Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

6. Балалар әдебиетін редакциялаудағы ерекшеліктерді атаңыз.

Балалар әдебиеті — балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті — сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті — балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар негізінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықтап жазылады. Х.К. Андерсеннің ертегілері, М. Твен, Ж.Верннің романдары, т.б. суреткерлердің шығармалары балаларға арналып жазылған. Д. Дефоның, Дж. Свифтің, В.Скоттың шығармалары балаларға арналып жазылмағанымен, олардың сүйіп оқитын кітаптарына айналған. Балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің де арналы саласы: қазақ балалар әдебиеті. Демек, балалар – ұлт болашағы. Сондықтан олардың дұрыс тәрбие, қажетті ілім – ғылым алуына барынша үлкен назар аударғанымыз жөн. Ал кітап - балалардың жан сарайын байытар нәр. Сол себепті, балалар әдебиетін шығаруда айтылған талаптар сақталуы тиіс.

Балалар әдебиеті – халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Мысалы, «Бесік жыры» - нәресте туғанда, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең. Бұл да ертеден осы кезге дейін сақталып келген балалар әдебиетінің бір нұсқасы. Алғашқы жазба үлгілерін XIX ғасырда қазақ даласына танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші ұстазы, балалар әдебиетінің атасы және оның негізін салушы - Ыбырай Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер – білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды.

Балалар ес білгеннен бастап, белгілі ақпаратты қабылдап, түсіне білуі қажет. Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитерлық бақылау 2 бағытпен асырылады:

  1. Әрбір оқулықтардың басылымын, олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік мамандықтардығ іріктеп тексеруі;

  2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық сараптама жасау үшін, таңдап, іріктеп алу.

Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылаты гигиеналық талаптар, балалардың көз аналитазаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға қолайлығы. Текстің көрінуі қағазбен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлығы – баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің орналасу жаңдайына байланысты болады.

Сонымен, оқулықтардың гигиеналық сипаты – қағаздың, баспаның, рифтің, баспа жиынтығының, форматтың және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады. Оқулықтарға арналған қағаз – баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама – қарсы түстердің жеткілікті болуын қастамасыз ету үшін ақ емес немесе аздап сарғыш түсті болуы қажет. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз бен тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі келтірмейтіндей өте жылтырламауы керек. Кедір – бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді, органикалық лас заттарды өзіне ұстап қалады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы анықталған. №1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық қағаздарға, оқулықтарға №3 типографиялық қағазға және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым салынады. Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қорытындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі – түсті баспа әріптерін қолдануға болады. Оқу процесі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық – педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифттар қолданылуы тиіс.

Азбука әріптерінің әліппе әріптерінен айырмашылығы шрихтары өте жуан және жіңішке әріптер аралықтарының жақын орналасуында. Бірінші сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппелік немесе журналдық кертіктік гарнитурасын алған жөн. Кейінгісі бірініш сыныптан он бірінші сыныпқа дейін арналған оқулықтарға да қолдануға болады. Екінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған оқулықтарға мектептік гарнитура қолданылады. Оның кертіктік гарнитурадан айырмашылығы штрихтарының жіңішкелігінде және әріптердің аяқ жағынан онша анық емес кертік таңбалары болатындығында.

Баспа өнімдеріне қойылатын талаптар:

Баспа өнімдері, электронды оқу басылымдары, мектеп – жазу керек – жарақтары денсаулық үшін қауіпсіз материалдардан дайындалуы тиіс,

Басылымның биологиялық қауіпсіздігін балалардың көру органдарының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес басылымның түріне, бір мезгілде мәтінді оқу көлеміне және пайдаланушының жасына қарай қаріптік рәсімдеу тәсілдерімен айқындалады.

Баспа өнімдерінің, элетронды оқу құралдарының, мектеп – жазу керек – жарақтарының биологиялық, химиялық қауіпсіздігі бойынша талаптар осы техникалық жағынанда қанағаттандырылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]