтауы тым шартты түрде ғана болғандықтан, жұмыстың сәттілігі мәтінді бағалау мен түзетудің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты болады.Шеттеудің екінші деңгейі – қолжазбамен редактормен бірлесе жұмыс жасау және ең жоғарғысы – оны жариялау. Бұл кезеңде автор да мәтінді мүлдем басқаша көзбен көреді, алайда, өкінішке орай, оған ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан, өкініп қалмау үшін, автор дайындық кезеңнің өзінде мәтіннің формасы мен мазмұнының түпкі ой мен ойдағы мұратқа барынша сәйкес келуіне ерекше тырысуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізудің жолы біреу ғана: мәтінді кәсіби шеберлікпен талдап, түзете білу дағдысын үнемі дамыту.Редактор – баспа мен газеттегі негізгі тұлға, шығармашылық күш. Ол – автор мен оқырман қауым арасындағы байланыс, қатынасқа дәнекерші. Мұны ол қоғамдық міндеті – баспасөз майданындағы қызметі арқылы жүзеге асырып отырады.Редактор авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға шығармашылық көмек көрсеткенде соңғыға шығарма жазып беруге міндетті емес. Сондай-ақ, оның баспаға, редакцияға қабылданған жұмысты автормен келіспей, өзінше қайта жазуға да қақысы жоқ. Ол тек қолтуманың идеялық-саяси, ғылыми, ұйымдастырушылық, үйлестірушілік мазмұнды тәрбиелік сапасын, тіл-стильдік мәнін, жұмыстың құрылымын және басқа да қырларын жетілдіруші, қырнап ұстаралаушы, ретке келтіруші.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]